ГАЛЛЕЙ КОМЕТАСЫ

ГАЛЛЕЙ КОМЕТАСЫ — эллипстік орбитасы тұңғыш рет есептеліп шығарылған және оның Күнге қайтып оралатын уақыты анықталған жарық комета. Бұл кометаны бірінші рет Э. Галлей болжаған (1705), ал француз ғалымы А. Клеро оның перигелийден өту мерзімін дәл есептеп шығарған. Галлей кометаның Күнді айналу уақыты шамамен 75-76 жыл. Галлей кометаның перигелийдегі қашықтығы 0,587, ал афелийдегі қашықтығы 35 астрономиялық бірлік. Галлей кометаның алдын ала көрсетілген уақытта, яғни 1759 ж. 12 наурызда перигелийден өтуі, Ньютон механикасының дұрыстығын дәлелдеді. Мұнан кейін Галлей комета перигелийден 1835 ж. өтті. Галлей кометаның соңғы рет 1910 ж. 19 майда перигелийден өтуі кометаның физикалық табиғаты жөнінде мағлұмат алуға мүмкіндік берді. 1909 жылға дейін Галлей кометаның б. з. б. 446 жылдан бастап 29 рет байқалғандығы дәлелденген. Галлей кометаның перигелийден 1986 жылдың қаңтарында өткен. Бұл — комета құрамын тікелей анықтау мақсатымен оған ракета-зонд жіберуге қолайлы жағдай болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *