«Әуенді өрімдер» әдісі

«Әуенді өрімдер»
Саз өнері – қазақ халқының ерекше мән беріп дәріптейтін құнды қазынасы, ұлттың тілі мен ділінің айнасы. Ештеңеге қызықпайтын бала ән мен күй тыңдауға елітіп, елеңдері, қосыла айтуға құмартуы сөзсіз. Олай болса, сөзді сазды иіріммен айту, бір-бірмен әуендете өру – тамаша көмек көзі. Бірақ шәкірттеріміздің көптің алдына шыға алмайтын ұяңдығы, әнді нақышына келтіріп орындай алмаймын деп тартынатыны да ақиқат. Сонымен қатар біз тілінің мүкісі бар немесе ойын жеткізе алмайтын, үндемегенді жөн көріп, тартынып отыратын баланың әнді тебірене орындайтын сәттерін де сан рет байқадық. Әр сөздің мағынасын әуен арқылы тербей, жүрегімен сезінген шәкіртімізді басқа қырынан танып, тәнті боламыз. Үзілісте бала жанына шымырлай еніп жататын халық әндері мен күйлері, халық композиторларының шығармалары, қазіргі таңдаулы қазақы туындылары үнтаспада ойналып, бала жанына бұлақтай мөлдіреп құйылып жатса, нұр үстіне нұр!
Жалпы сабақтардың, үзілістің музыкамен тығыз байланыста болуы баланың ашылуына әдемі мүмкіндік деп білеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *