Неоканттық бағыт ерекшелігі.

Неоканттық бағыт ерекшелігі.

Немістің мәдениет тарихының көрнекі өкілі, философ Вильгельм Дильтей (1833-1911) рух туралы және табиғат туралы ғылымды қарама-қарсы қойды. Тарих объективті дүниені зерттемейді, субъективті ұстанымдарды, мақсатты, жоспарды қарастырады деп пайымдады. Сондықтан түсіндіру әдісін негізге алған жаратылыстану ғылымдарынан айырмашылығы тарих өз алдына түсіну міндетін қояды,яғни интуитивті түрде өткен адамдардың психикасына енуді жүзеге асырады. Ерекше әдіс ретінде жаратылыстану танымында қолданылатын рационалды құралдан айырмашылығын түсіну танымдық құралдың арнайы жиынтығын көрсетеді. Ол «тіршілікке ену», «сезімге ену» және ғылыми тексеруге түспейтін басқа иррационалды әдістермен қол жеткізеді. Өткен күндер мен маңызды оқиғалар туралы әркімнің өз түсінігі болады.

Егер номотеистік бағыт көп жағдайда позитивизммен байланысты болса, идеографиялық бағыттың теориялық алғышарттары бостандық еркі туралы Иммануил Канттың идеяларына қарсы шықты. Неоканттық тарих философиясының ірі өкілдері В.Виндельбанд пен Г.Риккерт тарихи танымның шегін анықтауға тырысты

Вильгельм Виндельбанд (1848-1915) жаратылыстану және тарихты бір-біріне қарама-қарсы қойды. Жалпы заңдарды жасау жаратылыстану міндеттеріне кірсе, жеке фактілерді сипаттау тарихтың еншісіне берілді. Тарихи шындық бірден-бір қайталанбайтын оқиғалар әлемі ретінде көрінді.

Генрих Риккерт (1863-1936) көзқарасы да осыған жақын болды. Тарих – рух туралы ғылымның бір түрі, табиғат туралы білімнен, философиядан да,әлеуметтанудан да айырмашылығы бар идеографиялық білім. Виндельбанд ғылым мен тарих арасында екі айырмашылық бар деп есептеді,- деді Риккерт. Біріншісі, ойды жинақтау және жекелеу арасын көрсетуде, екіншісі – бағалау және бағалау емес ой дифференцияциясында.Оларды жинақтап, ол ғылымды 4 түрге бөлді: бағаламайтын және жинақтайтын., немесе таза жаратылыстану ғылымы., бағаламайтын және жинақталмайтын квазитарих, бағалайтын және жинақтайтын  – квазиғылыми тарихи білімдер, мысалы, әлеуметтану және экономика., бағалайтын және индивидуалдандыратын ғылым немесе тарих.  Сонымен ғылымның 4 түрі біртұтас шкаланы жасайды, оның бір бағыты абстрактылы ойлаудың шегі болса,екіншісі жеке қалпында реалды білімнің шектеулі жағдайы болды.

Риккерт тарихи заңдардың бар екендігін де тарих ғылымының оны түсінуге қабілетті екендігін де жоққа шығарды. Тарих жалпыны емес жекені зерттеуі керек. Сөйтіп неокантшылар тарихи танымды субъективтіліктің шегінен шығаруды көздеген жаңа ілімді жасауға ұмтылды.  Виндельбанд жіктеуінде діни түсінік жоғарғы бағаға ие болды.  Осыдан соң барып екінші орын эстетикалық, этикалық, логикалық құндылықтар болады.

Тарихи-экономикалық бағыт неміс тарихнамасында ХІХ ғ. 70-ші жылдарынан бастап күшейе бастады. Бұл бағыт марксизм бағытына қарама-қарсы – жеке меншіктің мәңгілік екендігін, капитализмнің адамзат дамуының шырқау шегі екендігін дәлелдейтін бағыт ретінде пайда болған болатын.  Бұл бағыттың өкілдері қарама-қайшылығы шырқау шегіне жеткен қоғам үшін ең қажет шара – революция емес, реформалар деп есептеді.  Олар сондай-ақ, капитализмді сақтап қалу үшін белсенді әлеуметтік саясатты жүргізу және экономикалық өмірге мемлекеттіің белсенді араласуы қажет деп есептеді. Олар өз көзқарастарын халық арасында кең насихаттау үшін фашистік партия пайда болған алғашқы жылдарға дейін өз қызметін жалғастырған «Әлеуметтік саясат одағын» 1872 жылы құрды.

Методологиялық тұрғыдан алып қарағанда тарихи-экономикалық бағыт қандай-да бір ортақ даму заңдары бар екендігіне мүлдем қарсы шығып, оның орнына жекелеген әр дәуірлердегі экономикалық-шаруашылықтық фактілерді жинақтаумен айналысты. Бұл тұрғыдан қарастырғанда олар позитивистік бағытқа жақын тұрды. Бұл бағыттың құрамында «жаңа тарихи мектеп», «ескі тарихи мектеп», «саясэкономияның тарихи мектебі» болды. Олардың барлықтары қоғамдағы әлеуметтіік қарама-қарсылықты болдырмау, саяси-экономикалық реформалар жүргізу, революцияны болдырмау бағыттарын ұстанды. Өкілдері: Густав Шмоллер, Луйо Брентано, Карл Бюхер, Георг Фридрих Кнапп.

Тарихи синитез теориясын жасаған белгілі француз философы, әлеуметтанушы Анри Берр (1863-1954) ХІХ ғ. аяғында позитивистік эмпиризмді сынады және тарих пен ғылымның басқа салалары арасындағы алшақтықты жоюға тырысты. Тарих ойды нақтылай түседі дей отырып, оның негізгіміндеті тарихи фактілерді сыни және ғылыми талдауға негізделген синтезде деп білді, ал дамудың басты жолы – дәстүрлі эрудиттік тархнаманы әлеуметтану және философия тарихымен біріктіру. Берр  Тарихи синтезге шолу атты теориялық журнал шығарды. Тарихшыларды, әлеуметтанушыларды, философтарды, экономистерді, этнографтарды, түрліелдердегі жаратылыстану ғылымы өкілдерін біріктірген синтездің халықаралық орталығы Адамзат эволюциясы. «Ұжымдық синтез» атты тарихи монографияның көп томдық сериясын жасады. Берр өзінің басты идеяларын «Тарихи синтез» еңбегінде мазмұндады. Тарихтағы 3 түрлі себептік байланыстарды көрсетті: кездейсоқ фактілер, тұрақты себептер – қажетті фактілер, ішкі рационалды байланыстар – тарихи дамудың логикасын құрайды. Оның даму динамикасын көрсетеді. Ішкі себеп – адамдар әрекетімен теңестіріледі, яғни индивидуалды психика саласымен шектеледі.

XIX ғ. II ж. Англияда тарих ғылымының дамуындағы бірқатар табыстармен ерекшеленді. Ғылымның алға жылжуы ең алдымен тарихи материалдарды көптен басып шығару арқылы мүмкін болды. 1857 ж. Архив қүжаттарының сериясы, ал 1863 ж. бері  қарайғы пайда болған мемлекеттік  қағаздардың реестрі жүйелі түрде басылып шыға бастады. 1859 ж. Архив басқармасы елдің әр түкпірінде жеке адамдардың мұрағаттарында сақталып қалған құжаттар мен материалдарды баспадан шығару үшін XVII ғ. Көрнекі заңгер Селденнің есімі берілген қоғам,ал 1893 ж. Британдық флот және ағылшн теңіздегі саясаты туралы құжаттарды топтастырып,баспадан шыару ісімен айналысатын арнайы қоғам құрылды. 80-ші жылдарда Шотландия тарихы құжаттар,соның ішінде Шотландия құпия кеңесінің хаттамаларын баспадан шығару ісі де басталды.

Ол: «Тарих мен үшін ұлы поэзия болып қала береді. Мен оны рухтың жаңа, мәңгі жаңа жаңалықтарының … керемет үдерісі деп қарастырамын», — деп жазды. Бурхардт тарихшылардың арасында алғашқылардың бірі болып зерттелетін дәуірдің  тұрмысы мен адамгершілік тұрғысын қайта жаңғырту, олардың көрнекі қайраткерлерінің  көзқарасын сипаттау әдісін пайдаланбақ болды.

Оның  тұжырымдамасында Қайта құру дәуіріне негізгі орын берілгенін 1860 ж. жазылған «Қайта құру дәуіріндегі Италияның  мәдениеті» еңбегі дәлелдейді.

Зерттеу шеңберін кеңейту, фактілік материалдарды жинақтау, бірінші кезекке әлеуметтік, экономикалық және мәдени тарихтың мәселелерін қою – позитивистік тарихнаманың жетістіктері болып табылады.  Қарастырылатын кезеңнің тарихи білімі елге жаңа дәуірге ғана бөлінбей, жеке мәселелер бойынша да бөлініп, мамандануы жоғары болды. Салыстырмалы тарихи әдісті жүйелі түрде қолдану, жазба және заттай ескерткіштерді қарқынды түрде талдау айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуді қамтамасыз ете алды. Зерттеу техникасы нығайды. Қосалқы пәндер  — дипломатика, нумизматика, палеография, аралас ғылыми салалар – археология, тарихи география, филология, этнография дамыды.

ХІХ-ХХ ғғ. арасындағы француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) О.Конттың  көптеген пайымдамаларын сынады. Оның ойынша әлеуметтік шындық жеке тұлғалардың әрекетіне ықпал ететін индивидтердің қандай да бір әрекеті. Дюркгейм біржағынан,  әлеуметтік факторлар жеке іс-әрекетке сыртқы түрде болса, екінші жағынан, құнды нормативтік факторлар болып табылады. Әлеуметтік статиканы да, қоғам эволюциясын да қарастырады.

Дюркгеймнің әлеуметтік мектебінің өкілі Франсуа Симиан (1873-1936) тарих пен әлеуметтануды қарсы қойды., тарих ғылым емес, ол ешқашан ғылым бола алмайды, өйткені ғылымның тек жалпымен ісі болады, ал тарих жекемен, бір кезде болған дүниемен байланысты деп түсіндірді.

ХІХ ғ. аяғында нақты тарихи зерттеулермен айналысқан тарихшыларды тарихи білімнің теориялық мәселесі онша қызықтырған жоқ, тек тарихи сын әдісі пайда болған елдерде ғана көңіл бөлінді. Дүниежүзілік тарихнамада неміс тарихшылары жетекші орында болды, тарихқа, өткен күндерге пән ретінде қарады. Сондықтан, ХҮІІІ ғ. авторларын «партиялылығы» үшін, яғни, қандай да бір жақтың, топтың идеялық-саяси бағытын ашық түрде қабылдағаны үшін сынады.

Алайда, бұл кезде позитивизмді сынау да көбейді, жаратылыстанудан тарихи танымды бөліп алу нығайып, қорытындылардың объективтілігі шектеулі болса да, оның ғылыми мәртебесін қорғау куерек болды.

Бұл мәселе туралы алауыздықтар ХІХ ғ. 90 жж. немістің көптеген көрнекі тарихшылары қатысқан методологиялық пікір-таласта айқын көрінді. Оны бастаған Карл Лампрехттің қақпайласу мақалаларында кең түрде ашық сыналды. Ол 1897 ж. ғылымның мақсаты жеке бөлімдермен жұмыс істеп, фактілерді тізу емес деді. Біз табиғатты бақылаған сияқты,тарихты бақылау жасап, жалпы ұғым жүйесіне ғылым көптеген фактілерді келтіруі қажетдеп есептеді. Бұл анықтама басқа басқа ғылымдармен бірге тарихта да қолданылды. Лампрехт тарихи үрдістің факторы ретінде кездейсоқтық пен бостандықты мойындағанымен, тарихи зерттеулерде себептерді эмпирикалық түрде белгілеу мүмкн емес деп есептеді. Лампрехт өзін тарихшы-психолог деп есептеді, кез-келген  әрекет психологиялық жағдайға байланысты, ал іс жүзінде әңгіме жеке психология емес, әлеуметтік психология туралы болады,өйткені ол әлеуметтік санадағы өзгерістерді түсіндіре алады. Бұл өзерістерді ол қатаң схемаға салды, онда қоғамдық өмірге әсері тұрғысынан жеке адам, ұлттық айырмашылықтар мойындалмады.

Табиғат туралы ғылым және мәдениет туралы ғылымның ерекшелігі мәселесін айта келіп, тарихты пікір таластағының ішіндегі маңыздысы деп санады. Табиғат туралы ғылымдар номотеистік және жинақтайтын заңдар деп белгіленсе, мәдениет туралы ғылымдар идеографиялық (сипаттама) және индивидуалдандыратын (жеке) деп қарастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *