Мифтік сана.

Ежелгі дүние тарихнамасының жалпы мінездемесі. Мифтік сана. Эпостық тарихи түсінік. «Аңыз шығармашылығы адамзаттың мәдени өмірінің маңызды құбылысы, бұл құбылыс оның рухыни өмірін ондаған, тіпті жүздеген мың жыл бойына бағыттап отырады»,– деп атап көрсетеді ежелгі дәуір мифтерінің зерттеушісі И.М. Дьяконов (Дьяконов И.М. Предисловие. – В кн.: Мифология древнего мира. – М.: 1977. – С. 9).

Тіпті антикалық тарихшы Тациттің дәуірінде мойындалған «ақыл-ой» ырымдарға тез сенеді. ХҮІІІ ғ. зерттеушісі Х.Г. Гейнс «барлық аңыздардың негізі – құбылыстардың себебін білмеу болып табылады»,– деді.

Сонымен архаикалық сананың маңызды  сипаты табиғи және қоғамдық өмірдің құбылыстарын құдайлар мен ұлы күштердің әрекетімен түсіндіру болып табылады. Нақ осылар көне діндер мен аңыздардың әрекет жасаушы кейіпкерлері.

Шығыстың құлиеленушілік қоғамының тарихнамасы. Ежелгі дүниеде тарихтың оқытылуы. Ежелгі дүние тарихнамасының жалпы мінездемесі. Шығыстың құлиеленушілік қоғамының тарихнамасы. Ежелгі Египеттегі Ү династия уақытындағы Палермдік тастағы жазбалар. Бізге жеткен ең көне тарихи жазба египеттік «Палерм тасындағы» жылнама. Ол Б.З.Б. ХХҮ ғасырда пайда болды. Онда Египетті 600-700 жыл бойына билеп тұрған патшалар туралы жазылған. «Палерм тасы» пайда болғаннан кейін 2000 жыл өткен соң Геродот өз елінің тарихын египеттіктерден артық ешкім білмейді деген баға берген.

Шумер Аккад кезеңіндегі Көне өсиет – ежелгі еврейлік шығармалардың мифологиялық, діни және тарихи мазмұндағы жинағы.

Гректердің тарихи ойлары мен әдебиетінің пайда болуы. Тарихи білімнің сипаттары Б.З.Б. ҮІ-Ү ғғ. грек жазушыларына да тән. Геродотқа дейінгі жазушылар өз әңгімелеріне тек мифтік аңыздар ғана емес, сондай-ақ, байлардың үйлері мен храмдарында сақталған жазба құжаттардың да мәліметтерін келтіреді. Алайда, бұл жазушылар тарихи оқиғаларды бір-бірімен байланыстыра алған жоқ. Дегенмен, «История – Тарих» сөзі оосы жазушылардың кезінен бастап пайда болып, қолданысқа енді.

Ионикалық полистер – ежелгі грек тарихнамасының отаны. Милеттен шыққан Гекатей және Дионисий, оның рационалистік аргументациясы, әлемнің әмбебаптық картасы идеясы және этнографиялық экскурсиялар. Лапсактан шыққан Харон. Геродот және тарихи процесстерге жаңа көзқарас.  Тарихи білімнің сипаттары Б.З.Б. ҮІ-Ү ғғ. грек жазушыларына да тән. Геродотқа дейінгі жазушылар өз әңгімелеріне тек мифтік аңыздар ғана емес, сондай-ақ, байлардың үйлері мен храмдарында сақталған жазба құжаттардың да мәліметтерін келтіреді. Алайда, бұл жазушылар тарихи оқиғаларды бір-бірімен байланыстыра алған жоқ. Дегенмен, «История – Тарих» сөзі оосы жазушылардың кезінен бастап пайда болып, қолданысқа енді.

Геродоттың «Тарихы» (Б.З.Б. 490 және 480 жылдардан 430- және 424 жылдарға дейін) өз дәуірінің тарихи, географиялық және этнографиялық білімдерін жинақтап, оны бұрынғыдан жоғары дәрежеге көтерді. Бірақ, бұл кездегі Геродоттың пікіріне әлі де болса, ескі мифологиялық түсініктер ықпал етті. Осыған байланысты, «Тарихта» өткен оқиғалардың себебі онша ашылмай, олардың барлығы тағдырдың жазуы деп түсіндірілді.

Геродот билеушілердің артықшылығы мен кемшіліктеріне үнемі баға беріп отырып, тарихи оқиғалардың болу себебін үнемі соларға тәуелді деп қарастырды, сөйтіп, бірте-бірте тарихи оқиғаларды сынау деңгейіне көтерілді. Мысалы, ол Гераклдың Египетте құдайға құрбандық шалуға әрекеттенуі де өтірік, себебі бұл мифті жазған эллиндіктердің өздері Египеттің салт-дәстүрін білмейді, – деді. Египетте болған Геродот Египет дінінің адам құрбандығын талап етпейтіндігін жақсы білген.

Геродот, сондай-ақ, скифтердің пайда болуына да сыни көзбен қарап, олардың Азиядан келіп, киммериялықтардың жерін басып алғандығы туралы мәліметке көп ден қойған. Геродот мына сөздердің авторы: «Мен өз естігендерімді жеткізуге міндеттімін, алайда барлығына сенуге міндетті емеспін».

Антикалық дәуірдің өзінде-ақ Геродот тарихтың атасы деген атаққа ие болған. Өйткені Геродоттан бұрын грек-парсы соғыстарының тұтас дәуірі туралы ешкім де өзара байланысты, жүйелі және жан-жақты тарихи суретін жасаған емес еді. Геродот «Тарихы» – тарихтық және жағрафиялық білімдердің энциклопедиясы. Платон және Аристотель философиясы, олардың антикалық тарихтың құрылуына ықпалы. Фукидид және «Прагматикалық» тарихнаманың қалыптасуы. Пелопонесс соғысының сипаттамасы болған «Тарих» деген айтулы еңбектің авторы Фукидид (Б.З.Б 460-400 жж. шамасында) мифтерді сынауда Геродоттан әлдеқайда озып түсті. Фукидид өзінің шығармасында мысалдар жоқ болғандықтан, оқылуы ауыр болуы мүмкін, алайда шындықты білгісі келгендер үшін әлдеқайда пайдалы деп жазды. Фукидидті прагматикалық тарихнаманың негізін қалаушы деп айтуға болады. Прагматикалық тарихнама оқиғаларға сипаттама беріп қоюмен ғана шектелмейді, оның себептерін де іздестіреді. Фукидид тарихты құдайлар ғана емес, адамдар жасаған деген сенімде нық тұрған. Ал ,адам табиғаты өзгермейтін болғандықтан, олардың мақсаты, арманы т.б әр дәуірде де бірдей болмақ, яғни Фукидидтің адам табиғатының ерекшелігіне орай қазір болып жатқан оқиғалардың келешекте де қайталанатындығына көзі жетеді. Сондықтан тарихтың міндеті – саяси қайраткерге ақыл үйрету. Прагматикалық тарихнама – ақыл-кеңес беретін тарихнама. Оның мағынасын мына бір қанатты сөзбен жеткізуге болады: «History is magistra vitae» (тарих- өмірдің дәріскері). Өз еңбегін әскери тарихқа арнай отырып, Фукидид жеңістер мен сәтсіздіктердің себебін анықтауға, түсіндіруге ұмтылады. Ол халық санының басымдылығына, олардың байлық деңгейіне ақша қаражатына, саудасына, теңізде жүзуіне әжептеуір роль береді. Экономикалық факторларға үлкен мән бермесе де, оларға назар аударып, болашақтағы тарихнамалық еңбектерге негіз жасайды. Сондай-ақ, Фукидид соғыстағы теңіз флотының ролі туралы алғаш рет сөз қозғайды.

Эфордың «Грецияның жалпы тарихы». Полибий тарихы және эллинистік дәстүрлердің Римге енуі. Аристотельден кейінгі кезең тарихшыларының ішінде антикалық дәуірдің әлем тарихнамасында алатын орнына ерекше үлес қосқан тарихшы – Полибий (шамамен Б.З.Б.  200-120 жж.). Полибийдің еңбегі «Жалпы тарих» деп аталады. Бұрынғы кезеңде, – деп жазды ол, – оқиғалар жеке-жеке дамитын. Олардың әрқайсысының өзінің дербес орны, ерекше мақсаты мен соңы болатын. Рим мемлекетінің күшеюі кезінде барлық оқиғалар күшпен бір жаққа қарай бағытталды, бір мақсатқа бағындырылды. Қазіргі кезде барлық адамзаттың тұтас әлемнің бар болғаны небәрі 53 жылдың ішінде неге римляндықтарға толық бағынғанын түсінгісі келетіні түсінікті деп есептеді ол.

Посейдоний және Диодор Сицилийский. Тит Ливий және дәстүрлік Рим тарихының қалыптасуы. Тит Ливийдің біртұтас Рим туралы тарихты жазуы: 142 кітаптан тұратын «Қала салынғаннан бері қарайғы Римнің тарихы». Тит Ливийдің деректерінің кемшіліктері.

Плутарх және оның еңбегі. Дион Касий және оның «Рим тарихы». Латындық прозасында жазылған алғашқы тарихи шығарма ретінде Марк Катонның «Бастауы». Оның саяси және әскери тарихты оған қатысушылардың тұлғасы арқылы сипаттау ерекшеліктері. Публий Корнелий Тациттің (55-120 ж.) «Тарихқа» психологиялық-дидактикалық тұрғыдан қарауы. Тацит еңбектеріндегі пессимизм. Тит Ливийдің ізбасарларының ешқайсысы да оның еңбектерін өзгертуге ұмтылмады. Римдіктер тарихқа қызығушылықтарын жоймағанмен, толығымен оның рамкасы тарылды. Бұл көп жағдайда Рим империясының саяси жағдайлардың негіздеріне байланысты болды. Б.э. І-ғасырдағы тарихи шығармалар оппозициялық Принципат (Ерте империяның) сипатын алғандықтан, биліктен қарсылыққа ұшырасып, олардың ішінен аздаған шығармалары сақталды. тәуелсіз, еркін позицияда тарихты жазу қиын әрі қауіпті болды. замандастарына үлкен әсер еткен дәуір билеушісінің тарихшысы Тиберий Кремуций Кордтың үлгісі болды, ол Брут пен Кассийдің аттарының шығуына байланысты ең соңғы республикандық ретінде өзін-өзі өлтірді, ал оның шығармасы халық алдында өртелді. Осыдан соң, Юлийлер-Клавдийлер династиясының басқаруы құрметіне арналған. Ресми тарихты жазуға, ежелгі оқиғаларды баяндауға (Квинт Курций Руф, «Ұлы Александрдың қайраткерліктері туралы» кітап) немесе тарихи анекдоттар жинауға болды.

Публий Карнелий Тацит (шамамен 55-шам.120) 96 жылы тиран Доминикан өлтіріліп, «есі ауысқан цезарлар» дәуірінің аяқталған кезінен бастап жазды. Аристократтар жанұясынан шыққан Тацит шешендік өнер саласында кең білім алып, оған жас кезінде атақты шешен болуына мүмкіндік берді. Тацит претордың, консулдың, Азиядағы римдік провинцияларда консулдан кейінгінің қызметтерін атқарды. Тумысынан сенаторлық атаққа жатпағанымен, Тацит оның өкілдеріне жақын оппазициялық көңіл-күйде болды.

Тациттық негізгі тарихи еңбектері – «Тарих» (105-111; 14 кітабынан тек 1-4 және 5-ң басы сақталынған) және «Анналлдар» (111 жылдан кейін, 16 кітабынан бізге жеткені 1-6 және 11-16), Августтың өлімінен (14). Доминиканның өлтірілуіне (96) дейінгі Рим империясының өткенін баяндайды. Мемлекеттегі болып жатқан жағдайларға терең пессимистік көзқарас Тациттың шығармаларына тән. Бұл Тацитке үлкен ықпал еткен Саллюстидің шығармаларымен байланыстырады.

Тациттің мақсаты sine ira et studio – ашу-ызасыз және құштарлықсыз жазу. Тацит көп оқиғалардың куәгері болғандықтан, бұл құрылым жеке қайғы мен тәжірбиеден гөрі кіріспеуге ұмтылуға жақынырақ болды. тациттің тарихшы ретінде кінә сезімі – тек император тұсындағы мемлкеттік қызметі үшін ғана емес, сонымен бірге оның азаматтастарының Нерон мен Доминикан императорлары секілді қылмысты жасай алатындығынан болды.

Тациттің пікірінше билікті біртұтас басқару формасы еркіндікке және ізгілік жасаушыларға үнемі қауіп төндіреді. Қауымның Трагедиясы Республиканың құлауы және ол алдын-ала айқын болып отырып, императорлық билік пен еркіндіктің сыйымсыз болуына байланысты болды. Тациттің ойынша, тарихшы ұрпақтарына өткенін, оның қылмыстары мен ұялатындарының бәрін және ретінде шынацы баяндау керек. Сондай-ақ, тирандарға қарсы шығуға қорықпаған азаматтардың да жасаған істерін жария ету.

Мұндай міндеттер «Тарих» пен «Анналлдар» үшін мәліметтерді іріктеп алуға әсер етті. Тацит мемлекеттегі жыл сайынғы өтіп жатқан жағдайларды жазды. Әрбір баяндаудың соңында кемшіліктер, ресми тұлғалардың таңдамаларының, атақты адамдардың өлімдері туралы ескертіледі, іс-жүргізулер мен соттар, табиғи апаттардың тізбектері келтіріледі. Бірақ тарихшы өтіп жатқанның барлығын бағалауға құштарланбай, тек материалдың таңдамалысына назар аударды. Ауқымды империяның және оның провинцияларының өмірі баяндалудан шеткері қалып отырды. Негізгі назар аудару тек Римнің өзіне – императорлық сарайға, жоғарғы әскерге, сенатқа болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *