БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ
(1910–1982)
Бауыржан Момышұлы – халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Ол 1910 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көл бастау деген жерде туған. Бауыржан Момышұлы жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жа рым жыл жүріп, командир атағын алады.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысы мен, Бауыржан Момышұлы генералмайор И.В. Пан филовтың басшылығымен Алма ты ма ңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар ди
визиясының құрамында майданға аттанады. Ол батальон, полк ко мандирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардия лық диви зияны басқарады.
Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлына 1990 жылы Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Момышұлының қаһар мандық ерлігі туралы белгілі орыс жазушысы А. Бек «Волоколамск тас жолы» повесінде жанжақты жазды. Б. Момышұлының өміріне арналған Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) романы жарық көрді, «Қазақфильм» киностудиясы «Ел басына күн туса» (1967) көркемфильмін түсірді. Москва академиялық драма театры Момышұлы туралы «Волоко ламск тасжолы» спектаклін қойды. «Офицердің күнделігі» (1952), «Бір түннің тарихы» (1954, орыс тілінде), «Біздің семья» (1956, орыс тілінде) атты алғашқы кітаптары сол тұста жарық көрді. Момышұлы еңбектерін орысқазақ тілдерінде бірдей жазды. Мұнымен қатар «Жауынгердің тұлғасы» (1958), «Майдан» (1961), «Майдандағы кездесулер» (1962, орыс тілінде), «Генерал Панфилов» (1963, қазақ тілінде – 1966), «Төлеген Тоқтаров» (1965), «Куба әсерлері» (1965), «Ел басына күн туса» (1970), «Ұшқан ұя» (1975), «Адам қайраты» (1981) т.б. кітаптары жарық көрді. Шығармалары бірнеше шетел тілдеріне аударылды. Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы басылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *