Әдебиеттің халықтығы


Әдебиеттің халықтығы деп шығарманың халықтың тілекмүд десіне толық сәйкес келер идеялықкөркемдік сапасын айтамыз. Шы найы халықтық әдебиет заманның ең озат арманмұраттарын бейнелеп көрсетеді. Шығарма толық мәнінде халықтық сипат алу үшін жазушы сол дәуірдегі қоғамның дамуынан туындап отырған, тарихтың өзі алға қойған ең көкейкесті мәселелерді толғай білуі және оларды халықтың көзімен қарап, түсініп, көркемдеп баяндап беруі шарт. Әдеби шы ғарманың халықтық сипатын арттыра түсетін маңызды ерекше  лік – оның қалың қауымның, оқушы жұртшылықтың ойсанасына жана сымдылығы, ұғымтүсінігіне жақындығы, өмір құбылыстарын бейнелеу шеберлігінің мейлінше қарапайым және көркем болып келуі.
З. Ахметов
Ұлттық характер – әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлт тық сипа тымен ерекшеленген мінезбітімі, оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі. Өнерде, әдебиетте адам бейнесі нен бұл қасиет толық көрініп отырады. Әр халықтың өз эпи калық туындыларын олардың талай замандар ұлт болып қалып та суынан бөліп қарауға болмайды.
Т. Бекниязов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *