И і с   с е з у    Г а л л ю ц и н а ц и я с ы

  И і с   с е з у    Г а л л ю ц и н а ц и я с ы әр түрлі жалған иістердің – түтін, күйік, шіру иістерінің, оқта-санда жағымды иістердің көрінісі ретінде байқалады. Жалған иістер қарқыны жағынан әр түрлі, кейде жеңіл түрінен бастап, тұншықтыратын түріне дейін болады.

     Д ә м    г а л л ю ц и н а ц и я с ы  әдетте  иіс сезу галлюцинациясынан  ажырағысыз байқалады; бұл қабылдап жүрген тағам мен сусынға ұқсамайтын, кейде жағымсыз, жиіркенішті дәм түрінде сезіледі.

     Т а к т и л ь д і к   г а л л ю ц и н а ц и я д а   денеде жәндік, құрт өрмелеп бара жатқандай, дененің бетінде немесе  тері астында белгісіз бір заттардың пайда болуы сияқты сезіледі.

      Висцералдық галлюцинация – дененің қуысында, әдетте іште, басқа бір заттар,  жаны бір тіршіліктер  қозғалып, жыбырлап немесе қозғалыссыз жатқандай  сезім  туғызады.

      К ү р д е л і    г а л л ю ц и н а ц и я –да  бір мезгілде әр түрлі галлюцинация түрлері  ұштасып келеді.

     Ауру адамда галлюцинацияның бар екендігіне болжам оның сыртқы  түрі мен мінез-құлқына қарап жасалады.  Көру галлюцинациясында аурудың көзқарасы бір нәрсеге  шоғырланған, кейде  қорыққан,  масаттанған түрлерде байқалады.

      Галлюцинация томаға тұйық, оқшау болмайды, ол үнемі психоздардың  бір көрінісі  түрінде байқалады. Көру галлюцинациясы, көбіне сезу галлюцинациясы әдетте сананың тұмандануынан басталады. Сөздік галлюцинация көбіне санасы айқын болғанда да дамып, әдетте сандырақ түрінде қабаттасып отырылады.

      Ж ав л ғ а н   г а л л ю ц и н а ц и я   галлюцинацияның өзіне қарағанда анағұрлым жиі байқалады. Жалған галлюцинацияда да шын галлюцинация сияқты  белгілі бір, нақты сезім байқалады. Ырықсыз пайда болатын елес , « даусыз », иіс және басқалары сезіледі.

      Г и п н а г о г и к а л ы қ    г а л л ю ц и н а ц и я  — ұйықтар алдында, көз жұмулы қалыпта, қараңғылық кезінде пайда болатын,  ырықтан тыс елес. Мұндай елестер барынша әр алуан өтеді;  ғажайып, тамаша өрнектер, фантастикалық тіршілік иелері, адам денесінің  жекелеген бөліктері, әр түрлі заттар, жануарлар, пейзаждар, панорамалар байқалады. Осының негізігде елестің мұндай түрі нақты объектілермен теңестірілмейді, олар жалған галлюцинациямен жақындасады.

      Зат алмасудың бұзылуы заттардың айрықша түрі әсер еткенде ,  оның ішінде адренохром мен буфотенинннің пайда болуымен дәлелденеді.  Бұл заттар патологиялық жағдайлар кезінде мида түзіледі.

      И л л ю з и я – нақты заттар мен құбылыстарды жалған, қате қабылдау. Нақты объектіні жалған қабылдаудың міндетті түрде болуы иллюзияны галлюцинация дан ерекшелеп тұрады.

       Иллюзия  аффектілік, вербалдық  және парейдолиялық болып бөлінеді.

       Аффектілік иллюзия  көбіне қорқыныш, мазасыз, жабыраңқы көңіл күйде басталады. Бұл жағдайда бөлменің бұрышында ілінген киім немесе халат жасырынып тұрған кісі өлтірушіге ұқсайды.

       Вербальдық иллюзия  нақты өтіп жатқан айналадағылар әңгімесінің мазмұнын жалған қабылдауға байланысты боладлы. Ауруға  мүлде қатыссыз тақырыпта болса да ,  маңайдағылардың сөздерінен, олардың ескертпелерінен, сұрақтары мен жауаптарынан олар өздеріне айналған айыптауларды есітеді.

       П а р е й д о л и я л ы қ    и л л ю з и я аффекті елеулі түрде өзгермей-ақ , бірақ психикалық  қызмет тонусы азайғанда, оның кенжар күйінде болады. Оның мазмұны образды және қиялға ұқсайды.

  

                                    Эмоциялық симптомдар

         З й ф о р и я – құштарлық билеп алатын жоғары, қуанышты көңіл-күй. Көңілдік байқалып, тамаша денсаулық сезімі , төзімділік пен күш билеп алады. Көптеген психиатрлар сипатталған көңіл-еүйді «гипертемия» терминімен белгілейді. Эйфория деген түсінікте көтеріңкі көңіл-күй ұғынады.

         Д и с ф о р и я  — нашар, жек көрінішті, риза болмайтын, жабыраңқы , өш көңіл-күй, кейде қорқынышты көңіл-күй де қосарланады.

         Э м о ц и я л ы қ  ә л с і з д і к – көтеріңкі көңіл-күйден төмен көңіл-күйге кілт ауытқитын айқын бөлінетін  тұрақсыздық, оның үстіне, көтеріңкі лік, әдетте, сезімге берілгіштік, ал төмен көңіл-күй күйректік реңк алады.

         Е н ж а р л ы қ   —   маңайдағының бәріне және өз жағдайына немқұрайлық, қанағатсыздық, ойсыздық.  Ештеңе де эмоциялық жауап туғызбайды.  Бейнелеп айтқанда бұл күйді, терең ессіз ұйқыдағы сияқты күйде ұйықтамайтын көзі ашық жағдайда келетін өлім деп атайды.     

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *