Сұйықтың жоғарғы деңгейі

И.П.Салминнің болжауы бойынша тимпанияның дамуында үш факторлардың бірдей әсер етуі ықтимал, месқарында көп сұйықтың болуы, алдыңғы қарыншақтардың жирылуының тоқталуы, газдың көп мөлшерде түзілуі.

Өте ылғалды тамақ месқарын мен тахия қарыннан жалбыршақ қарын мен ұлтабарға жылдам өтіп, ары қарай ішекке барады да, ондағы баро-, хеморецепторларды тітіркендіреді. Осының салдарынан алдыңғы қарыншақтардың жирылу процесі бұзылады, оларда атонияның жіті түрі дамиды. Онымен  жаябыршақ қарынның алдыңғы сфинктері мен көпіршеснің түйілуі ауырсынғандықты туғызады.

Сұйықтың жоғарғы деңгейі месқарынның кірер аузынан болғанда,     немесе     бұршақты     концентраттар месқарынның түбіне шөгіп, ондағы астың деңгейін көтеріп, сол кірер ауызды бітеп қалғанда, оның ішінде газдың жиналуы әсер еді.     Газ  сыртқа  шыға  алмайды  да,   сондағы қоспалармен араласады. Өте қатты созылған месқарынның қабығасы түйілгенге дейін барып, ауырсынғандық байқалады. Артынан  салданады.   Көлемі   ұлғайған   месқарын   көрші ағзаларды қысады. Диафрагмаға түскен қысым кеуде қуысына қанның келуін азайтады, жүрек пен өкпелердің қызметтері бұзылады. Газдың алмасуы нашарлап, оттегінің жеткіліксіздігі айқындалады.

Іш қуысындағы қысымның жоғарлауы бауырдың жұмысын қиындатады, ішек түйіңділерін қысып, олар арқылы астың қозғалуын тоқтатады.

Басалқы түрі месқарынның өз ауруларында, тахия қарын мен жалбыршақ қарын ластанып ауырғанда кездеседі.

Қосалқы түрі жүрек-қан тамырлары, дем aлy, ас қорыту, зәр  шыгару, жүйке жүйелерінід ауруларында;  улануларда кездеседі.

Механикалык,     физикалық,     химиялық    факторлар рецепторларды қатты тітіркендіргенде месқарынның жирылу процесі  әлсірейді. Малдың күйіс қайыруы бұзылады да, ас қорту   процесі     нашарлайды.     Осының     салдарынан месқарындағы        қышқылдық        (рН)        жоғарылап, микрооганизмдердің ыдырауын тудырады. Олардан бөлініп шыққан  улы  заттар организмге сіңіп, таралып,  өздерінің зиянды әсерлерін тигізеді. Осындай, алдыңғы қарыншақтардың жиырылу процесінің бұзылуын дистония деп атайды. Оның басалқы және қосалқы түрлерін ажыратады.

Ауру малдар жеңіл ашитын азықтарды көп жегенбе пайда болады. Әсіресе ылғалды жасыл түсті азықтар: жасыл шөп,   жоңышқа,   бұлшақты   өсімдіктер   алғашқы  сүттіген кездерінде, капустаның, қант қызылшасының жапырақтары күздік егістің жас өсімдері жиі себеп болады. Бұл азықтарды дұрыс дайындамағанда, олар үйіліп қалып қызған түрінде дамиды.

Егер рационда крахмал мен қант көп болса, онда сүт және пропион қышқылдары көбірек түзіліп, керісінше сірке қышқылы азаятын көрінеді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *