Келесі өрнектің бірі — «табақ»

Шеберлер өз бұйымдарын сәндеуде өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін көп қолданған. Мұндай өрнектер іс жүзінде әлемдегі барлық халықтың мәдениетінде кездеседі. Өсімдік тектес оюлар қазақтың қолданбалы шығармашылығында лайықты орын алады. Олар — жапырақтар, жапырақшалар, үш жапырақты өсімдіктер, бүршіктер және гүлдер.

Мысалы, «гүл» өрнегі — гүлдердің барлық түрінің символы. Шебер әйелдер киім-кешектерді әшекейлеуде өсімдікті өрнектерді жиі қолданады.

Келесі өрнектің бірі — «табақ». Ол күрделі композициядан тұрады, яғни ортасында гүлдер, жапырақтар, шырмауықтар орналасады да, жиегі «су» өрнегімен әшекейленеді. «Табақ» көбінесе ас үй жиһаздары мен тұскиіздерді, аяққаптар (ыдыс-аяққа арналып киізден жасалған дорба үлгісіндегі қап, ол уық пен керегеге ілінеді) мен дастарқандарды әшекейлеуде пайдаланылады.

Кілемдердің барлығы өсімдік тектес ою-өрнекке өте бай. Кейде аралас өрнектермен әшекейленген бұйымдар да кездеседі. Оның жарқын үлгісі — киіз үй. Киіз үй іші ерекше талғаммен жасалган. Ою-өрнекпен әшекейленген жиһаз, ыдыс-аяқ, шиден жасалган әрнекті тоқыма, кесте бүйымдар, қабырға кілемдер, тұскиіздер мен перделер киіз үйдің :шін жайнатып жібереді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *