Тотем

Тотем – (Солт. Америк. аджибе тайпасының тілінен аударған  да – тек, ата) – белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиһанкезі Дж. Лонг енгізген.
«Тотем» сөзі белгі, ишарат деген мағынаны білдіреді. Терминдік мағынасы тұрғысынан алғанда тотем – алғашқы қауым адамдарының өздеріне туыс деп есептеген жануарларға, өсімдіктерге және жансыз заттарға берген атауы. Тотем тайпаның түп атасы ретінде саналады.
Қауымдардың ең алғашқысы болған рулық сенім мен қауымының осы тотемдік түсінігіне байланысты «тотемизм» деп атаған. Діндердің барлығы тотемизмнен бастау алған делініп жүр. Кейбіреулердің пай ымдауынша, тотемнің орнына «Тәңір» сөзі қолданылғаннан кейін жаңадан пайда болған діндерді осылайша түсіндірген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *