Латвия тарихы

19 ғасырдың 2-жартысында «жас латыш» қозғалысының өкілдері мектепті шіркеуге бағындыруға, немістендіруге қарсы болды шәне оқудың ана тілінде болуын, мектептегі білім беру мазмұнын кеңейтуді талап етті. 1919 жылы қаңтарда советтік Латвияда алғаш рет ана тіліндегі ақысыз бірыңгай білім беру жүйесі құрылды. 6 жылдық бастауыш, 4 жылдық орта мектептер ашылды. 1919 жылы Ригада Латвия мемлекеттік унивесритеті ашылып, оған студенттер негізінен еңбекші семьяларынан қабылданды. Буржуазиялық Латвия кезінде (1920-1940) халыққа білім беру ісі баяулап кетті. 1940 жылы Латвияда Совет өкіметі қайта орнағаннан кейін, оқу орындары мемлекеттік қарауына өтіп, мектептер шіркеуден бөлінді, оқу жоспарлары мен программалары қайта жасала бастады. Соғыстан кейінгі жылдарда орталау білім беру міндеті толығымен жүзеге асырылып, жаппай орта білім беру міндетіне көшті. 1972-1973 оқу жылында 1101 жалпы білім беретін мектептерде 363 мың оқушы болды. 1972 жылы 772 балалар бақшасы мен яслилерде 78,4 мың бала тәрбиеленді. 1973 жылы Латвияда 34 пионер сарайлары мен үйлері, 8 жас техниктер, 3 жас натуралистер станциясы, 43 балалар және жас өспірімдер спорт мектебі, 1 экскурсиялық-туристік станция жұмыс істеді. 1973 жылы 67 кәсіптік-техникалық училищелерде 25 мың оқушы оқыды. Арнаулы оқу орындары дами бастады. 1945-1971 жылдар арнаулы орта оқу орындарын 139,4 мың, жоғары оқу орындарын 66,8 мың адам бітірді. 1972-1973 оқу жылында 55 арнаулы орта оқу орындарында 39,4 мың оқушы, 10 жоғары оқу орнында 42,5 мың студент оқыды. Ірі жоғары оқу орындары: Латвия университеті, политехникалық институт, медициналық институ, азаматтық авиациалық инженерлері институты, Латвия ауыл шаруашылық академиясы.

1973 жылы республикада 1495 кітапхана (кітап қоры 17 млн-нан астам дана) жұмыс істеді. Ірі кітапханалары: Латыш В.Лацис атындағы мемлекеттік кітапханасы, Латыш ҒА-ның кітапханасы. Басты музейлері: Латыш тарих музейі, Латыш революциялық музейі, Рига қаласының және теңізде жүзу тарихы музейі. Латвия Көркемөнер музейі, Латвия Я. Райнис атындағы Әдебиет және өнер тарихы музейі, П. Страдынь атындағы Медицина тарихы музейі, Латвия Табиғат музейі, Тарих және теңізде балық аулау шаруашылығының ашық музейі, 1029 клубтық мекеме бар.

Ғылым және ғылыми мекемелер. Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар. 1920 жылға дейінгі жаратылыс танудың зерттеулері. 16 ғасырдан бастап Латвияда ғылыми зерттеулермен дәрігер, фармацевтер, гимназияның т. б. оқу орындарының оқытушылары шұғылданды. Белгілі физик Г. Ф. Паррот (кейіннен Петербург ҒА мүшесі) 1795-1801 жылдар Ригада қызмет іетеп, космостың және гальвани құбылыстарын зерттеп, «Физика мен химияның дәрігерлік іске тигізетін әсері» деген тақырыпта диссертация жазды. Латыш химигі Д.-Г. Гриндель Россияда бірінші химия-фармацевтік Рига қоғамын ұйымдастырып, тұңғыш фармацевтік журнал шығарды (1803-1810). 16-18 ғасырларда Латвия жерінің географиясы мен геологиясы зерттеле бастады. 18-19 ғасырларда Елгава ғылыми орталыққа айналын, ондағы Петрин академиясында швед минералогы И.Я.Фербер, химик Т. Гротгус, метролог М.Г.Пауккер т.б. ғалымдар оқытушылықпен айналысты. Рига политехникумы (1862 жылы ашылған) ірі ғылыми-зерттеу орталығына айналады. Мұнда химия және кейбір техника ғылымдары саласында зерттеулер жүргізілді. 1882-1887 жылдар физика химия ғылымының негізін салушы В. Оствальд химиялық ұсақтық теориясы, электрохимия және катализ мәселелерінен түбегейлі зерттеулер жүргізіп, өзінің белгілі еңбектерін жазды. Оствальд лабораториясында 1886 жылы С.Аррениус, химиялық кинетпка мен электролиттік диссоциация теориясының мәселелерін зерттеумен шұғылданды. Оствальдтың басшылығымен физикалық химия, стереохимия салаларындағы зерттеулерімен белгілі болған П.И.Вальден ғылыми жұмысын бастайды. Рига политехникалық институтында (1896-1919 ж.). катализ женінде (И.С.Телетов), аса қанық ерітінділердің кристалдануы (В. Фишер), инертті газдардың ерігіштігі (А. Антропов), радиоактивті ыдырау (Р. Свинне), оптикалық активті органикалық қосылыстардың физика-химиялық қасиеттері бойынша түбегейлі зерттеулер (П. Вальден, О. Луц) жүргізілді. Латыш математиктері елеулі табыстарға жетті. П.Боль периодты функцияның негізін салды. Ракета жасау мен космосқа ұшу теориясымен Ф. А. Цандер студент кезінен-ақ шұғылдана бастады. Латвиядан шыққан көптеген ғалымдар Петербург ҒА, Россияның университеттері мен институттарында қызмет істеді (физик А. Купфер, астроном Ф. Блумбах, биологтар Э. Эйхвальд, X. Пандер, микробиологтар Э. Земмер мен X. Гельман, математик К. Петерсон, химик К. Шмидт т. б.).

Советтік Латвиядағы жаратылыс тану және техникалық ғылымдардың дамуы. 1946 жылы Латвия ССР-інің ҒА ашылып, жаратылыс тану ғылымдары саласында бірнеше ғылыми-зерттеу инстиуттарының негізі қаланды. Ғылыми жұмыстар университет пен жоғары оқу орындарында өрістей түседі. Энергетикалық және шикізаттар қорын зерттеуге, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін шешуге ерекше назар аударылды. Металлургия, химия, машина жасау, фармация және тамақ өндірісінің техникасын жетілдіру, орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу мәселелерін шешуде түбегейлі жұмыстар жүргізілді. Ауыл шаруашылық саласында мәдени дақылдардың түсімін арттыру жағдайлары, мал шаруашылығында витаминдер мен минералды тұздарды пайдаланудың ерекшеліктері зерттеліп, топырақ құрылымының карталары жасалды. Латвия ғылымының дамуында П. Я. Леин (агрономия және мал шаруашылығы), П.Я. Номалс (батпақты жерлерде зерттеу ілімі), П.В.Ризги (омарта шаруашылығы), К.К.Нейланд (металлургия), Я.Я.Микельсон және П.Страдынь (медицина) еңбектерінің маңызы зор болды. 1958 жылы Рига политехникалық институты қалпына келтіріліп, техникалық ғылымдарды зерттеудің орталығына айналды. Латвия ССР-і ҒА-ның 1957 жылы Органикалық синтез институты, 1960 жылы Электроника және есептеу техникасы институты, 1963 жылы Полимерлер механикасының институты ашылды.

60-70 жылдардың бас кезінде неорганикалық химия саласында металдармен олардың қосылыстарының физика-химиялық қасиеттері әрі реакциялық қабілеттілігі, металл иондарымен органикалық комплекс түзгіштердің өзара әсер етуі, плазмохимия мәселелері зерттелді. Коррозия және металдарды қорғау теориясы саласындағы зерттеулер (Л. К. Лепинь т. б.) коррозиядан халық шаруашылығында қолданылатын жаңа тәсілдерін табуға мүмкіндік берді. Бірқатар металдар мен олардың аса таза қосылыстарын алудың экстракциялық-электрохимиялық ерекше әдістері жасалды (Б. А. Пурин).

Органикалық химия саласында синтездеу әдістері айқындалды. Латвия ҒА-ның органикалық синтез лабораториясында М. Г. Воронков пен оның қарауындағы қызметкерлері — қосылыстардың жаңа класы — атранды ашып, оның қасиеттерін зерттеп шықты. Физиологиялық активті қосылыстар химиясы ерекше дамыды (С. А. Гиллер т. б.), жұқпалы ауруларды (фурагин, солафур, нитрофурилен, летилан), нерв-психикалық ауруларды (метиндион, мидантан т. б.), қагерлі ісіктерді емдейтін (фторафур, имифос т. б.), қан — тамырлар жүйесін емдеуге (омефин, дитримин т. б.) қажет медициналық препараттардың жаңа турлері жасалды.

Физика және астрономия саласында сұйық металдардағы электромагниттік процестер зерттеліп, индукциялы және кондукциялы магнитті гидродинамикалық машиналардың теориялық негіздері (И.М. Кирко т. б.) және магнитті-гидродинамика процестеріндегі жылу және масса алмасу теориясы (Ю. А. Михайлов); химиктермен бірге плазма химиясы зерттелуде. Латвия ҒА-ың Физикалық институтының ядролық реакторының іске қосылуы мен радиацияның заттарға әсер етуін анықтау тәжірибелелі ядролық спектроскопияны зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. Университет физиктері жартылай өткізгіштер мен сегнетоэлектр материалдарын зерттеп, атомдық қақтығыс мәселелерін талдау жұмыстарын жүргізді (В. Я. Фриңберг, Ю. Р. Заклс, Э. К. Краулинь). Астрономдар кіші планеталардың эфемеридтері мен олардың орбиталарын есептеу, қызыл алып жұлдыздарын зерттеумен, радиоастрономия мәселелерімен шұғылдануда.

Математика және кибернетика салаларында жай дифференциалды теңдеулер мәселелері, сапалық теория мен шекаралық есептер асимптоталық жіктеу теориясы, интегралды теңдеулердің жуық тәсілдері дамытылды. Алгебра, математика, логика, автоматтардың математикалық теориясы, функционалды анализ салаларында зерттеулер жүргізілуде. Техникалық кибернетика саласында Э.А.Якубайтистың басқаруымен дискретті аппараттар мен машиналардың жаңа математикалық модельдері жасалуда, автоматтардың оптималдық теориялары, автоматтандырылған басқару жүйесі құрылымының математикалық модельдері зерттеліп (В. В. Пирогов т. б.), халық шаруашылығында қолданылады.

Техникалық ғылымдар. Республика энергетиктері Латвияның — энергетика шаруашылығын қайта құруда СССР-дің Солтүстік-батысының бір тұттас энергетикалық жүйесін құруда елеулі жұмыстар істелді.

Биология, ауыл шаруашылық, медицина ғылымдары. Өсімдікті қоректендірудегі микроэлементтердің ролі Я. В. Пейве) және витаминдер мен микроэлементтердің үй хайуандары организміндегі ролін анықтау, осы саттармен азықтандырудың оптимальды нормаларын белгілеуге (Я.М. Берзинь, А.Р.Вальдман т. б.) мүмкіндік береді. Латвияның халық шаруашылық үшін А. М. Озол мен Г. С. Сабардиннің ботаника және экология салаларындағы еңбектерінің маңызы зор болды. Республика жерін микроаудандарға бөлу мен геоботаникалық Картасын жасау аяқталды. Лимонолог ғалымдары республика көлдерінің ботаникалық типологиясын жасады. А. М. Кирхенштейннің басшылығымен Латвияда ауыл шаруашылық, техникалық, медициналық және ветеринариялық микробиология дами бастайды. Адам және жануар организмдерін инфекциядан сақтауға назар аударады. Топырақ тану мен агрохимия мәселелері (К.К. Бамберг, М. Е. Бекер т. б.) ауыл шаруашылық жануарларының зоологиясы мен селекциясы (Я.-А. Я. Лус) ауыл шаруашылығын механикаландыру мен электрлендіру (А. А.Цекулина т.б.), мелиорация (Э.П.Эйхе т. б.) мәселелері кеңінен зерттелуде. Медициналық ғылымы саласында онкология, патология мәселелері қолға алынуда. П. Я. Геркенің эмбриология, А. А. Шмндттің тамақтану, В.К. Калнберздың травматология мен ортопедия саласындағы еңбектері көпшілікке танымал. Ғалымдар гидрогеология саласында қалалар мен елді пункттерді сумен қамтамасыз ету, минералды су қорын анықтау мәселелерімен шұғылдануда. Теңіздегі геологиялық-геофизикалық зерттеу жұмыстарьшен Теңіз геологиясы-геофизикасы институты шұғылданады. Физика және экономикалық география бойынша зерттеу жұмыстарын П. Стучка атындағы Латыш мемлекеттік университетінің ғалымдары жүргізеді. Республика ғалымдары табиғатты қоргау ісімен де шұғылдануда.

Қоғамдық ғылымдар 1920 жылға дейінгі Латвиядағы қоғамдық ой. Латыштың қоғамдық ойы өз бастауын халықтың ауыз әдебиетінен алады; халықтың табиғат құбылыстарын түсіндіруінен аңғырт материализм мен стихиялы диалектика нышандары байқалады. Ауыз әдебиетінде латыш шаруаларының әсемдік жөніндегі алғашқы эстетикалық түсініктері бейнеленеді. Сондай-ақ фольклорда феодалдық қоғамдағы таптық қайшылықтар, бірнеше ғасыр бойы Прибалтика халықтарын езіп-жаншып келген неміс басқыншыларына қарсы латыш өшпенділігі суреттеледі. 13-14 ғасырларда неміс агрессорлары — крест жорығына қатысушылар өздерінің Прибалтикадагы үстемдік етуін дәріптеу үшін «хроника» құрастыра бастайды. Тек кейбір хроникерлер ғана (Б. Руссов 16 ғасырдың және К. Кельх 17 ғасырдың аяғы) шаруалардың қайыршылық жағдайын бейнелейді.

17 ғасырдың ағартушылық идеяларының ықпалымен прибалтикадағы неміс интеллигенциясы жеке өкілдерінің (И.Г.Эйзен, Г.Яннау, К.Снель т.б.) феодализмге қарсы шығармалары жарық көрді. Прибалтиканың Россияға қосылуы латыштардың ұлт мәдениетін орыс халқының демократияшыл мәдениетімен өзара ықпал ету жағдайында дамытуға мүмкіншілік берді.

18 ғасырдың 50-60 жылдары Латвияда орыс революциялық демократтарының еңбектері кеңінен тарайды. 60 жылдары П. Баллод сияқты Латвияның кейбір материалист озат қайраткерлері орыс революционерлерімен тығыз байланыста болды. 19 ғасырдың ортасында «жас латыштардың» буржуазиялық ұлтшыл-либералдық қозғалысы туады. Бұл қозғалыс неміс барондарының феодалдық артықшылығына қарсы бағытталды. «Жас латыштар» латыш халқының мәдениетінің дамуына, халықтық ағарту ісіне ат салысты. Олар латыш әдебиетінде тұңғыш рет философия мәселелерін кеңінен қозғап, латыш тілінде философиялық терминология жасады. «Жас латыштардың» өкілдері Ю. Алунан және К. Биезбардис табиғат тануда материалистік көзқарасты насихаттап дінге қарсы күресті, дүниені танып білуге болады деп дәлелдеді. 19 ғасырдың соңғы ширегінде шыққан латыштың буржуазиялық философтарының ең ірісі Я. Осис болды. 18 ғасырдың аяғында Тарту университетінде прогрессшіл ғалым Г. Меркельдің еңбектері шықты. Ол өз еңбектерінде латыш шаруаларын қанаган басыбайлылық пен феодализмді сынап, Россиямен достықты нығайтуды жақтайды. 19 ғасырдың 60 жылдары тарих ғылымында неміс дворяндары мен бюргерлердің саяси артықшылығын сақтап қалу жайында прибалтикалық неміс тарихшылары (К. Ширрен) мен славянофильдердің (Ю. Самарин) арасында қызу айтыс басталады. 90 жылдардың басында «Диенас лапа» газетінде диалектикалық және тарихи материализм жайында мақалалар басылып, халықты К. Маркс пен Ф. Энгельс, А. Бебельдің, Г. В. Плехановтың т. б. еңбектерімен таныстыра бастады. «Яуна страва» ағымының негізін қалаған Я. Райнис, П. Стунка, Ф. Розинь, Я. Янсон (Браун) еңбекшілер арасында философия мен ғылыми социализм идеяларын таратып, буржуазиялық философиясы мен социологиясының әр түрлі ағымдарына қарсы күреседі. Латвияда жұмысшы қозғалысының дамуы және марксизм идеяларының таралуымен байланысты. Латвия тарихы жөнінде тұңғыш маркстік еңбектер (Ф. Розинь «Латыш шаруасы», 1904, К. Ландер «Латвия тарихы», 1-3-т., 1908-1909) пайда болды. Латвияда революциялық ұйымдардың дамып, марксизмнің таралуында 1900 жылы К. Маркс пен Ф. Энгельстің «Коммунистік партия манифесінің» латыш тілінде шығуы мен Лениннің (1900 жылы көктемде) Ригаға келуі және 1904 жылы Латыш с.-д. жұмысшы партиясының құрылуының зор мәні болды. 1905-1907 жылдардағы революциялық кезінде Маркстің, Энгельстің, Лениннің бірқатар шығармалары латыш тіліне аударылды. Революция жеңілгеннен кейін Латвиядағы марксист-философтар революция теорияның тазалығы үшін күресіп, мистицизм мен буржуазия индивидуализмге қарсы шықты. Осы кезде Я. Райние, П. Стучка және Я. Янсонның еңбектері зор роль атқарды. Ұлы социалистік революциясына өзірлік кезінде латыш марксистерінің негізгі мақсат-ойы буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистік революцияға айналдыру жөніндегі лениндік жоспарды насихаттап, іс жүзіне асыруға бағытталды.

Тарих ғылымы. Ұлы Отан соғысынан кейін (Латвияда Совет өкіметі қайта орнағаннан кейін) Латвия ССР-і ҒА-ның Тарих институтында (1946) латыш халқының маркстік тарихын жазу жұмысы қайта басталды. К. Я. Страздиннің басқаруымен 3 томдық «Латыш ССР-і тарихының» академиялық маркстік курсы жасалды (1952-1958 жылдар орыс тілінде, 1953-1959 жылдар латыш тілінде). Феодализм тарихы жөнінде де бірқатар еңбектер жарық көрді. Экономикалық тарих жөнінде коллективтік еңбек «Латвияның экономикалық тарихи очерктері» шықты (1-2-кіт., 1968-1972), Я.П.Крастынның «Латвиядағы 1905-1907 жылдардағы революция», А.А. Дризулдың «Латвиядағы жұмысшылар қозғалысының тарихи очерктері (1920-1940)» деген еңбектері. А.П.Спреслистің монографиясы, латыш қызыл атқыштары жөніндегі коллективтік еңбектер т. б. латыш халқының революция күресі тарихының проблемаларына арналды. Октябрьден кейінгі кезең тарихы А. А. Дризулдың «Латвия фашизм езгісінде» (1959 жылы латыш тілінде, 1960 жылы орыс тілінде) және коллективтік монография «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы латыш халқының күресі» атты еңбектерде Латвияның Октябрьден кейінгі тарихы баяндалған. Латвия территориясында археологтар 100-ден астам ескерткіштерді зерттеген. Жыл сайынғы этнографиялық экспедициялар латыш халқының тұрмысы мен мәдениетін зерттеуге арналуда. Тарих ғылымы саласындағы зерттеулер Латвия университетінің тарих факультетінде, университеттің және басқа да жоғары оқу орындарының тарихы кафедраларында жүргізіледі.

Экономика ғылымы. Латвияда экономика ғылымы 1940 жылдан кейін жедел дами бастады. Капитализмнің саяси экономиясы, халық шаруашылығы мен экономикалық ойдың даму тарихы зерттеліп (Ф. Н. Деглов, А. И. Лейт, А. Я. Свикис, Л. Стародубский, Я. К. Калнинь, Г. Я. Либерман т. б.), буржуазия әр түрлі экономия концепциялары сыналады. Социализмнің саяси экономиясы саласында индустрияландыру, шаруаларды кооператпвтендіру, Латвиядағы социализмнің материалдық-техникалық базасы, өндіріс күштерін орналастыру, одақтас республикалармен экономикалық байланыс мәселелері зерттелді. 60-70 жылдарда республиканың өндіріс күштерін онан әрі дамытуға арналған П.Гулянның «Латыш ССР халық шаруашылығы жүйесінде» (1967 ж.), республика ҒА-ның экономика институтының «Латыш ССР-нде халық шаруашылығының даму мәселелері», «Ауыл шаруашылығы өндірісін экономикалық жағынан ынталандыру» (1969), «Колхоздарға еңбек ақы төлеудің жиынтық қорын жасау» (1972) атты монографиялық еңбектер жарық көрді. Латвия халық шаруашылығының түрлі сатыларына арналған жоспарлаудың және басқарудың автоматтандырылған жүйелері жобалануда. Экономика ғылымының орталықтары: Латвия ҒА-ның Экономика институты (1946 жылы құрылған), Латвия ССР-інің Мемлекеттік жоспарлау ғылыми-зерттеу институты (1970). Есептеу орталықтары мен акономикалық информация жүйелерін жобалау және коньюктуралар мен талап-тілекті анықтаудың одақтық ғылыми-зерттеу институттарының Латвия бөлімі.

Заң ғылымы. 20 ғасырға дейін Латвияда заң қызметкерлерін даярлайтын бірде-бір жоғары оқу орны болған жоқ. Латвия университеті экономика факультетінің право бөлімінде (1919 жылы ашылған) буржуазия юристері сабақ берді. Совет өкіметі қалпына келтірілгеннен кейін бұл факультетте жоғары оқу орындарында білім алған оқытушылар, сонымен қатар қарт профессорлардың бір бөлігі жұмыс істеді. 1944 жылы Латвия университетінде заң факультеті құрылды. Осы факультет кафедраларында және Латвия ҒА Экономика институтының 1958 жылы құрылған право секторында мемлекеттік және право жөнінде ғылыми жұмыстар жүргізілуде (1963 жылы университеттің ғылыми мекемелер жүйесінде). Ғалым-юристер право ғылымының негізгі салаларын зерттеумен шұғылдануда. О. П. Гринберг, В. О. Милшер, Э. Я. Стумбина және басқалар Латвия мемлекет және право тарихы мен теориясы, мемлекеттік және әкімшілік право, заң және саяси ой-пікірдің дамуы салаларында жұмыс істеуде. Қылмыстық право, қылмыстық процесс және криминалистика саласында зерттеулер жүргізіліп, қылмыскерлікке қарсы күрес нәтижелілігін арттыру жолдары қарастырылуда (А. А. Лиеде, Э. Я. Стумбина т. б.). Совет құрылысы, азаматтық, еңбек, семья және колхоз праволары проблемалары кең көлемде зерттелуде (Я. Я. Страутманис, Я. Р. Веберс). Латия заң ғалымдары республика кодекстері мен заң актыларын жасауға қатынасуда.

Ғылыми мекемелері. Латвияның 101 ғылыми мекемесінде (жоғары оқу орындарымен қоса) 9800 ғылыми қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 220 ғылым докторы, 2900 ғылым жандидаты, Латвия ҒА-ның 23 толық мүшесі, 26 корр. мүшесі бар. Басты ғылыми мекемелері: Латвия ҒА (1946 жылы құрылған), оның құрамында 3 бөлім, 16 ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелер бар. Латвияның ғалымдары одақтас республикалар академияларының, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, бүкіл одақтық ғылыми орталықтардың мамандарымен бірлесіп қызмет істейді. Латвия ҒА-ның Биологиялық институты Совет Одағының бірқатар ғылыми мекемелерінің мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында микроэлементтерді қолдану проблемалары жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді. Институт ҒА-ның К. А. Тимирязев атындағы өсімдік фнзиологиясы институты, МГУ, Белоруссияның Топырақ тану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтымен үздіксіз байланыста жұмыс істейді. Латвия ҒА-ның Микробиологиялық институты ҒА-ның А. Н. Бах атындағы био-химиялық институтымен бірлесіп қызмет еітеді.

Әдебиеті. Латыш халқының ұлттық әдебиеті 19 ғасырдың орта кезінен бастап, ұлт-азаттық қозғалысының ықпалымен өрлеу жолына түсті. Оған дейін неміс феодалдарының езгісінде (13 ғасырдан) болған елдің көркем әдебиетінің кең дамуына мүмкіндік болмады. Тек 16 ғасырда ғана латыш тілінде діни мазмұнда жазылған бірен-саран кітаптар жарық көрді. Латыш әдебиеті негізгі бастауын халықтық бай фольклордан алды. Халық творчествосының ертегі, аңыз, анекдот сияқты үлгілері, әсіресе, халық өлеңдері мол дамыған. Латыш халықтық жырларының «Латыш дайналары» (1-6-т., 1894-1915) деп аталатын алғашқы толық басылымын белгілі латыш фольклорисі Кр. Барон (1835-1923) құрастырып шығарды. Ю. А. Алунанның (1832-1864) «Өлеңдер» атты жинағы (1856) латыш жазба поэзиясының негізін салды. 19 ғасырдың 2-жартысында Латвия әдебиетінде романтизм өріс алды. Оның басты өкілдері — Аусеклис (шын аты — М. Крогземис, 1850-1879) пен А. Пумпур (1841-1902). Бұлардың шығармаларында бостандык идеясы басым суреттелді. А. Пумпур «Лачплееис» атты еңбегінде (1888) халық бақыты үшін күрескен қаһарманның образын жасады. Проза саласындағы алғашқы елеулі туынды — ағайынды Матис (1848-1926) және Райнис (1839-1920) Кауцзиттердің «Жер әлшеушілер дәуірі» (1879) романы болды. А. Алунан (1848-1912) пьесалары латыш драматургиясының негізін қалады. Бұл кездегі Латвия жазушыларының творчествосына орыстың реалистік әдебиеті үлкен ықпал етті.

Латыш әдебиеті дамуының жаңа дәуірі 19 ғасырдың 90 жылдарынан басталады. Бұл кезде латыштың аса көрнекті ақыны Я. Райнис (Плиекшан, 1865-1929) шығармалары, буржуазия қоғамды сынап, қанаушыларды жоюға шақырған революционер ақын Ә. Вейденбаум (1867-1892) өлеңдері және осы кезеңнің белгілі ақын-жазушылары Аспазия (1865-1943), Э.Трейманис (1866-1950), Я. Янсон (1872-1917), Р. Блауманис (1863-1908) т. б. туындылары халыққа кеңінен мәлім болды.

1905-1907 жылдардағы буржуазия революция тұсында Я.Райнистің «Көкшіл кештегі алыстан естілген үндер» (1903), «Дауыл егісі» (1905), «Жаңа дәуір» (1906), «Тыныш кітап» (1909), «Ұмытылмайтын жандар» (1911) т. б. кітаптарында халықтың революцияны жақтаған көңіл күйі шынайы суреттелді. Оның «От пен түн» (1905) пьесасы еңбекші халықтың азаттық жолындағы күресі мен ой-арманын жарқын бейнеледі. Судрабу Эджус (1860-1941), А. Боукленайс (1891-1918), В. Плудонис (1874-1940) т. б. шығармаларында да революция рух көрініс тапты. 20 ғасырдың басында латыш әдебиетінде сыншыл реализм нығая түсті. Оның басты өкілі — А.Упит (1877-1970) өзінің «Буржуа» (1907), «Жаңа бастаулар» (1908), «Әйел» (1910), «Жібек торда» (1912), «Алтын» (1914) т. б. роман-повестерінде дәуір шындығып терең суреттеді.

Ұлы революциясы кезінде латыштың советтік әдебиеті туды. Оның алғашқы өкілдері — Л. Паэгле (1890-1926), Я. Судрабкалн (1894 ж. т.) т. б. шығармалары революцияшыл әдебиеттің даму бет алысын айқындады, әдебиеттің идеялылығы мен партиялылығының үлгісі болды. Алайда, бұл бағыттағы латыш әдебиеті ұзақ өмір сүре алмады. 1919 жылы мамырда Латвияда буржуазия өкімет үстемдікке ие болды. Буржуазия Латвияда әдебиет таптық күрес жағдайында дамыды. Прогресшіл жазушылар буржуазия демократияны (1920-1934), фашистік диктатураны (1934-1940) сынға алды. Алдыңғы қатарлы жазушылар шығармаларын астыртын бастырып таратты. 20-30 жылдары А.Упиттің, В.Ланистің (1904-1966) таланттары ерекше танылды. Упиттің «Ян Робежниектің қайтып оралуы» (1932), «Ян Робежниектің өлімі», В. Лацистің «Балықшының баласы» (1934) романдары халық сүйіп оқитын туындылар болды.1940 жылы Латвияда Совет өкіметі қайта орнады. Содан кейінгі дәуірде латыш әдебиетінде социалистік реализм қалыптасты. Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі кезеңде А. Ушіттің «Жасыл жер» (1945, СССР Мемлекеттік сыйлығы, 1946), «Бұлттағы сәуле» (1951), В.Лацистің «Дауыл» (1945-1948, СССР Мемлекеттік сыйлығы, 1949), «Жаңа жағаға» (1950-1951, СССР Мемлекеттік сыйлығы, 1952), А. Саксенің (1905 ж. т.) «Тау ішінде» (1948, СССР Мемл. сыйлығы, 1949), т. б. романдары туды. Я. Судрабкалн «Туысқандық семьяда» өлеңдер жинағын (1947, СССР Мемл. сыйлығы, 1948) шариялады. Ол көп жылғы жемісті әдеби және қоғамдық қызметі үшін Соц. Еңбек Ері атағын (1972) алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *