Шәкәрім (Шаһкәрім) Құдайбердіұлы

Шәкәрім (Шаһкәрім) Құдайбердіұлы
(1858–1931)
Шәкәрім (Шаһкәрім) Құдайбердіұлы (1858– 1931) – ақын, аудармашы, тарихшы, сазгер, фи лософ, өз заманының озық ойлы ғұламасы. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауда  нында дүниеге келген. Абай негізін салған жаңа сипаттағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі.
Әкесі Құдайберді – Абайдың ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі. Онда екі жылдай оқыған. 1866 жылы әкесі Құ дайберді 37 жасында дүние салады. Ендігі жер де Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде, тікелей
Абайдың қамқорлығында болады. Шәкәрім –
жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жан рында жемісті еңбек еткен.
1905 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлы қажылық сапар шегеді. Мек кеге барған сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптармен танысады.
Араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгереді. Өз бетінше ізденуі нәтижесінде заманындағы ең білімдар адамдар санатына қосылады. Бірнеше тіл білуі оның тамаша аудармалар жасауына алғышарт еді. Хафиздің лирикалық шығармаларын, Физулидің «Ләйлі–Мәжнүн» дас танын аударды. Орыстың классикалық әдебиетін терең зерттеп оқыды. А.С. Пушкиннің «Дубровский» повесі мен «Боранын» өлеңмен аударды.
Л.Н. Толстойдың бір топ әңгімелерімен қазақ оқырманын таныстыр ды. Л.Н. Толстойға арнайы хат та жазған. Хаттардың түпнұсқасының жоғалып кетуі – орны толмас өкініш.
Шәкәрімнің көзі тірісінде 1911 жылы «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хан дар шежіресі», «Мұсылмандық кітабы» еңбектері жарық көрді. Семей

қа ла сындағы «Жәрдем» баспаханасында 1912 жылы «Қазақ айнасы», «Қалқаман–Мамыр», «Еңлік–Кебек» поэмалары жекежеке жинақ ре тін де басылды. 1924 жылы Семейде «Дубровский әңгімесі» баспа бетін көрді.
Оның көптеген өлеңдері, мақалалары, очерктері «Айқап», «Абай»,
«Шол пан», «Таң» журналдарында, «Қазақ», «Сарыарқа», «Қазақ тілі», «Ең бекші қазақ», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде басылды. Шәкәрімнің «Нар тайлақ–Айсұлу» поэмасы, «Әділ–Мария» романы, «Үш анық» фи лосо фиялық туындысы өзі дүниеден өткеннен кейін оқырман игілі гіне айналды. Ш. Құдайбердіұлы қоршаған ортадағы өзгерістерге үнемі қызу араласқан.
1878–1880, 1887–1888, 1902–1905 жылдары Шыңғыс елінде үш рет болыстыққа сайланған.
1902–1913 жылдары Ресей географиялық қоғамының Семейдегі бөлімшесіне мүше болып, өз үлесін қосқан. 1917–1918 жылдары Алаш қозғалысына қатынасып, уездік земство жұмысына, Алаш сотының қызметіне араласады.
Көп ұзамай қоғамдықсаяси қызметтен алшақтап, даудамай мен ай тыстартыстан іргесін аулақ салады. 1925 жылы Шыңғыстың Шақпақ аталатын өз қыстауынан он бес шақырымдай жерде қоражай салып алып, таза шығармашылық жұмыспен шұғылданады.
Өмірінің соңына дейін елден оқшауланып, жазусызумен айналыса ды. Алайда кеңестік саясат тыныштық бермей, Шыңғыстау көтерілісін ұйымдастырды деген айып тағылады. 1931 жылдың 2 қазаны күні НКВД ның жендеттері ұлы ақынды атып өлтіреді. Ақынның мүрдесі ұзақ жыл дар бойы құдықта жатты.
Шәкәрімнің есімі екі рет ақталған. Біріншісі – 1959 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде бір бет өлеңі суретімен жарияланған болатын. Алайда оны баспаға ұсынғандар мен жариялаған адамдар жазаға тартылған. Со лай дегенмен, бұл оқиға ақынның алғаш рет азаматтық ақталуы саналып, тарихта қалды. Екінші ақталуы – 1988 жылы Шәкәрім шығармалары кейбір түзетулер енгізіле отырып, кітап болып жарық көрді. Сол жыл дан бастап Шәкәрім аты елге танылып, оның шығармалары көпшіліктің қолына тиді.
Бүгінгі күні Шәкәрім мұрасын зерттеу ісі жүйелі жүргізілуде. Ұлы ақын атындағы Шәкәрім университеті (Семей қаласы) оның тамаша ескерткішін тұрғызды, онда «Шәкәрімтану» ғылымизерттеу орталығы қызмет жасайды. «Шәкәрім» энциклопедиясы, «Шәкәрім» журналы, «Шәкәрімтану мәселелері» сериялық жинақтары жарыққа шықты. Қазір жержерде «Шәкәрім оқулары», «Шәкәрім апталығы» сынды түр лі байқаулар ұйымдастырылып тұрады.
Шәкәрім шығармашылығына байланысты көптеген кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалған. Ақын өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу объектісіне айналдырған «Шәкәрімтану» ғылымизерт теу ұғымының негізі қаланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *