«Атаулар (терминдер) кестесі» әдісі

«Атаулар (терминдер) кестесі»

Сабақ басында тақтаға тақырып бойынша 3 негізгі атауларды (терминдерді) жазып,оқушыларға оларды мынандай кестеге түрлендіруді ұсынамыз:
№1 атау №2 атау №3 атау
Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері

Оқушылар бұл тапсырманы алдымен жекелей (2-4 минут) орындап, одан кейін кестелерін топ (немесе жұп) ішінде оқып, талқылап, толықтырады (3-6 минут). Сыныптық талқылау барысында (4-6 минут) мұғалім оқушылардың өз кестелерін жариялауды ұсынады немесе тақтада келтірілген кестені оқушылардың жауаптары бойынша толтырылады.
Сабақ соңында бұл кестеге қайта оралып, келтірілген мәліметтердің дұрыс/бұрыстығы анықталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *