Сары сулар.

  1. Сары сулар.

 

Иммунитет дегеніміз зиянды әсерді немесе уды қабылдамау қасиеті. Иммунитет түзуге бүкіл организм қатысады. Мұнда орталық нерв жүйесі басқарушы және бағыттаушы қызмет атқарады.

Табиғи немесе туа пайда болған иммунитет – адам және жануардың белгілі бір түріне тән. Ол тұқым қуалайды. Бұған ірі қараның – жылқының маңқасымен , жылқының , иттің обасымен , адамның иттің , шошқаның обасымен ауырмауы мысал бола алады.

Жасанды иммунитет адамда және жануарларда жұқпалы аурулардың әсерінен пайда болады. Және оны табиғи жағдайда қабылдаған иммунитет деп те атайды. Егер иммунитет организмге түрлі биологиялық препараттарды енгізгенде ( егу , вакцина , сарысу енгізу ) пайда болса , оны жасанды жолмен түзілген иммунитет  деп атайды. Мұнда организмде түзілген иммунитет зиянды микробтың бір  ғана  түріне арналған.

Табиғи пассив иммунитет организмге , оның   әсіресе дүниеге келер кезінде анасының сүтімен немесе  жатыр  арқылы беріледі.

Имуниттет туралы ғылым- иммунология осы заманғы биологияның ең жедел дамып келе жатқан саласы. Иммунологияның жетістіктері молекулалық биология, генетика, биохимия, биофизика, мал және егін шаруашылықтарының барлық салаларына, медицина мен ветеринарияға игілікті ықпал етіп отыр. Тарихи тұрғыдан иммунология инфекциялық патологияның негізінде қалыптасты. Сондықтан ескі немесе классикалық иммунологияны инфекциялық иммунология деп атайды. Ал енді молекулалық биология, генетика, трасплантологиямен байланысты иммунологияны инфекциялық емес, немесе жаңа иммунология деп атап жүр. Иммунитет ⁄ әлует ⁄ латынның immunitas ⁄  міндеттен босану⁄  деген сөзінен шыққан. Ол- организмнің генетикалық болмысы үшін бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микроптардан, қорғану қабілеті. Иммунитет организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын ⁄ гомеостаз ⁄ және оның қызметінің біртұтастығын қамтамассыз ететін микробтан бастап адамға дейінгі бүкіл тіршілік иелеріне тән қасиет. Иммунитеттің қалыптасуына бүкіл организм біртұтас жүйе ретінде қалыптасады. Бұл – тірі табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының, табиғи сұрыптаудың, паразит пен оның иесінің өзгергіштігінің нәтижесі. Жоғары сатыдағы организмдердің арнайы иммунитет оргондары бар. Эволюциялық жолмен үш түрлі: конституциялық, фагоциттік және лимфоидтық иммуногендік жүйелер қалыптасты.

Конституциялық жүйе немесе конституциялық иммунитет иммунитеттің ең ежелгі түрі. Ол күллі тіршілік иелеріне ортақ, ал микробтар мен өсімдіктерде

Иммунитеттің бірден-бір түрі. Фагоциттік жүйе немесе фагоциттік иммуниттет, омыртқасыз жануарларда пайда болды. Ал омыртқалы жануарларда иммунитетің үшінші ең жетілген түрі – лимфоидтық жүйе пайда болды.

Иммунитеттің конституциялық жүйесі. Конституциялық иммунитет жануарлардың әрбір түріне тән қасиет болған соң ертеректе түрлік ⁄ видовой⁄ иммунитет деп аталды. Жанжақты алып қарағанда бұндай иммунитет бір түрге ғана тән емес, әрбір жеке жануардан бастап барлық токсономиялық топтарға, тіптіең жоғарғы токсономиялық бірлік – типке дейін қатысты. Сондықтан конституциялық иммунитетті мынандай топтарға ажыратқан дұрыс.

  1.Таксондар иммунитеті. Ол туа біткен табиғи төзімділікті жануарлардың әрбір түрінен бастап ең жоғарғы токсономиялық топтарына ⁄ отряд, класс, тип, т.б. ⁄ қатысты қарастырады.

2.Түр ішіндегі иммунитет. Бір түрге жататын әртүрлі нәсілдің ⁄адамға қатысты ⁄ немесе тұқымның ⁄малға қатысты, орысша — порода⁄ иммунитеті.

3.Индивидуумның ⁄ жеке жануардың, не адамның ⁄ иммунитеті.

Организмнің иммунологиялық икемділігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *