Ежелгі Грециядағы сот шешендік өнері  

Ежелгі Грециядағы сот шешендік өнері  

 

Сөз ділмарлығының ғылым және риторикалық тәжірибе отаны ретінде Ежелгі Греция болып танылады, шешендік өнерді Египет, Ассития, Вавилон, Үнді елдерінде де таныс болсада. Бірақ көне Грецияда ол тез дамиды, нақ сол жерде риторика теориясынан арнайы ғылым ретінде алғашқы жұмыстар шығады  ( Аристотель, Платон , Горгий, Протагор , Исократ , Фрасимах  және т.б. жұмыстары).

Неге осы кезеңде (б.д.д.V ғ. – б.д. IV ғ.) осы елде риторика бұрын соңды болмаған жетістіктерге жетті? Оның себебі – елдің демократиялық ерекшелігі мен мемлекеттік құрылымы риториканың көркеюіне қажет жағдайлар жаратты.  Мемлекеттің жоғарғы органы Халық мәжілісі болатын, оған саяси қайраткер тікелей бағынатын. Халықтың көңілін өзіне аудару үшін шешен өзінің идеяларына әсерлі түр беруі керек, өзінің қарсыласының дәлелдемелерін жоққа шығара отырып. Өз кезегінде Горгий – сот шешендігінің теоретигі және тәжірибешісі айтқан сөздері: «Сөз дегеніміз ұлы билеуші, өзінің кішкентай және көзге көрінбейтін түріне қарамай керемет істерді атқарады» (көне поэтика). Ол қорқыныш әкелуші, қайғыны жоюшы, қуаныш әкелуші де. 

 Шешендік өнердің көптеген сұрақтары Ежелгі Греция шешендерінің теориялық жұмыстарында бірінші рет қаралған: сөздің нанымдылығы (сенімділігі), шешен міндеттері, сөз классификациясы, сөз композициясы және басқалары.  Аристотель риториканы көз жеткізу білу өнері ретінде анықтаған, сондықтан да ол нақты шындық жеткіліксіз болған және болмаған да жағдайларда да қолданылған.

Ежелгі Грецияда көптеген риторикалық трактаттардан басқа шешендік өнерге профессионалды түрде оқытатын белгілі Горгий және Исократ мектептері пайда болды.

Ежелгі гректердің пікірі бойынша шешен міндеті үш жақты: 1) түсіндіру, 2) оятушы (қозғаушы), 3) қанағат алып келу.  Сөздерді ақылдасуға (саяси), сот және мадақтау түрлеріне бөлу де осы кезеңге жатады. Сөз композициясыда бірінші рет Платон еңбектерінде кездеседі: «Әрбір сөз тірі зат секілді құрастырылу қажет. Оның да денесінің басы мен аяғы болуы керек, денесі мен аяғы бір-біріне сай, бүтінге ұқсас болуы қажет» (Көне поэтика).

Осыдан келіп сөзді кіріспе, дәлелдемелерді баяндау, шындыққа жанасатын қорытынды ретінде бөлеміз.  

Көне Грекияда сот тілі ең көп таралған жанр болды, саяси және салтанатты сөздер сот тілі үшін үлгі болып танылды.

  Айыптаушы ретінде кез-келген адам сөзге шыққан, сол себепті айыпталушы өзін-өзі қорғайтын болған.  Айыптаушының сөздері айыптаудың арызда көрсетілген түсініксіз жайттарын нақтылауға алып келген,  нәтижесінде айыптаудың дерексіз жайттары қайта құрастыру жолдарымен «дәлелденеді».  Сот құрамының көптігімен ерекшеленетін. Афина өкілетті алқалы соты (гелиэя) 501 сот құрамымен қылмыстық істерді қараған.  Шындығында да айыпталушы өзінің кінәлі емес екендігін дәлелдеу орнына аянышты халге түсіп өзінің жағына шығаруға тырысқан.   Ешқандай да логикалық дәлелдерге үміттенбей-ақ, ол кез-келген тәсілмен сезімге әсер етуші болған. Осы мақсатта әр түрлі тәсілдер қолданылды.  Егер айыпталушының отбасы балса, онда ол балаларын алып келіп олардың әкесін есіркесін, аясын деп жалынған; егер айыпталушы әскер адам болса, онда ол кеудесіндегі соғыстан алған жарақаттарының орнын көрсеткен; егер айыпталушы ақын болса, онда ол өзінің өлеңдерін оқып өнерін көрсеткен. 

Сонымен, Ежелгі Афинада шатасқан сот құқығында соттасу онай болған жоқ, өйткені ол жерде барлығында тыңдарманды өзіне қарататын сөз өнері болған жоқ. Айтушының тағдыры тыңдаушы-соттарды өзінің айыпты емес екендігіне қаншалықты сендіруінде болды.  Соттардың дарыны бұл өздерінің қол астындағыларға жеңіс әперу және тыңдармандарды қандай да жағдайда, дұрыс немесе дұрыс емес істе де жаулап алу еді. Сол себепті шешендік дарыны бар, тәжірибелі адамдардың көмегіне сүйенген. Бұл адамдар істің барысымен танысып, ақы үшін клиенттерге сөз дайындаған, ал олар оны жаттап сотта айтқан. Ондай құрастырушыларды логографтар деп атаған. Логографтың жағдайы мәз болған жоқ, өйткені ол өзінің автор екендігін жасырып, клиент стилімен жазатын болған. Оның сөздері жәй, тәжірибесіз адамның аузында табиғи болуы керек. Ереже бойынша, шешеннің мақсаты ол дауласу затын жоғары көтеру немесе жәбірлеу, оны тек өзіне керекті жағынан ғана көрсету. Ежелгі Грецияның белгілі логографтары, сондай-ақ сот шешендері – бұл Дeмocфeн, Лисий, Коракс, Исократ. Лисийдің дайындаған (б.э. 445-380 жж.) соттық сөз ділмарлығы өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті. Сот сөзінің негізін құраушы (қорғаушы) 400 сөз жазған, оның 34 қана сақталған. Лисий сөздерінің басты жеңісі клиент образының, мінез-құлқының шындық түрінде жасалуында болды. Әрбір сөзге шығушы ол өзінің жәй адам, адал екендігін, мемлекет алдында еңбектерінің бар екендігн айтқан. Сондықтан, олардың сөздерінің тілі «жәй стилдің» классикалық үлгісі ретінде көрсетілген. Лисийдің ең жақсы көретін тәсілдерінің бірі – типтендіру тәсілі, анықтаушы мақсатты бағытпен қолданатын – қарсыласты соттағы қаралып жатқан ісі бойынша ғана емес, сондай-ақ жеке өмірін, шығу тегін де қаралау. «Агоратқа қарсы» сөзінде Агораттың жағымсыз мінездерінің фактісі ретінде ұдайылылық (тиянақтылық) көрсетіледі, ол айыптаушы жақтың дәлелдемелерін күшейтеді: «… Бұл құрметті адамдар қандай, бұлардың бір бөлігін Агорат өлімге алып келді, бір бөлігін отанынан қашуға жеткізді, оның өзі қандай адам? Сіздердің білулеріңіз керек ол құл, құлдардан шыққан, бұндай нұқсанды, зиянды қандай адам келтіріп отыр. Оның әкесі Евмар, ал Евмар Никокл мен Антиклдің құлы болған… Сондай-ақ ол өзінің шыққан тегіне қарамай заңсыз байланыстар жасап және адамдардың бос әйелдерін азғырып, алдап-арбаған, сөйтіп қылмыс үстінде ұсталған, ол үшін өлім жазасы беріледі» (Көне поэтика).

Лисий дайындаған барлық сөздердің, сот сөз ділмарлығы ережелеріне жауап беретін, құрылысы болған: 1)кіріспе, оның мақсаты тыңдарманның көңілін аудару; 2)сөзге шығудың мәнісі түсіндіру – оқиғаның барлық жағдайын көрсету, бұл қазіргі заң тәжірибесінде істің фабуласы ретінде анықталады; 3)қарсыластың дәлелдерін өз пайдасына шешу аргументтерімен жоққа шығару. 

Лисийдің дайындаған сөздері Ежелгі Грецияның риторикалық мектептерінде оқытылды, өйткені ол риторикалық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. 

Ежелгі Грецияның сот шешендік өнерін қорытындылай отырып түйгеніміз, қазіргі заманғы заңгерлерге қажетті сол кезеңдердегі шешендік шеберліктің белгілері – қарапайымдылық және мағлұматты баяндаудың ойға қонымдылығы, сөздерді құраудағы қысқалылық және симметриялылығы, әдемі де таңдаулы шешендік тәсілдер – шешендік тілдік образды қалыптастыру үлгісі бола алады. Ежелгі грек кезеңінде сот сөзі жанрының негізі, стиль эталоны, сөз композициясы  қаланған.

 

3.2. Лисий. Эратосфен өлімінің ісі бойынша ақтап шығару сөзі   

(Бұл сөзді Лисий пайдакүнемділікпен Эратосфенді өлтірген

Афина азаматы Евфилетке арнап жазған).

Сот төрелері, егер сіздер өздеріңізді мені соттағандай қарағандарыңызда, мен көп беретін бе едім,  егер сіздер осы жағдайда болғандарыңызда; егер менің ісіме өздеріңіздің ісіңіз секілді қарасаңыздар, онда әрбіріңізді заңда қаралғандай берілген жаза өте жеңіл  екендігі ашындырған болар еді.   Тек қана сіздер ғана емес бүкіл Эллада да келісер еді, өйткені бұл жалғыз қылмыс масқаралылық өте ауыр, бұл қандай да мемлекетте болмасын, қандай да адам болмасын, бай ма кедей ма барлығы осы қылмысы үшін жауапқа тартылу керек.  Сол себепті сіздердің үкімдеріңіз бірауыздан болады деп ойлаймын, және де сіздердің ешқайсыларыңызда менің ісіме немқұрайды қарап, бұндай қылмыскерді жазасыз қалдырып немесе жеңіл жазалау керек деп есептемеймін.   Ал маған, сот төрелері, қалғаны осыны дәлелдеу, өйткені Эратосфен менің әйелімді азғырды, жолдан тайдырды, менің балаларымды масқаралады, қорлады және де мені абройымнан айырды, оған деген менің қастығымның себебі осы ғана, бұл ақша үшін де, пайдақорлық үшін де емес, мен бұны тек заңға сәйкес жазалау үшін істедім

Мен бұның барлығын рет-ретімен айтып өтейін, өйткені менің бостандығым қалай сипаттап жеткізуге байланысты.  Мен үйленіп, әйелімді үйге алып келген кезде өзіме оның қатты қаталдықта емес, сонымен қатар оған ерікте бере бермеу керек деп шештім, оны өзімше бақылап жүрдім.  Ал бала дүниеге келген кезде мен оған бүтіндей сендім, өйткені бала — бұл жұбайлар арасындағы ең мызғымас сенім. Афиндіктер, алғашқы кездерде менің әйелімнен керемет жан болмайтын: ең таңдаулы үй егесі, ұтымды, ынталы, құнтты, ыждағатты. Барлық жаманшылықтар менің анамның өлімінен  басталды. Жерлеу кезінде менің әйелім марқұмды сапарға алып шыққанда, сол жерде ол адам оны көреді.  Содан шамалы уақыт өткен кезде ол менің әйелімді азғыра бастады: базарға зат сатып алуға барған қызмеші әйелді аңдып, сол арқылы әйеліме сөз салып дегеніне жетті. 

Сот төрелері, менің үйім екі қабатты, жоғарыда әйелдерге арналған, төменде ерлерге арналған бөлмелер бірдей орналасқан. Бізде сәби дүниеге келген кезде оны көкірегімен емізе бастады, сол себепті әр уақытта түсіп шыға бермес үшін, мен екінші қабатқа орналасып, ал әйелдер төменгі қабатқа орналасты. Сөйтіп әйелім  баланы жұбату үшін немесе емізуге төменге жиі түсетін болды. Бұл ұзақ уақытқа созылды, мен жаманшылық болады деп ешқашанда сезіктенбеппін; мен бұрынғысынша әйелімді қаладағы ең адал әйел ретінде санадым. 

Бірде мен күтпеген жерден ауылдан қайттым. Кешкі тамақтан кейін бала бақырып жылай бастады: өйткені кейін анықтағанымыздай, қызметші әйел әдейі жылатқан, себебі ол адам сол кезде үйде болған.  Мен әйеліме төмен түсіп баланы жыламас үшін баланы емізуді сұрадым. Ол менің келгеніме қуанышты және зеріккенін айтып төменге түсуден бас тарта бастады.  Мен ашулана айтқанды орындау керектігін айттым, ал ол болса маған: «Бұл саған қызметшімен шолжаңдау үшін қажет. Сен бұрын да ішіп алып оған тиіскенсің» деді.  Мен оған жауап ретінде күлдім, ал ол орнынан тұрды да, ойнағансып есікті құлыптап, кілтті өзімен алып кетті. Мен бұған ешқандай мән берместен қатты ұйықтап қалдым, өйткені жолдан шаршап келген болатынмын.    Таңертең әйелім оралып есікті ашты. Мен одан түнде неге төменде есіктер сықырлады деп сұрадым, ол баланың бөлмесіндегі жарық сөніп қалыпты, сол себептен көршілерден от сұрауға тура келді деді. Мен солай болған шығар деп үндемедім. Ағасының қайтыс болғанына бір ай уақыт өтпесе де, мен оның  боянып алғанын көрдім.  Мен бірақ бұған да үндеместен үйден кеттім. 

Біраз уақыт өткеннен кейін,- менің басыма келген жаманшылықтан хабарсызбын, — маған белгісіз қария әйел келді.  Енді маған өсектер жете бастады: Бұл әйелді маған Эратосфен азғырған, еліктірген әйел жіберген, оған аз барып жүргеніне жәбірленген, қорлық санаған ол оны аңдып себебін түсінгеннен кейін жіберіп отыр.  Осы әйел мені үйімнің жанында күтіп маған мынаны айтты: «Евфилет, өсекші болғым келмейді, бірақ сені және сенің әйеліңнің масқарасын шығарып жүрген адам маған да менің ханымның да жауы. Егер сен базарға барып жүрген үй қызмешіңді жақсылап тергесең, оның барлығына көзің жетеді. Эиден келген Эратосфенді айтамын, ол сенің әйеліңді азғырды, жолдан тайдырды, оған дейін қаншасы болған. Ол бұл тірлікте шебер».  Осыны айтып ол кетіп қалды, ал бұл маған найзағай секілді, сөйтіп мен  бұрынғы күдікті дегендердің барлығын есіме түсірдім,- мені жатын бөлмесіне құлттап кеткені, түнде сыртқы және ішкі есіктердің сықырлануы, бұрын ешқашан болмаған, әйелімнің бетіндегі бояу, -мен көп есіме түсірген сайын, өзімнің күдіктерім растала бастады.

Үйге келіп мен қызмешіге базарға барамыздеп, оны өзімнің таныстарыма апарып, оған менің үйімде не болып жатқанынан хабардар екенімді айттым. Мен оған екеуінің біреуін таңдауды ұсындым: өтірік айтып жазаланасың немесе шындықты айтып кешірім аласың. Ол маған ештеңе білмейтінін айтып ақтала бастағанда, мен оған Эратосфеннің атын атағанда, оның менің әйеліме келіп жүргенін айтқанда, ол мені барлығын біледі екен деп қорықты. Сол кезде ол менің аяғыма жығылып, менің уәдемді алып барлық уақиғаны айтып берді: Жерлеуден кейін Эратосфеннің келгенін, кейін бикесіне оның сөздерін жеткізгенін, оның оған ергенін, мен ауылда жүргенде кездескендерін, оның анасымен храмға барғандарын жеткізді. Мен оны тыңдап, былай дедім: «Бұл туралы ешкімге айтушы болма, енді сен маған оларды ұстап беруге көмектесесің, маған дәлелдер керек»,-дедім. Сөйтіп үй қызметшісі келісті.

Арада төрт – бес күн өткенде мен барлық дәлелдер таптым. Сол күні күн батқаннан кейін мен көшеден өзімнің ауылдан қайтқан досым Состратты кездестірдім, Сөйтіп оның үйінде тамақтанатын ештеңе жоқ екенін біліп үйге шақырдым. Біз үйге келіп,жоғары көтеріліп тамақтандық, содан ол рахметін айтып үйіне қайтты, ал мен ұйықтауға жаттым. Осы кезде Эратосфен келеді; қызмеші мені оятып оның келгенін айтты. Оны есікті күзетуге қалдырып өзім төмен түсіп достарым мен таныстарымды шақыруға кеттім. Соларды жинап, үйімнің жанында алау жағып қызмеші ашып қойған есіктен кірдік. 

Жатын бөлмесіне баратын есікті бұзып, оны менің әйеліммен төсекте ұстадық: бірінші кіргендер оларды жатқан жерінде; кейінгі кіргендер оның төсекте жалаңаш тұрғанын көрді. Жұдырықпен аяғынан құлатып, қайырып, қолын арқасына қайырып менің үйіме қалай кіргенін сұрадым. Ол өзінің кінәсін мойындаған да жоқ, тек қана жылап өлтірмеуін және ақша ұсынды. Мен оған: «Сені мен өлтірмеймін, сен бұзған заң, сен оны өзіңнің қанағаттануың үшін пайдаландың. Сен менің әйеліме, менің балаларыма, маған қарсы қылмыс жасадың, заңдарды сақтаудың және адал азамат болудың орнына». Сот билері, ол сондай қылмыскерлермен заң қалай қараса сондай жаза алды деп ойлаймын. Менің айыптаушыларым айтқандай, оны менің үйіме көшеден алып келген жоқ; ол менен қорған сұраған жоқ. Ол оны қалай істер еді, егер мен оны жатын бөлмесінде аяғынан ұрып құлатып, қолын байласам, егер ол жерде қаншама адам болған, олардың арасынан қолында қаруы, не таяғы жақ ол ештеңе де істей алмайтын еді. Сот билері, өздеріңіз біліп отырғандай, заң бұзушылар кінәсін мойындамайды, олардың өтірік дәлелдері тыңдаушыларды заң бойынша істегендерге тыңдаушыларды қарсы қою. Мына заңды оқыңыздар (заң оқылады). Сот билері, ол өзінің кінәсін мойындады; оны өлтірмеуді сұрады. Ол ақшамен істі жабуды сұрады, бірақ мен көнгенім жоқ. Мен заңның маңызды екенін есептедім, қылмыстың осы түріне сіздер беретін жаза бойынша жазаладым. Куәгерлердің осында көтерілуін сұраймын. (Куәгерлердің жауаптары оқылды.) Маған Ареопагтың бұйрығымен тасқа қашалған заңды да оқыңыз (Заң оқылады). Сот билері, сіздер тыңдағандай Ареопагтың өзі сол кезде өлтіру қылмыстарын қараған, осы күндері бізге де берілген құқық секілді, егер де кім де кім әйеліңді бұзса, еліктірсе жазасы өлім екенін анық көрсеткен. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *