Құрсақ қуысының қысымы

Дамуы. Патологиялық процестің шешуші звеносына ішекте ашу процесі күшті жүргендіктен өте көп мөлшерде газдардың (көмірқышқыл газ, метан, азот, күкірті сүтек) жиналуы жатады. Аурудың бастапқы кезінде ішектердің перистальтикасы күшейеді және түйілмелі сипат алады. Біртіндеп перистальтика төмендеп, соңында мүлдем тоқтайды, ішек салданады.

Құрсақ қуысының қысымы артып, көк ет ығысады,құрсақ және көкірек қуыстарындағы ағзалар, қан тамырлары және лимфа тамырлары қысылады. Тыныстану және жүрек қызметі қиындайды, улану үдей түседі. Ауыр жағдайларда ішек тұзағы мен бұтағы ығысқандықтан олар бітеледі, шажырқай қатты тартылады, көк ет немесе ішек жыртылады.

Симптомдары. Ішектердің ауырсыну синдромы мен мазасыздану мал азықтанғаннан кейін байқалады, ал сонан соң ауырсыну тұрақты және өте азапты болады. Мал қатты терлейді, алға кедергіні байқамай ұмтыла береді, жерге қалай болса солай құлап түседі, аунайды, арқасымен аунап түседі, ит сияқты шоқиып отырады, қайта тұрады, осылардың бәрі бірнеше рет қайталанады. Іші үлкейген, бөшке тәрізді, анальді саңылауы айналып кеткен, қабыртқасы қатайған, перкуссиялағанда күшті атимпаниялық немесе тимпаниялық, кейде темір сыңғырындай дыбыс естіледі.

Бастапқы кезде перистальтика күшейген, қатты, соңынан бәсеңдейді және мүлдем тоқтайды. Газдардың бөлінуіде соған байланысты болады. Кілегейлі қабықтар гиперемияланған, көгілдір тартқан. Шеттегі веналар ісінген. Қан қысымы бастапқыда көтерілген, тамыр соғуы жиі, соңынан ол әлсіз, кіші, ал қан қысымы қалыптан төмен. Жүрек түрткісі және саздары күшейген. Тынысы жиі, минутына 25-50, көкірек типті. Ауру жедел дамиды 6-12, кейде 20 сағатқа созылады.

Балау. Ауруға тән ішек метеоризмнің клиникалық белгілері бар болса, анамнездік мәліметтерді ескеріп малға тірі кезінде диагноз қою қиын емес. Күдікті жағдайда тік ішек арқылы зерттейді, барлық ішектердің желденуіне қарап диагнозды анықтайды. Ішектің жыртылуына немесе туыпдаған метеоризмге кауіптенгенде құрсақ қуысы қабырғасын тесіп, пунктатты алады. Егер пунктат сарғыш түсті, мөлдір болса — асқынбаған метеоризм, пунктат қызғыш, құрамында эротроциттер бар-шажырқай қысылғандықтан, странгуляциялық бітелуден ішектің туындаған метеоризмі, пунктатта қан, азық бөліктері бар-ішектің жыртылуы, пунктатта лейкоциттер және эндотелий торшалары бар эксудат-перитонит.

Емі. «Шаншу» синдромыи (ауырсыну және мазасыздану) басады. Ол үшін 70-100 мл 10 %-ды хлоралгидрат немесе 0,25-0,5 %-ды новокаин ерітіндісін 1 кг дене массасына 1 және 0,5 мл есебінде, 100-200 л магний сульфаты ерітінділерін венаға немесе тері астына 5-10 г анальгиннің судағы ерітіндісін енгізеді. Ішектердің перистальтикасын қалыптастыру үшін венаға 200-300 мл 10 % хлорлы натрий енгізеді немесе тері астына өте аз мөлшерде (0,001-0,002 г) карбохолим қолданады.

Асқазаннан газды шығару үшін оған зонд енгізеді немесе асқазаның туындаған созылуында оны шуып-шаяды. Ішектер желге толып кеткенде асфмкция құбылысы күшейе бастағанда бүйен немесе үлкен жиек ішектерді сыртқа теуіп тұрған жерден теседі. Ол үшін жіңішке троакар немесе үлксн диаметрлі Бобров инесін пайдаланады. Ашу процестерін басу үшін зонд арқылы 15-20 %-ды ихтиолды 1 л суға ерітіп немесе 1 кг дене массасына 0,4-0,5 мл тимпанол енгізеді.

Жүрек қызметі әлсірегенде кофеин, інжу гүл немесе строфанта қолданады. Шаншуды басқаннан соң, ішектердің метеоризмі басылған кезде ішектердегі жиналған, ыдыраған жынды босатуға кіріседі. Ол үшін өсімдік майын немесе іш жүргізуші тұздар және де микробтарға қарсы (ихтиол, фталазол, норсульфазол, левомицитии т.б.) қолданады. Аурудан айыға бастаған малдарға диетикалық азықтандыру ұйымдастырылады.

Сақтандыру. Малдарға тез ашығыш азықтар бермейді. Малдарды шық түскен жайылымдарға және жаңбырдан соң жаймайды.

 

  1. Ішектердің түйілуі

  

    Ішек қабырғасының түйілмелі жиырылуы арқасында оқтын-оқтын мазасызданумен өтетін шаншудың ерекше бір түрі жылқыларда, ірі қара малда (бұзауларда, тайыншаларда), қойларда қырыққаннан кейін, сирек шошқаларда кездеседі.

Себептері. Энтералгияны қатты желіп, шауып келген, денесі қызған малды желдің өтінде ұстау немесе жаңбыр астында ұстау, мұз аралас сумен суару, көгерген жем — шөппен азықтандыру, малды күзде шық түскен жайылымға жаю және тағы басқа себептер туғызады. Ұзақ мерзім қорада ұстаған төлдер, кенеттен суыққа шалдықса солар жиі ауырады. Жас ірі қара малды қорада тығыз ұстаса, басқа жаққа көлікпен тасымалдаса, стресс әсерлерінен жаппай энтералгияға шалдығуы мүмкін. Жаздың ыстық кезінде, әсіресе денесі қызған малды тез арада суытса энтералгиямен ауырады. Энтералгияның шығу көзіне катаральді гастроэнтеритке шалдыққан малдар жатады [7,8,9].

Дамуы. Оқтын-оқтын ішектердің түйілуі вегетативті жүйке жүйесі парасимпатикалық бөлігінің өте қозуы салдарынан туындайды. Бұл ішектің кейбір тұзақтарымын түйілуімен мазасыздану ұстамаларының арасында дамылдау паузасымен өтетін ішектердің сенсорлы-қимылды неврозы. Бұл жағдайда ішектердің ауырсынуының пайда болуы ішек кабырғасының түйілмелі жиырылу кезеңі рецепторлық аппараттың қатты қысылу негізінде пайда болады және ол түйілу канша мезгіл созылса олда сонша мезгіл болады. Осымен ауырсыну-мазасыздану ұстамасының оқтын-оқтын болуын түсіндіруге болады (түйілмелі ауырсынулар).

Энтералгия оқтын-октын ішектердің түйілуінен болса, онда ішектердің перистальтикасы күшейеді және бірынғай болмайды. Инвагинация, оралу сияқты асқынулар осылардан пайда болады.

Симптомдары. «Шаншу» синдромы ауық-ауық қайталанып, ұстамалы түрде өтеді, 10 минутқа дейін созылады. Мал ауырмаған кезде тыныш тұрады. Жем-шөпті жақсы жейді. Бұл кезде сырттан қарағанда аурудың ешкандай нышаны көрінбейді. Ауырған кезде жылқы ішіне қайта-қайта қарайды. Аяқтарымен жерді тарпып, жатуға ыңғайланады, кейде құлап түседі, катты терлейді, аузынан сілекейі шұбырады.

Ішектердің перистальтикасы «шаншу» кезінің басында күшейеді, соңынан баяулайды, ал «шаншу» ұстамасы қанша созылса, олда сонша мезгіл созылады.

Нәжістің консистенциясы бастапқыда қалыптағыдай, ал соңында аурудың үдеген мезгілінде борпылдақ сұйыла бастайды, анальді сфинктер және тік ішіек қабырғасы қатты қысылған. Ішектердің кейбір тұзағында газдар жиналуы мүмкін. Дене қызуы, тамыр соғуы және тыныстануы калыпты. әсірссе тыныштану кезеңінде, кейде брадикардия және псирогенді аритмия, бірінші саздың екіленуі байқалады. Рожэ және Шарабрин сынамасында тамыр соғуы минутына 3 -7 рет бәссңдейді.

Катаральді энтеритте негізінде пайда болған энтералгияда және де ішектердің улануымен аскынғанда, ауру малда кілегейлі қабықтар сарғаяды, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді, перистальтикасы қатты, дефекациясы жиі бөлінген нәжісі борпылдақ, иісі сасық, қорытылмаған азық бар, қанда нейтрофильді лейкоцитоз, эозинопения, билирубинемия болады.

Ірі қара мал энтералгиясында мазасыздану құбылысы нашар байқалады, ал ауру малда «шаншу» ұстаған кезде аяғымен ішін тепкілейді, азықтан бас тартады, күйіс қайырмайды, ішектердің перистальтикасы күшейеді, диарея пайда болады.

Шошқаларда ауру мал ыңырсыйды және шаңқылдайды (әсіресе торайлар), аурулар жиі жата береді, орнынан жылдам тұрады, осыларда ауру ұстаған кезде қайталай береді. Ауру 30 минуттан 2-3-6 сағатқа дейін созылады. Аурудан айыққаннан кейін тағы қайталануы мүмкін.

Балау. Оқтын-оқтын сипаты және «шаншу» синдромының ауруға тәндігі, сол себепті асқынған кезде тірі кезінде диагноз қою қиын емес. Жіті асқазанның созылуы және метеоризмге тән пилороспазмды жоққа шығарады.

Емі. Ішектердің түйілуін және ауырсынуды басу үшін тері астына атропин сульфатын (0,02-0,04), платифиллин гидротартратын (0,015-0,07) енгізеді. Тахикардиясы бар улануларда және қан кысымы төмен болғанда ауырсынуды басу үшін венаға 30-50 мл 10 % анальгин немесе натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіндегі 150-250 мл 0,25 % новокаин енгізеді. Ішке 20-50 мл эфирлі-валериан тұнбасын береді. Тері астына 0,02-0,04 г эфедрин гидрохлоридин енгізеді. Жылы клизма, массаж (уқалау) жылылап орау, инфрақызыл сәулесін және жылу процедураларыи қолдану жақсы нәтиже береді.

Аурудың «шаншу» ұстамасын басқаннан кейін әсіресе катаральді энтеритте ішке жеңіл іш жүргізетін дәрілер (тұздар және майлар) береді және микробтарға қарсы препараттар (ихтиол, фтаназол, сульгин және басқалар) тағайындайды. Малды диетикалық азықтандырумен қамтамасыз етеді.

Сақтандыру. Малды тиісті азықтандыру, күтіп-ұстау қажет, оларды жел өтуінен және суықтан, әсіресе жұмыстан соң сақтау керек, мал қораларда температураның күрт езгеруіне жол бермейді, малды төменгі температураға біртіндеп үйретеді.

      Ішектерде жынның іркілуі-ішектердің кейбір бөлімдерінде жынның жиналып, кеуіп кетуінен, жынның жылжуының бұзылуы.

Егерде жын аш ішектерде іркілсе, оны химостаз, ал тоқ ішекте іркілсе-копростаз деп атайды. Ауру жылқыларда жиі, иттен басқа малдарда сирек кездеседі. Шаншудың салдану түріне жатады.

Себептері. Химостаз бен копростаз малда оларды ұзақ мерзім сапасы төмен ірі азықтармен (кеш орылған пішенмен, сабанмен, топанмен) немесе ұсақ майдаланған құрама жеммен, жармалармен, ұн нанымен азықтандырғаннан пайда болады. Минералды заттар және витаминдер тапшылығы, серуеннің жоқтығы, ұзақ мерзім жұмыс атқармау, ішектердің улануы, перистальтиканың төмендеуі, тістердің аномалиясы, жүрек әлсіздігі маңызды роль атқарады.

Дамуы. Аталған факторлардың әсерінен ас қорыту бұзылады, ішектердің секреторлы-моторлы қызметі төмендеуінен, ішекте жын іркіледі. Жылқыда химостаз он екі елі ішекте (екінші бүгілу жерінде), мықын ішекте (илеосекальді жабқыш алдында) сирек аш ішекте пайда болады. Ал копростаз жиі бүйен ішекте, үлкен жиек ішектің жамбас бүгілісі мен қарын тәрізді кеңейген жерінде, сирек кіші жиек ішекте пайда болады. Иттерде тік ішекте болады.

Іркілген жерлерде жын кеуіп кетеді және қатаяды, ішектің өткізгіштігін бұзатын тығын пайда болады. Жиналған қатты жын ішектің қабырғасын керіп, кілегейлі қабықты тітіркендіріп оны қабынтады, кейде некроздандырады. Сол себепті ішектердің ауырсынуы ерекше «шаншу» синдромы байқалады.

Химостазда және тоқ ішектің жіңішке жерлерінде ішектің бітелуі туындайды. Бүйен ішектің және үлкен жиек ішектің қарын тәрізді кеңеюіндегі копростазда бітелу байқалмайды, сол себепті сұйық және жартылай сұйық қатайган жерден өтеді. Сүйық және қатты нәжіс бөлінеді.

Он екі елі ішектің және ащы ішектің химостазында асқазанның туындаған созылуымен, организм сусыздануымен, уланумен, қанның қоюлануымен, гипохлоремиямен, ацидозбен, сарғаюмен, жүрек әлсіздігімен асқынады.

Копростаздарда жыннын ыдырауынан және улы заттардың сіңуінен бауырдың қызметі бұзылады және біртіндеп жалпы улану болады.

Симтомдары. Он екі елі ішектің және аш ішектердің химостазында «шаншу» ұстамасы кенеттен пайда болады. Мал, ұстаманың бас кезінде қатты мазасызданады, соңынан үзбей мазасызданады, ентікпе, тахикардия, кекіру және құсу болады. Бұл белгілердің барлығы асқазанның туындаған созылуына тән. Ал асқазанды жуып-шайса, малдың жалпы жағдайы жақсарады, бірақ 2-3 сағат өткеннен соң барлығы қайталанады. Алдыңғы ішектердің химостазына тән белгіге көз склерасы (қасаң қабығы) мен кілегейлі қабықтардың сарғаюы жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *