Латвия өнері

Бейнелеу өнері. Латвия жерінен табылған өнер ескерткіштері (қанжар тұтқасындағы хайуанат суреттері) б. з. б. 5 ғасырға салды. Б. з. б. 4-3 ғасырларда ағаш лен сүйектен, мүйіз бен янтарьдан жасалған адамның, аңның мүсіншелері сақталған. 13-19 ғасырдың ортасына дейін Латвия бейнелеу өнері негізінен ұлттық өнерді дамыта отырып, Батыс Европа мәдениетімен тығыз қарым-қатынаста болды. 13 ғасырда роман және готика үлгісіндегі тас мүсіндеу өнері (негізінен ғимараттар салу ісінде) туды. Барокко дәуірінде (17 ғасырдың 2-жартысы — 18 ғ.) ағаш мүсіндеу жоғары сатыға көтерілді. 19 ғасырдың бас кезінде Латвия өнерінен классицизм белең алды. 19 ғасырдың ортасында Латвия мен Россия өнері арасындағы қарым-қатынас артты. Латыш суретшілері негізінен Петербургтегі Көркемсурет академиясы мен Штиглиц училищесінен білім алды. 19 ғасырдың 2-жартысында орыс демократиялық мәдениеті және ұлт-азаттық идеялардың ықпалымен латыш бейнелеу өнері мектебі (К. Гун, Ю. Федер) қалыптасты. 1900-1910 жылдары графика, саяси карикатура (19051907) дамыды. 20 ғасырдағы латыш мүсін өнерінің алғашқы өкілдері Т. Залькалн мен Г. Шкилтер творчествосы алғашқы сәтте 19 ғасырдың 2-жартысындағы орыс реализмі мен О. Роденнің ықпалында болды. Осы кезеңде театр декорация кескіндемесінің ірі өкілі Я.Куг творчествосы дамыды. 20 ғасырдың бас кезінде декаденттік ағым мен модернизм ықпалы басым болды. Дегенмен Я. Тилберг, К. Миесниек, Э. Бренгенс сынды суретшілер реалистік дәстүрді жалғастырып, буржуазия диктатура кезеңінің (1920-1940) өзінде сол бағытты ұстанды. 20-30 жылдары қатарға қосылған көптеген суретшілер (О. Скулме, Э. Калнынь, А. Скриде, Г. Элиас, В. Калнрозе, Я. Лиепинь т б.) алдыңғы буын Тилберг, Миесниек, Шкилтер мен Залькалннің жолымен прогресшіл бағытты ұстады. композициялық шешімінің сан алуандығы, бейнелердің жинақты әрі айқындығы, түр мен фактураның ширақтығы қазіргі Латвия кескіндемесінің негізгі сипаты болып табылады. 50 жылдардың аяқ кезінен линогравюра Г. Кроллис, Д. Рожкалн т. б.) өркен жайды. 20 ғасырда Латвия мүсін өнері (әсіресе монументті пластика) жоғары сатыға көтерілді (мыс., Саласпилстегі фашистік террор құрбаны болғандардың құрметіне арналған мемориалдық ансамбль, 1961-1967, мүсінші Л.Буковский, Я.Заринь, О.Скарайнис, арх. Г. Асарис, О.Н.Закаменный т.б.). Сән және қосалқы өнерде ойма, ағаш бетіне жонып немесе күйдіріп өрнек салу, керамика, тоқыма, металл қақтау, былғары бедерлеу, янтарь өңдеу дамыған. 1951 жылы Ригада Латвия Суретшілер одағы құрылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *