Пафос


Пафос (грекшеден: pathos – сезім, құмарлық) – құлшыныс, құш тарлық, асқақтық, қуатты сезім мен терең шабыт мағынасында қолданылған. Ежелгі грек әдебиетінде пафосты жазушының шы ғармашылық идеясын айқындауда, туындыларында заман бейнесінің бейнеленуі дәрежесін бағалауда негізгі көрсеткіш ретінде таныды. Пафос арқылы ақынжазушының қоғамдықәлеуметтік идеалын анықтау да қалыптасты. Аристотель пафосты объективтік жай лар арқылы экспрессивтік бейнелер жасау деп есептеген. Пафостың түрлерін негізінен трагедия, қаһармандық, комедия, романтика, сатиралық, драмалық т.б. деп жіктеу қалыптасқан. Көркем шығар мадағы «негізгі ой», «өзекті идея», «авторлық бояу», «ұлттық реңк», «басты желі» деген ұғымдарды пафоспен тығыз байланыста қарас тырған дұрыс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *