Арнаулы-тарихи әдістер.

Арнаулы-тарихи әдістер.

 

  Тарихты ғылыми тану әдістерін анықта – тарих методологиясының маңызды қызметі мен міндетінің негізгісі. Тарихты танудың әдістерінің методологиядын дербестігінің салыстырмалылығы. Әдістер – тарихи талдаудың құралы ретінде. Болмысты танудың жалпы методологиялық принциптері, ғылыми танымның жалпы логикалық әдістері, эмпирикалық әдістер, теориялық әдістер. Тарихи таным әдістерін пайдаланудың табыстылығының ғылымның даму деңгейі, зерттеушінің білімділігі, оның әлеуметтік позициясы, салт-дәстүрлер факторларына тәуелді болуы.  Салыстырмалы тарихи әдіс оның тарихи танымды дамытудыағы маңызы: генетикалық бір түбірлес фактілерді салыстыру үшін, әртүрлі кезеңдегі фактілер мен оқиғаларды салыстыру үшін қажетттілігі. Нақты талдау. Оқиғаларды толық нақтылаудың мүмкін еместігі. Логикалық талдау. Логикалық абстракциялаудың тарихи фактінің өзіндік ерекшелігін, оның құрылымын, басқа тарихи оқиғалармен өзара байланысы мен қарым-қатынасын анықтауға жасайтын мүмкіншіліктері. Логикалық талдау әдісін пайдаланудың бірнеше деңгейлік мүмкіндіктері. Логикалық талдау әдісімен жекелеген оқиғалар мен фактілерді талдау кезінде формальды логика әдісін пайдалану. Белгілі-бір кезең немесе дәуір ішіндегі оқиғалар мен тарихи үдерістерді лоникалық талдау кезінде адамзат қоғамының дамуының жалпы, саналуан және ерекше белгілерінің анықталуы. Логикалық талдаудың синтездік танымға өтуі және диалектикалық синтез. Хронологиялық әдіс және оның тарихи фактілерді өзара іштей байланысты тарихи үдеріс тұрғысынан талдауға мүмкіндік беруі. Проблемалық-хронологиялық әдіс. Тарихи мерзімді кезеңдерге бөлу әдісі. Тарихтағы кезең, дәуір, заман  түсініктері. Кезеңдерге бөлудің критерийлерін таңдаудың субъективтілігі мәселесі. Ретроспективалық (қайта жаңғырту) әдіс. Пәнаралық әдістер. Ағартушылық идеологиясы бүтін дүниетанымдық кешен ретінде. Рационализм философиясы. Жаңа эстетикалық және мәдени құндылықтың қалыптасуы. әлемдік бірлік болмысының қалыптасуы.

Француз Ағартуы ағылшын Ағартушылық ой-пікірі мен ағылшын ғылымының үлкен ықпалымен қалыптасты. Алайда, ХҮІІ ғ. ІІ жартысында буржуазиялық революция жүзеге асқан Англияға қарағанда Франциядағы Ағартушылық қозғалыс «ескі тәртіптің» дағдарысының ұлғаюы жағдайында жүзеге асып отырды. Сонымен, ағылшын Ағартуы – революциядан кейінгі, ал француз ағартуы ғасыр соңынд жүзеге асқан Ұлы буржуазиялық революцияны рухани жағынан даярлаған «ақыл-ойдағы» революцияны теңдесі жоқ қуатпен жүзеге асырған Ағарту болып табылады.

Француз Ағартуының авторлары бірнеше онжылдықтар бойына сол кездегі Францияның қоғамдық өмірі туындатқан атақты философтар, жазушылар, публицистер, ғылым адамдары. «Екінші кезектегі» көптеген авторлар ағартудың алыптарының айтқан ой-пікірлерін көпшілікке түсінікті тілде таратумен айналысты. Ағартушылардың идеялары, олардың жасаған құндылықтарының жаңа жүйесі сол кездегі Францияның қоғамдық жүйесіне қарама-қайшы болды. Ағартушылар қоғам адамның табиғаты, одан бөліп алынбас құқығына сәйкес қайта құрылуы керек дегенді дәлелдеді. Олар осы өзгерістердің жақын арада жүзеге асатынына кәміл сенді. Қоғамдық құрылыстың кемшілігіен іздестіре отырып, француз ағартушылары адам тұрмысының негіздерін философиялық тұрғыдан түсініп және сол кездегі қоғамдық тәртіпті сыни талдаумен шұғылданып қана қоймай, өткеннің оқиғаларын да сын тұрғысынан қайта талдауға ұмтылды. Сондықтан, француз ағартушылары тарихқа үлкен көңіл бөліп, ол туралы көп пікірлер айтты. Сол кездегі атақты Дидро мен Д’Аламбердің  «Энциклопедиясының» 60 мыңнан аса мақаласының 6 мыңнан астамы әртүрлі тарихи сюжетке құрылды және бұл сол кездегі қоғамға тән сипат болатын. Осы еңбекте тарихи білімнің негізгі түрлері мен тарихи деректі анықтаудағы жаңа тәсілдер даярланды.

Ағартушылар қызметі өрістеп келе жатқан кезде француз қоғамында тарихқа деген қызығушылық үстем болатын. Тарихты зерттеудегі басым роль эрудиттердің қолында ХҮІІІ ғ. өн бойында болды. Эрудиттердің бенедиктішілер, сондай-ақ, иезуиттер бағыты тарихи құжаттарды жинап, баспадан шығару ісін одан ары қарай жалғастырды. Нақ осы ХҮІІІ ғ.-да ХІХ және ХХ ғ. жалғасын тапқан іргелі көптомдық жинақтарды баспадан шығару ісі пайда болды. Эрудиттер ХҮІІ соңында Ж. Мабильон негізін қалаған дипломатика, палеография, тарихи хронология тәріздес қосалқы пәндердің әдістерін жетілдірді. Тарихқа деген көзқарасына талдау жасайтын болсақ, эрудитер Ағарту дәуірінде де провиденциалистік бағытты ұстанды.

Эрудиттер баспадан өте көп еңбектер шығарып отырды. 1723-1789 жылдары 40 мың кітап баспадан шықса, оның 3370-і тарихи еңбек болды. Сондай-ақ, тарихи сөздіктер үлкен сұранысқа ие болып отырды. Мысалы, 8 томнан тұратын Л. Мореридің «Үлкен тарихи сөздігі» ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. 18 мәрте баспадан шықты.

Тарихшылардың назар аударатын дәстүрлі өрісі антикалық тарих болатын. Алайда, ХҮІІІғ., әсіресе, оның ІІж. Франция тарихына қызығушылық артады. Бұл сол кездегі қоғамдық-саяси дағдарысқа және француз халқының ұлттық санасының өсуіне байланысты болатын. Ғасыр бойына Франция тарихына арналған 60 еңбек жарық көрді және олардың көпшілігі баспадан бірнеше рет шығып отырды.

Көптеген тарихи шығармалар компилятивті сипатта болатын. Оларда басты назар саяси, әскери оқиғаларды, мемлекет басшыларының, әскербасыларының, шіркеу иелерінің қызметін сипаттауға аударылатын. Деректер мен бұрынғы адамдардың шығармаларына сыни емес қатынас жасау көптеген қателіктерге ұрындырып отырды. Көптеген аңыздар мен адам сенгісіз оқиғаларға сенім басым болып отырды. Тарихнама әлі де болса әдебиеттің арнайы саласы емес, көркемсөздің ерекше жанры болып қала берді. Тарихты оқытуды сол кезеңде филология мамандарына тапсыруына осыған дәлел.

Тек ХҮІІІ ғ. ортасында ғана, онда да өте сирек университеттерде тарихтың  арнайы кафедралары құрыла бастады. Осы кезеңнің әдебиетінде «тарих ғылымы» деген түсінік пайда бола бастайды.

Француз ағартушылары адамзат тарихына теологиялық қатынас жасауға алғаш рет қарсы шығушылар еді.

Тарихнамаға рационализмнің аналитикалық әдістерін енгізе отырып, олар тарих әлемін «ұтымдыландырды». Д.Аламбердің «энциклопедияға» үлкен кіріспесінде тарих адам туралы кең ғылымның бір бөлігі ретінде қарастырылады. «Адам тарихы,- деп жазды Д.Аламбер, — не оның іс-әрекетін, не оның білімін зерттейді, яғни ол адамзаттық немесе ғылыми болып табылады».

Француз ағартушының қайраткерлері тарихтың танымдық міндеттерін жаңа тұрғыдан бағалай бастады. Олар оны өте кең бағытта қолдануға ұмтылды.

Тарихтың танымдық мүмкіндіктерін бағалауда ағартушылар ХҮІІғ. ойшылдарының скептецизммен қолданады. Әрине, тарихқа математика мен тәжірбиелік ғылымдардың дәлдігін беру.

Алайда, өте мұқият, жауапкершілікпен орындалған жұмыс, деректерді қатал сынмен талдау жолы арқылы тарихшы өзінің тапқан білімдерінің шынайылығының жоғарғы ықтималдығына қол жеткізе алады деп есептелді. Соңғы қортындығы негізінен Вольтер мойынсұнды.

Француз ағартушылары тарихи дерек мәселесіне де кең мағына берді. А.Д. Люблинская атап көрсеткендей Дидро үшін: «барлық нәрсе тарихи дерек еді: әңгімелеу, жазбалар, актілер, заң кодекстері, кәсіп сипаттамалары және еңбек құралдарының өздері, король кітапханасының каталогтары, теңгелер, рим жолдары, мифология, дәстүрлер, киімдер, мысалдар, сенім-нанымдар, және т.б. т.с.с.»

Француз ағартушыларының тарихи көзқарасының сипатты белгісі – тарихи деректерді сынау мәселесін басты назарда ұстауы. Олар інжіл аңыздарының керемет ғажайыптарының барлығына сенетін ортағасырлық тарихнамаға батыл қарсы шықты.

Ағартушылар эрудиттерінің басылымдарының деректанулық еңбектерімен кең таныс болды және олардың осы саладағы жетістіктерін үнемі ескеріп отырды.

Адамзат тарихында,- деп есептеді ағартушылар, ақыл-оймен түсінуге болатын, заттардың табиғатынан пайда болатын заңдылықтар қызмет етеді. Бұл заңдылықтарды анықтауда ағартушылар адамның өзгермейтін және әмбебаптық табиғаты туралы ілімді басшылыққа алды. Әмбебаптық принципіне сүйене отырып, тарихтың жекелеген адам, ел, халық емес, барлық тайпалар мен халықтарды қамтитын жалпы тарих екендігі туралы түсінікті анықтауға ағартушылар әсіресе, Вольтер; қол жеткізді. Алайда тарихшылардың әмбебаптық принципі олардың қол жеткізген табысының шегі болып қала берді. Олар тарихтан тек универсализмге мысал бола алатын жалпы құбылыстарды ғана іздестірді.

Француз ағартушыларында барлық дәуіріне тән болған процесс идеясы да жарқын көрінеді. Адамзат білімінің дамуы ғана даусыз болып көрінеді. Ал, қоғам өмірінің дамуына келетін болсақ, оның тұрақтылығы күмән келтіреді себебі қоғам дамуында өркениет күйреуі, құлдырауы, тирандық кезеңдерінің болатыны әлдеқашан дәлелденген болатын. Алайда, қоғамның болашағына француз ағартушылары үлкен үмітпен қарап, ақыл-ойдың жеңетіндігіне мүлдем күмән келтірген жоқ. Осыдан кеп француз ағартушыларының тарихтың биік мақсатына сенімділігінің неліктен артатынын түсінуге болады. Философиямен қатар тарих та заңгерлер мен саясаткелердің болашақтың жолын көрсетіп беретін өткен ұрпақтың тәжірибесінің көзі, ақыл-ойды жаңа идеямен ағдататын маңызды құрал ретінде қарастырылды. Оның өзінде олар өздерінің мақсаты әлем тарихының барлық өткенін қайта қарастырып, жаңа тұрғыдан түсініктер құрастыру және тарих ғылымын мазмұны мен міндеттерін анықтау деп білді. Нақ осы аймақта олардың үлестері қомақты болып келеді.

Тарихты мәселелердің қатарында ағартушылардың назарын аударған мәселе – антика тарихы. Өйткені, нақ  осы тарихтан өздерінің бостандық идеяларына дәлел тауып отырған болатын.

Француз және бүкіл Еуропа Ағартуының жарқын бейнесі, философ, жазушы, ақын, драматург, сеньор Мари Франсуа Аруэ Вольтер (1694-1778) – сондай-ақ аса ірі тарихшы – ағартушы болды. тарихпен ол кәсіби тұрғыдан айналысқан болатын.

Ағартушылардың ішінде нақ Вольтер ғана тарих ғылымының жаңғыруы үшін сөз жүзінде де, іс жүзінде де күресіп отырды. Оның басты идеясы – тарихты ағарту философиясымен біріктіру. Тарихтың міндеті тек факторларды жинақтап, оқиғаларды мазмұндап айту ғана емес, сондай-ақ, барлық материалды ақыл-ой тұрғысынан сыни талдау, «философиялық тарихты» жасау болып табылады. А.С.Пушкин Вольтерді «тарихтың қараңғы архивтеріне философияның шырағын алғаш енгізді»,- деп есептеді.

Қазіргі тарихшы маңызды және ұлы құбылыстарды зерттеп сипаттауы тиіс; ол дәстүрлерге, заңдарға, салт-дәстүрге, саудаға, қаржыға, жер өңдеуге, халыққа назар аударуы қажет; әдебиет пен өнерді білу маңызды.

Вольтер тарихтың географиялық шеңберін кеңейтті. Вольтердің әлемдік тарихы – бүкіл адамзат тарихы. Сондықтан да, ол өзінің «Опыт о нравах…» деген еңбегін Қытай мен Үндістанды зерттеуден бастайды.

Вольтер сондай-ақ, айтылып отырған оқиғаның деректердің шынайылығы мәселесіне үлкен мән берді. Басқа ағартушыларға қарағанда Вольтер архивтерге үлкен мән берді. Тарих жаратылыстану заңдарына қарама-қайшы келетін ойдан шығарылған құбылыстарға сенбеуі керек. Көне аңыздар пікірлер тарихына ғана айнала алады.

Вольтер тарихи процесс идеясын негіздеушілердің алғашқысы болды. ол алғашқы қоғамды да, рота ғасырларды да варварлық кезең деп есептеді.

Ескі тәртіпті қатты сынай отырып, Вольтер оны күшпен алмастыруға болмайды деп есептеді. Шаруалар көтерілісінің өте ауыр қиыншылықтан туындағанын білгенімен, ауыр мәселені шешу жолы – көтеріліс емес, білімді монархтың билік басына келуі деп есептеген Вольтер, билік басына философ келуі тиіс деп есептеді.

Жалпы алғанда Вольтердің тарих ғылымның міндеті мен маңызын жаңаша түсінуі, оның тарихнамада көрінуі тарих ғылымының дамуына үлкен ықпал етіп, тарихнаманың дамуында терең із қалдырды.

Француз Ағартуының қайраткері Анн Робер Жак Тюрго айтқан пікірлер Вольтердің көзқарасымен үндес болып келеді. Ол негізінен тарихпен арнайы ешқашан айналысқан жоқ. Ол негізінен физиократтардың теориялық ілімін аяқтаушы еді.

Алайда, Тюрго тарихи-әлеуметтік пікір тарихына қоғамдық процесстің алғашқы тұтас теориясын жасаушы ретінде кірді. Бұл концепциясы Тюргоның «Адамзат санасының өскелең дамуы» еңбегінде былай деп көрсетіледі. «… жер бетіне пайда болғаннан бастап қарастырылған адамзат философтың назарына кез-келген индивидум тәріздес өзінің нәрестелік шағын және даму барысын басынан өткізетін аяқталмайтын тұтас ретінде көрінеді». Тюргоның процесс концепциясы тоқталмайтые шексіз процесс, оны кей-кезде линиялық процесс деп те атайды.

Процесс жолымен дамуды Тюрго жалпы тарихи заң деп есептеді, сондықтан ол барлық кезеңдер бір-бірімен тығыз байланыста болады,- деді ол.

Басқа ағартушылар тәріздес Тюрго да ортағасырларды терең құлдырау дәуірі деп есептеді. Алайда, басқаларға қарағанда Тюрго ортағасырдағы процессті даму элементтерін көре білді. Әсіресе, «механикалық өнер», материалдық өркениет бағытындағы даму айта қаларлықтай.

Негізінен Тюрго Франция ревалюциясы жылдарында дамыған процесс идеясы, яғни тарихи — әлеуметтік ой-пікірдің дамуына үлкен ықпал етті.

Ж.Ж.Руссо (1712-1778) орташа тап өкілі. Ол өз дәуірінің ең терең және қарама-қайшылығы мол ойшыл болып табылады. Руссо тарихпен арнайы айналысқан жоқ; алайда оның көзқарастары тек әлеуметтік-саяси идеяларды ғана емес, тарихи-әлеуметтанулық идеялардың дамуында маңызды дәуір болып саналады. Өз кезеңінің қоғамдық ой-пікірінде Руссо демократиялық, әлеуметтік теңгермешілік бағыттың негізін қалады.

Руссоның тарихи-әлеуметтік қағидаларының басы адамзаттың табиғи жағдайы туралы гипотезадан басталды. Нақ осы кезең ең ұзақ, әрі ең бақытты кезең болып табылады. Ал, жеке меншіктің пайда болуы осы кезеңді аяқтайды. Осындай жағдайда пайда болған қоғам кедей мен байдың арасындағы қарама-қайшылық қоғамы болып қала берді.

Тарихи процесс Руссоның жүйесінде біртұтас, заңды жүйе болып табылады, ол қоғамдық деңгейлердің пайда болуы мен алмасуы материалдық өмірдің дамуына байланысты болып отырды.

Алайда, Вольтерге қарағанда Руссоның процессті сөзсіз пайдалы құбылыс деп қарастырған жоқ. Адамзат қоғамы алға дамыған сайын ол ар-ожданын жоғалта береді деп есептеді. Себебі, адам сияқты қоғам да кәрілікке жетеді деп есептеді. Сондықтан, Руссоның тарихи-әлеуметтанушылық көзқарасына пессимизм тән болады деп қарастыра аламыз. ХҮІІІғ. өң бойында Англияда капитализм шапшаң қарқынмен дамиды.

Ал осы кезеңдегі қоғамдық ой-пікірдің негізгі бағыты Ағарту идеялары болды. бұл идеялар барлық жердегідей шіркеу үстемдігі мен феодолизмге қарсы бағытталған болатын. Алайда, Англиядағы ағарту бәсең сипатта болды.

Ағылшын ағартушыларды әлемді идеялардың басқарып тұрғндығына кәміл сенімді болды. тарихшылар өткеннен болашаққа моральдық ақыл-ой пікірлерін іздеді. Мысалы ағылшын ойшылы Болингброк тарих мысалдар келтіре отырып үйрететін философия деп есептеді. Ал, белгілі философ, әрі тарихшы Д.Юм тарихнама әлеуметтік ғылымдардың заңдарына көрнекі мысал бола алатын фактілардың қоймасы деп есептеді.

ХҮІІІғ. ағылшын тарихнамасында бірқатар ілгері басушылықтар болды. Атап айтқанда, тарихи жұмыстардың тақырыбы кеңейді.

ХҮІІІғ. Германия әртүрлі феодалдық және жартылай феодалдық әлеуметтік-экономикалық қатынастары бар және әртүрлі саяси құрылымдарға негізделген 300-ден аса дербес мемлекеттер мен еркін империалық қалалардан құралды. Аумақтық – мемлекеттік бытыраңқылық пен біртұтас нарықтық болмауы қоғамның алға дамуына басты бөгет болған еді. Сондай-ақ, Германия буржуазиясы өте әлсіз болатын, елді біріктіруге мүлдем шамасы жоқ. Тек өз елінің артта қалып бара жатқанына алаңдаған кейбір билеушілер ғана реформалар жасап, алға ұмтылыс жасады.

Пруссияда мануфактуралық өндіріс шапшаң қарқынмен дамыды, өйткені оның өкілі армия қажетіне керек болған еді. Пруссия буржуазиясының өзі де мемлекет бақылауының қол астында армияға товар сатушы ретінде қалыптасты. Пруссия, Саксония, Гамбургте жүгізілген меркантильдік саясат кәсіпкерлерге қаржы бөлу, салық жеңілдіктерін беру, цехтарға тіркелу міндеттерінен босату түрінде бірқатар көмек берді. Бұл жерлерде алғшқы мемлекеттік айна, тау-кен, кілем, фосфор, оқ-дәрі мануфактуралары пайда болды.

Осы кезеңде орталықтары Вестфалия, Вюртемберг, Пруссия, Саксония, Силезия, Тюрингия болған шашыраңқы мануфактуралар пайда болды. алайда, феодалдық-абсалютастик тәртіп, крепостниктік жүйе өндірістік жұмыс күшінің қалыптасуына бөгет болып келді. Отыз жылдық соғыстан күйзеліп шыққан бюргерлердің капитал қаражаты аз көлемде болып, сондай-ақ, ішкі кеден, ақша типінің әртектілігі, билеушілердің езгісі – капитализмді дамытуға үлкен бөгет болды.

Неміс тарихи ой-пікірінің дамуына рефориация ықпал етті. Теологиялық элементтің үстем болуы тарихи ой-пікірдің ең кері жағын көрсетті. Осымен бір мерзімде филологияныбілуге әуестенушілік, көне мәтіндерді жаттау – деректерді сынауға алып келді, сөйтіп жемісті ғылыми дәстүрдің бастамасы болды.

Германияның бытыраңқылығы оның ойшылдарының ұлттық тұтастық және біртұтас мемлекеттік құқық мәселесіне баса назар аударуына себеп болды. бұл бағыттағы ғылымның атасы Иоган Якоб Мозер болды. ол 400-ден астам еңбек жазып қалдырды. Ол кезеңде тарих қоғам туралы барлық ғылымдар тәріздес біртұтас «мемлекеттік ғылымның» бөлігі ретінде қарастырылып, құқық әсіресе теологияның қоластында дамыды.білімнің жеке саласы ретінде тарихты неміс университеттерінде ХҮІІІғ. бастап қана оқыта бастады, оның өзінде неміс мемлекеттік ғылымының кіріспесі ретінде қарастырылды.

Германияның тарихи ой-пікірлерінің дамуындағы жаңа кезең Ағарту дәуірімен байланысты болды. ағарту идеялары Германияға Франция мен Англиядан енді және жекелеген неміс мемлекеттерінде қарама-қайшылықты күрделі сипат алды. Оның басты ерекшелігі неміс буржуазиясының әлсіздігі нәтижесінде дербес жаңалық ойлап таба алмай, көбіне философиялық, эстетикалық және этикалық бағыттарға назар аударуында еді.

Неміс Ағартуының философтары тарихи процессті идеалистік тұрғыдан түсінді, себебі, оның негізі әлемдегі руханият болып табылады. Алайда, неміс қоғамының шынайы өмірінің артта қалушылығы теория аймағындағы терең ізденістер мен диалектикалық ойлау элементтеріне алып келді. Сол кезеңде дамып келе жатқан механикалық материализм жекелеген құбылыстардың өзара байланыстарын қарастырып үлгере алмады. Ал, немістің идеалистік философиясы болса, «әлем туралы түсінікке, оның дамуы мен адамзаттық дамуына және осы даму процесстерінің адам миындағы көріністеріне» бірқатар өзіндік үлес қоса алды. Ағартушылық бағыттар университеттерде, мектептегі білім беру өрісінде, оқырман қауым арасында басым болды. мемлекеттік бытыраңқылық Германиядағы ағартушылық идеялардың бір емес, бірнеше орталықтарының пайда болуына алып келді.

Тұтас алғанда неміс ағартушылары мемлекеттік саясатқа әсер ете алған жоқ. Алайда, олар батысевропалық Ағартудың мемлекеттік және экономикалық теорияларын Германия өміріне сәйкестендіріп насихаттауға ұмтылды. Сол кезеңде феодалдық-абсалютастик тәртіп пен билеушілер тирандығына қарсы күрестің неғұрлым ыңғайлы формасы буржуазиялық интеллегенция мен либералдық дворяндықты біріктірген және Бавариядағы антифеодалдық төңкерісті даярлаған масон ложасы және иллюминаттар ордені тәріздес құпия ұйымдарды құру болып есептелді. Франция ревалюциясының алдында бұл орденді билік орындары талқандады. Масондардың құрамында неміс Ағартуының ірі қайраткерлері Г.Э.Лессинг, И.Г.Гердер, И.В.Гете болды.

Г.Э.Лессинг Лейбциг университетінің медицина факультеті студенті кезеңінде қолына қалам ұстаған еді, сөйтіп Германияның алғашқы сыншысы мен драматургы даңқын жеңіп алды.

Лессинг ірі тарихи еңбек жазып қалдырған жоқ, алайда оның барлық шығармалары адамзаттың прогрессивті даму идеясына толы болды.

Ағартушылар адамзаттық өркениеттің дамуы жөнінде. В.Р. Мирабоның өркениеттерді анықтауы. Европа және француз Ағартуының жарқын тұлғаларының бірі, философ, жазушы, ақын, драматург және атақты тарихшы-ағартушы Мари Франсуа Аруэ Вольтердің (1694-1778) – өркениеттің тарихы ретінде әлемдік тарихты қарастыруы. Оның негізгі еңбектері «Карл ХІІ-нің тарихы» (1731), «Людовик ХІҮ-нің ғасыры» (1751), «Ұлы Петр дәуіріндегі Ресей» (1759-1763) т.б.

Ағартушылардың ішінде нақ Вольтер тарих ғылымын жандандыру бағытын ұстанды және мұны өз тәжірибесінде жүзеге асырды. Оның негізгі идеясы – тарихты Ағартушылардың идеясымен ұштастыру. Тарихшының мақсаты – фактіні жинап, оқиғаларды мазмұндау ғана емес, бүкіл деректерді пайымдау тұрғысынан ұғыну, «философиялық тарихты» қалыптастыру. Вольтер «тарих филососфиясы» ұғымын қолданысқа енгізді. «Тарихта,– дейді Вольтер,- математика мен физика саласындағыдай кеңістік біршама кең. Бұдан шығатыны Вольтердің ойынша тарихнаманың заттық саласын, оның жаңаруы мен кең өріс алуына жаңа түсінік қажет. Вольтер тарихты географиялық тұрғыдан қарастырды.

Теологиялық ұстанымдардың таралымы және тарихи өрлеу идеяларының рационалды негіздемесі.

Ағылшын ағартушылығындағы Д.Локк идеяларының дамуы. Д.Роландтың, А.Коллинзаның, Д.Гартлидің материалистік философиялық ұстанымдарындағы қоғамдық даму мәселелері. Э.Шефтебери, Б.Мандевильдің, Ф.Хатчесон, А.Смит морализмдері. Ағартушылық дәуірдегі бүтін дүниетанымдық кешеннің еуропалық қоғам ментальділігін тасымалдауды даярлаған француз ағартушылардың аға буыны (М.Ф. Вольтер, Жан-Жак Руссо, Ш. Монтескье). француз философ-материалистері Д. Дидро, Ж. Ламетри, К. Гельвеций, Ж.Д` Аламберлер тарихи даму мен тарихи таным табиғатының сипаты жайлы. Американдық Ағартушылық қоғамдық құрылым қалыптасуының азаматтық сипаты туралы (Д. Отис, Д. Дикинсон, Б. Франклин, Т. Пейн, Т. Джефферсон). Неміс ағартушылық ойының ерекшеліктері. И. Кант және И. Фихте әлеуметтік философиясындағы тарихилық. Ұлттық тарихилық специфика мәселесі құқық тарих мектебінің тұжырымында (Г. Гуго, Г. Пухта), Ф. Листтің, М. Кондерсенің «адамзаттық өркендеудің тарихи келбетін жобалауы». Тарих адамзаттық ақыл ойдың прогрессті даму нысанасы ретінде. Кондорсе өркениет жайында. Кондорсе тұжырымдарындағы өркениеттілік тарих деңгейлігінің түсінігі, олардың кезектелуінің желістік сипаты. А. Фергюсонның «Азаматтық тарих қоғамының очеркіндегі» желістік прогресс тұжырымы. А. Фергюсон «жабайылық-варварлық өркениет» триадасы жайлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *