Поэма

Поэма (грек. роіеmа – туынды, шығарма деген мағынада) – оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыртолғау түрінде келетін көлемді шығарма. Сюжетті оқиға желісін ширақ өрістетіп, кейіпкерлердің іс әрекетін бейнелеуге негізделеді. Ал сюжетсіз поэмада лирикалық сарын басым болады, көлемі жағынан шағындау келеді. Поэманың алғашқы нұсқалары деп ауыз әдебиетіндегі уақиғалы жырларды айтуға болады. Олардың баяндау тәсілі, кейіпкерлер бейнесін суреттеу өзгешелігі де ауыз әдебиеті дәстүрлерімен тығыз байла нысты.
Сондайақ қазақтың халықтық эпосының үлгілері – батырлық жыр лары, ғашықтық жырлар («Қобыланды», «Ер Сайын», «Алпа мыс», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу») өзіндік ерекшелігі бар әдеби құбылыс екені айқын. Лироэпикалық жанрдың бұл түрі әдебиеттің даму процесінде талай сатыдан өтіп, өзгеріп, өрістеп келе жатыр.
Қазақ әдебиетінде XIX ғасырдың аяқ кезінен бастап кең тараған, көбінесе шығыс әдебиетінің сюжеттеріне негізделген дастандар да поэ ма жанрының бір түріне жатады. Қазақ әдебиетінде поэма әбден қалып тасып, жанжақты дамыған жанр.
Абайдың Шығыс тақырыбынан алып жырлаған белгілі поэмала ры, Шәкәрімнің «Ләйлі–Мәжнүн», «Қалқаман–Мамыр», Сәкеннің «Көк шетау», Ілиястың «Күйші», Мағжанның «Батыр Баян» атты поэ ма лары – қазақ поэзиясының көшбасында тұрған сүбелі туындылар.
Ө. Күмісбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *