Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы арқылы жай сөйлем түрлерін оқыту

1-деңгей-репродуктивтік деңгей.

А) Оқушылар төрт топқа «Пазл» әдісі арқылы бөлінген соң, «Веер» әдісі негізінде әр топ  І репродуктивті дейгейлік тапсырманы орындайды. Оқушылар кітапта берілген «Астана» туралы мәтіннің аудионұсқасын тыңдайды. Бірінші топ тыңдалған мәтіннен хабарлы сөйлемді тауып, веерға жазады.  Екінші топ ол сөйлемді сұраулыға айналдырып, веерға жазады. Үшінші топ сұраулы сөйлемді бұйрықтыға, ал төртінші топ бұйрықты сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып, веерға жазады. Мысалы, Астана жылдан-жылға көркейіп келеді. (Хабарлы сөйлем) Астана жылдан-жылға көркейіп келеді ме?(Сұраулы) Астана жылдан-жылға көркейіп келеді! (Лепті). Астана жылдан-жылға көркейту керек! (Бұйрықты).

Б) 1-деңгей-репродуктивтік деңгей. І репродуктивті дейгейлік тапсырманы орындау мақсатында  «Домино-2» әдісі қолданылады. Қатысушылар столды жағалай отырады.

Бірінші қатысушының қолында сабақ тақырыбына қатысты бейнеленген суреттері бар карточкалары болады. Бірінші қатысушы өзінің карточкасындағы суретті хабарлы сөйлеммен жасырып, айтады. Мысалы, Айжанның көңіл-күйі көтеріңкі. Жауабы: эмоция. Келесі оқушы бірінші қатысушының сөйлемін сұраулыға айналдырады. Мысалы, Айжанның көңіл-күйі көтеріңкі ме? Үшінші оқушы екінші оқушының сөйлемін лепті сөйлемге, ал төртінші оқушы сөйлемді бұйрықтыға айналдырады. Осылайша, ойын шеңбер бойымен жалғасады. Мысалы, Айжанның көңіл-күйі көтеріңкі болуға тиіс! Айжан көңіл-күйіңді түсірме! Айжанның көңіл-күйін көтеріңдер!

 

            2-деңгей-алгоритмдік деңгей. 

А) ІІ алгоритмдік деңгей тапсырмасын орындату мақсатында «СМС-хабарлама» әдісі қолданылады. Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондары таратылып, СМС хабарлама арқылы жай сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты түрлеріне кітаптағы тақырыпқа байланысты мысал жазу тапсырылады. Қазақстанның астанасы қай қала?( Сұраулы) Қазақстанның астанасын ата. (Бұйрықты). Қазақстанның астанасы -Нұр-Сұлтан. (Хабарлы). Қазақстанның астанасы үлкен әрі сұлу қала! (Лепті).

 

Б) ІІ алгоритмдік деңгей тапсырмасын орындату мақсатында «Қар үйіндісі» әдісі қолданылады. Алдымен оқушылар кітапта берілген  мәтінді іштей оқып, есте сақтаулары қажет. Бірінші оқушы оқылған мәтінен бір хабарлы сөйлемді айтады да өзі қалаған бір оқушыға қарды лақтырады. Ол оқушы хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып, басқа оқушыға береді. Қарды алған оқушы сұраулы сөйлем сұрағына жауап беріп, бұйрықтыға айналдырады, келесі оқушы бұйрықты сөйлемнен лепті сөйлем құрастырып шығады.

 

            3-деңгей-эвристикалық деңгей.

А)        ІІІ эвристикалық деңгей тапсырмасын орындату мақсатында «Екі түрлі түсіндірмелі күнделік» әдісі қолданылады. Оқушылар бөліктің оң жағына мәтіннен хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті түрлерін теріп жазады. Ал бөліктің сол жағына ол сөйлемдердің қалай жасалғандығын, ережесін түсіндіреді.

 

Сөйлемдер

Түсіндірме

                     Астана жылдан-жылға көркейіп келеді.

Бұл-хабарлы сөйлем. Хабарлы сөйлем дегеніміз, хабарлау, баяндау мақсатында жасалған сөйлем.

 

Б) Эвристикалық деңгей тапсырмасын орындату мақсатында «Бұзық телефон» ойыны ойнатылады. Оқушылар шеңбер құрады. Ойын шартты бойынша бір оқушы хабарлы сөйлемді жанында тұрған оқушының құлағына айттып бастайды.  Хабарлы сөйлем соңғы оқушыға дейін дұрыс жетуі қажет. Мысалы, кеште қыздар ән айтты.

 

            4-деңгей-эвристикалық деңгей. 

 

А) ІІІ шығармашылық деңгей тапсырмасын орындату мақсатында «Терминдер конверті» әдісі пайдаланылады. Ортаға үш оқушы шығып, конвертте жасырылған сөздердің мағынасын басқаларға түсіндіреді. Орындарында отырған оқушылар сол терминдер арқылы хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем құрастырады. Мысалы, демократия, конституция, прагматизм. Хабарлы сөйлем: Қазақстан демократиялық басқару жүйесіндегі зайырлы мемлекет. Сұраулы сөйлем: Қазақстан Республикасының конституциясы қашан қабылданды? Бұйрықты сөйлем: Қазақстан елінің болашақ жастары ретінде біздер де прагматизмге түсуіміз қажет!

Лепті сөйлем: Қазақстан-тәуелсіз ел!

            Б) 4-деңгей-шығармашылық деңгей.        ІV шығармашылық деңгей тапсырмасын орындату мақсатында «Ілмедегі сұрақтар» әдісі қолданылады. Жіпте жай сөйлемнің хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті түрлерінің атауы жазылып тұрады. Оқушылар кезекпен жіпте ілініп тұрған қағазды қиып, онда жазылған жай сөйлемнің түріне мысал келтіреді. Мысалы, балалар циркті тамашалады.

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *