Ақтамберді Сарыұлы

Ақтамберді Сарыұлы
(1675–1768)
Ақтамберді Сарыұлы 1675 жылы Оңтүстік Қазақстанда, Қаратау бойында, ауқатты отбасын да дүниеге келеді. Болашақ жырау жамағайын туысы Бердіке деген батырдың қолында өседі. Ақындық талантын тым ерте, 10–11 жасында танытқан Ақтамберді 17 жасынан бастап қа зақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы соғыстарына қатысады. Өзінің жанкешті ерлі гімен, ақылайласымен көпке танылады. Талай рет өлім ауызынан қалады.
Бірде, тіпті, жортуылда қолға түсіп, өлім жаза сы орындалар қарсаңында ғана қашып құтылады.
1723 жылы қазақтар ойраттардан ойсырай жеңіліп, бүкіл оңтүстік және шығыс аймақтан
айырылған шақта Ақтам берді атақты батыр, Орта жүздің рубасы ақса қалдарының бірі еді. Батыр жырау өзінің белсенді ісімен де, жалынды жырымен де жоңғарға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бел орта сында болады, қазақ жасағының алдыңғы сапында шайқасады. Жоңғар мемлекеті біржола талқандалып, жаудан босаған шығыс бетке қайта қоныстану кезінде Ақтамберді қазақ руларын атамекенге орнықтыру ісінде зор қызмет атқарады. Батыр жырау тоқсан үш жасында, 1768 жылы қайтыс болады. Жыраудың жартылай құлаған күмбезі қазір Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Жү рекжота деген төбенің ба сында тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *