Паталлогиялық-анатомиялық өзгерістер

Паталлогиялық-анатомиялық өзгерістерШажырқай артериясы бағанасы аумағында көлемі бұршақтың үлкендігінен жұдырықтай аневризмді көреміз. Тамырдың бітелген жерінен оның тарамдалған жерлеріндегі зақымданған ішек кепкен, оның беті шие түстес қызыл, ал қабырғасының бүткіл қабаты көптеген канталаумен инфилътрленген. Ішектегі жын ондағы ыдыраған қаннан деготь түстес. Құрсақ қуысында қызыл түсті көп мөлшерде сұйық жиналған.

Балау. «Шаншу» синдромының кенеттен пайда болғанын және оның клиникалық байкалуын ескереді. Бірақ ректалъді зерттеу қорытындылары шешуші роль аткарады-шажырқай артериясының инфаркті.

Емі. «Шаншу» синдромын жоюға, қанайналымын жақсартуға және улануды бәсеңдетуге бағытталған. Ұстама ауырсынуды және мазасыздануды венаға 10 %-ды хлоралгидрат ерітіндісін (40-60 мл) немесе 10 %-ды анальгин (40 мл) енгізіп басады. Қанайналымын жақсарту үшін тері астына камфор майын (20-30 мл) натрийдін кофеин-бензоатын (5-10 мл 0,1 %-ды ерітінді) немесе эфедрин гидрохлоридін (0,05-0,5 г) егеді.

Интоксикацияны басу мақсатында 5-10 % натрий хлорид ерітіндісін (200-350 мл) глюкозамен, (500-700 мл) гемодезбен қоса егеді. Ішке микробтарға қарсы препараттар береді (ихтиол, салол, дибиомицин, эритромицин, норсульфазол, сульфадемизин және басқалар).

 

  1. Өзіндік зерттеу

 

Өзіндік зерттеу жұмысымды М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Агроөнеркәсіптік факультетінің «Ветеринарлық медицина және зоотехния» кафедрасына қарасты Ветеринарлық клиникасында бастадым.

Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, ішек ауруымен ауырып тұрған ірі қараны емдедім. Жетекшім  Нұралиев С. болды.

 

2.1 Proanamnesis

 

Амбулаторлық  журналындағы тіркеу нөмірі -1

Емдік мекеме  мекен-жайы: Шымкент  қаласы,

Емдік мекеме  аты: М.Әуезов  атындағы ОҚМУ-дың «Агроөнеркәсіптік» факультетінің «Ветеринарлық  медицина  және  зоотехния» кафедрасының клиникасы

Иесі- Орынбеков Ербол. Иесінің мекен жайы: Шымкент  қаласы, Қазұғұрт мөлтек  ауданы,   Қожамберді көшесі №5  жеке үй

 6.  Мал түрі- сиыр

 7.  Жынысы-ұрғашы

 8.Тұқымы- Әулие-ата

 9.Түсі- ақ ала

 10.Жасы-  5 жасар

 11.Салмағы- 430кг

 12. Лақап аты-Марқа

 13.Дәрігерге  көріну күні: 11.03.2011ж.

 14.Сауығу күні:30.03.2011ж.

 15. Алдын ала қойылған  диагноз: ішек ауруы мен шаншу.

 

2.2 Anamnesis vitae

 

 Марқаның иесі өз үйінде  асыраған.  Мал  жайылымға шығарылған.  Азықтандыруы зоотехникалық нормаға  сай  болмаған (қоректік заттар, витаминдер,  минералды заттар). Сүтті  бағытта  өсірілгендіктен  құнарсыз  азықпен (жем) күніне екі рет (азанда, кешке) азықтандырған, судан мұқтаждық көрмеген. Қыста сиырдың  буаздығы күрделі өткен. Профилактика мақсатында вакциналарды  уақытылы қабылдаған. Осы уақытқа  дейін ешқандай  аурумен ауырмаған.

 

2.3 Anamnesis morbi

 

Мал сапасыз азықтандырғандықтан, іші кеуіп, шаншу белгілері пайда болған. Іші өтіп, артынан іші қатқан. Егесінің  мәліметтері  бойынша сиыр 20 күн  бұрын  әлсіздене  бастаған,  Мал алағашында анда – азықтандыру кезінде немесе бірнеше сағат өткеннен соң пайда болған. Алғашқыда ауық-ауық мал мазасызданады, спастикалық (түйілмелі) ауырсыну бар. Ауру мал кейде жүріп бара жатып кілт тоқтайды, мезгіл-мезгіл ішіне қарайды, аунайды. Орнынан тұрған бойда алға қарай ұмтылады.

Қарынның қабырғасы қатты керілгендіктен тұрақты мазасыздану болған (дистензионды ауырсыну). Осы кезде өңеш қабырғасының бас жаққа қарай толқындала жиырылып жатқандығын байқауға болады.

Ауру сиырдың жалпы күйі тез нашарлаған, дене қызуы 39-41°С дейін көтерілген, көздің кілегейлі қабығы қанталап, көкшілденген. Тамыр соғуы жиілеген, минутына 80-90 ретке жеткен. Бастапқыда жүрек саздары күшейген, ал сонынан әлсіреген.

 

2.4 Status prоesens  communis universale

Малды жалпы тексеру:

Қоңдылығы   орташа,  конституциялық  бітімі  дұрыс  орналасқан,  ешқандай патология  байқалмайды.  Денесін  кеңістікте-дұрыс  ұстап  тұрады.

Пальпация арқылы  сиырдың  жалпы  денесін  сипап  көрдім.  Түктері  үрпиген, ұстап зерттегенде мал  әлсін-әлсін тынышсызданды, кейіннен   үйренді.  Сезгенім  сиырдың  температурасы  бар. 

Кілегей  қабаттарын  зерртеу. Зерттегенде көрінетін кілегей қабықтарының (көз , ауыз қуысы) түсі өзгеріп, бозарғанын байқадым.

Денесінде  бөгде  жарақаттардың  бар  жоғын  зерттедім.  Ондай   ешқандай   патология   көрінбеді.

Жүрек-қантамырлар  жүйесін зерттеу. Тамыр соғуы жиілейді, минутына 80-90 ретке жетеді. Бастапқыда жүрек саздары күшейеді, ал сонынан әлсірейді.

 Тыныс алу  жүйесін  зерттеу. Тыныстануы үстіртін болады, жылқы ентігеді. Тыныстану 25-50 дейін жиілейді. Сырттан қарағанда дененің сол жағында құрсақ қуысы қабырғасы 14-17 кабыртқалар аралығынан сыртқа шығыңқы екенін байқауға болады. Тереңдетіп перкуссиялау атимпаниялық дыбыс береді.

Лимфа  жүйесін  зерттеу.  Лимфа  түйіндерінің  қалыпты  екенін  зерттеу.  Бездердің   көлемі  орнында, ешқандай   патология   көрінбейді.   Жақ  асты  жұп  безін  зерттеп  қарағанда  кішкене  дөнестілік  немесе  ісінулер   онша  байқала  қоймайды.  Қабыну   процестері  байқалмайды. 

Несеп жүйесін зерттеу. Несеп  жүйесінде   үлкен  патология   байқалады.  Зәр  бөлу  жиілеген, олигурия,  кейде  тіпті  анурия болуыда  мүмкін, түсі  лай  түстес,  кейде  ақшыл-қызыл,  не  қоңыр  түсті  болып  келеді.  Көбінесе  қышқылдығы  жоғары болады.

Зерттеу жоспары  мен оның  негізделуі

Лабораториялық зерттеу:

-қанның жалпы анализінде лейкоцитоз анықтады, СОЭ артқан.

-белок пен  белоктық фракцияларды;

-амилаза  мен  изоферменттерді,  қан  мен  несептегі  липаза,  трипсин ;

-жалпы  билирубинді, сілтілік фосфортаза (процеске  бауыр  мен  өт  жолдарынан  өттің  шығу  активтілігінің  қатысу  дәрежесін  анықтау  үшін);

-глюкоза, глюкозаға  толеранттылығы ;

-құрамындағы мочевина  құрамын  тексеру;

-креатининнің  құрамын  тексеру;

-несептің жалпы  анализі

-қанды МОР –ға тексеру

-капрологиялық зерттеу

2. Функуияналды  инструменталды  әдістер:

-УЗИ (бүйректің патологияларын  анықтауға,  сонымен  қатар  бауыр  жұмысын  анықтауға  болады.

-ЭКГ-жүректің  қызметін  тексеру  үшін.

 

2.5 Status prоesens  localis

 

Сиырдың  жалпы  жағдайы  төмен. Азыққа зауқы жок,   күйі  өте нашар,   кілегей қабықтары  бастапқыда қанмен кернелген, артынан сарғыштанған. Тыныс алуы жиілеп, қиындай  түсуде.  Ішектердің ауырсыну синдромы мен мазасыздану мал азықтанғаннан кейін байқалады, ал сонан соң ауырсыну тұрақты және өте азапты болып тұр. Мал қатты терлейді, алға кедергіні байқамай ұмтыла береді, жерге қалай болса солай құлап түседі, аунайды, арқасымен аунап түседі, қайта тұрады, осылардың бәрі бірнеше рет қайталанады. Іші үлкейген, бөшке тәрізді, анальді саңылауы айналып кеткен, қабыртқасы қатайған, перкуссиялағанда күшті атимпаниялық немесе тимпаниялық, кейде темір сыңғырындай дыбыс естіледі.

Бастапқы кезде перистальтика күшейген, қатты, соңынан бәсеңдейді және мүлдем тоқтайды. Газдардың бөлінуіде соған байланысты болады. Кілегейлі қабықтар гиперемияланған, көгілдір тартқан. Шеттегі веналар ісінген. Қан қысымы бастапқыда көтерілген, тамыр соғуы жиі, соңынан ол әлсіз, кіші, ал қан қысымы қалыптан төмен. Жүрек түрткісі және саздары күшейген. Тынысы жиі, минутына 25-50, көкірек типті. Ауру жедел дамиды 6-12, кейде 20 сағатқа созылады.

Асқорыту  жүйесін  зерттегенде  сиырдың   жалпы  асқорыту   жүйесі   бұзылған.  Ауырғаннан  кейін  азыққа  тәбеті  тартпай,  суды  көп  мөлшерде  іше  бастаған. Мал аза бастайды. Сиырдың  сүт  төмендеген.

 

2.6 Diagnosis

 

Анамнез және клиникалық, зертханалық белгілеріне қарап диагнозын – Қарынның қабырғасы қатты керілгендіктен тұрақты мазасыздану болды (дистензионды ауырсыну). Осы кезде өңеш қабырғасының бас жаққа қарай толқындала жиырылып жатқандығын байқауға болады.

Ауру сиырдың жалпы күйі тез нашарлаған, дене қызуы 39-41°С дейін көтерілген, көздің кілегейлі қабығы қанталап, көкшілденген. Тамыр соғуы жиілейді, минутына 80-90 ретке жетеді. Бастапқыда жүрек саздары күшейеді, ал сонынан әлсіреген. Сол себепті ішек ауруы деп қойдым.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *