Әлем тізгіні – білімдінің қолында

Әлем тізгіні – білімдінің қолында

«ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтере алады»
Н.Ә. Назарбаев

Бүгінгі күні іс жүзінде жаңартылған білім мазмұны жүйесі бойынша біліктілігін арттырып келген оқытушылар оқыту үрдісіне оң өзгерістер еңгізіп, білім сапасының артуына ықпал етуде.
Білім беру жүйесінде басты ресурс – адам әлеуетін жасайды. Сапалы білім беру бұл – өндірістің айрықша саласы, оның өнімі де ерекше. Кез келген елде сапалы білім беруі адамзат санасын осы елде өмір сүру мен еңбектенуге әзірлейді. Ел алдындағы қызметі оның азаматтарының мақ- саттарын айқындайды.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу – тәрбие үр- дісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болуда.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қана- ғаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы тура- лы түсінгенім мен ұғынғаным мол. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр сырын зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа келуім бағдарлама туралы туындаған сұрақтары- ма жауабын табуыма мүмкіндік берді.

Дәстүрлі оқытудың мазмұны мен әдістемесі білім алушының пән бойынша оқу материалын теориялық мазмұнда игерсе, ал тәжірибеде қолданылуы шектеулі болғаны белгілі. Бұл, әрине, оны тәжірибелі іс-әрекеттерді белгіленген алгоритм бойынша орындауға көп еліктетті, бірақ әрбір әрекетті дәл, нақты орындауға ұмтылдырды.
Ал білім беру үдерісінінің жаңа бағдарламасымен оқытудың әдіс тә- сілдерімен білім алушының тұлғалық және кәсіби-тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыта, оның меншікті әлеуетіне негізделе, өз бетімен оқу – танымдық іс-әрекеттерді жүргізу, тапсырмаларды дербес орындап, шығармашылық және интеллектуалды қасиеттерін жетілдіруді, өзін-өзі жетелеуді, танымдық әдістерді сауатты шешіп, табысты нәтижелерге же- туге барлық танымдық потенциалды жұмылдыруға бағыттайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *