Дастан

Дастан (парс. сөзі – тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры) – халық ауыз әдебиетіндегі эпикалық жанр, өлең түріндегі уақиғалы шығарма. Көбінесе бұрыннан белгілі ертегі сюжеттерінің, аңыз, хикаялардың әдеби өңделген түрі болып келеді. Дастанда кейде өлең мен қарасөз араласып келе береді. Түркі тіліндегі классикалық поэзияда кездесетін романтикалық поэмалар «Ләйлі–Мәжнүн», «Хұсырау–Шырын», «Ес кен дірнама» немесе Фирдауси «Шахнамасының» өлеңмен айтылатын жеке поэмаға айналған кесек тараулары дастанға жатады. Кейінгі жыл дары түркі тілдес халықтардың көптеген дастандары жазып алынды. Қазақ ақындарының Шығыс сюжетінің негізінде жазған «Рүстем–Дас тан», «Ләйлі–Мәжнүн», «Сейфілмәлік–Бәдіғұлжамал», «Жүсіп–Зыли ха», «Бозжігіт», «Атымтай Жомарт» және т.б. махаббат, батырлық, қиялғажайып тақырыптарды қозғайтын дастандары кейінгі қазақ поэмаларының туып, қалыптасуына көп септігін тигізді. Өлең өрнегі жағынан алғанда, қазақ дастандары бірыңғай он бір буынды болады, кейде жетісегіз буынды өлең түрі де кездеседі. Дастандарды жыршы, қиссашылар жеңіл, қысқа қайырылатын термелі әуенмен (көбінесе домбыраның сүйемелдеуімен) айтады.
Ө. Күмісбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *