Балаларыма өсиет

Балаларыма өсиет
Балаларыма өсиет:
Қылмаңыздар кепиет*, Бірлігіңнен айырылма, Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке, Араз болсаң алты ауыз, Еліңе кірген әреке.
Талпынып салдым егінді,
Ішсін деп әркім тегінді, Ақылы барың ұғарсың, Ойың болса сөзімді. Тоқсанға жас келген соң, Өлім жақын көрінді.

Бар арманым, айтайын, Батырларша жорықта
Өлмедім оқтан, қайтейін!..
Ел аман болсын лайым,
Тілегім берді бәрін де, Разымын, Құдайым!

Ақтамберді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *