Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»
А. Дистерверг

Елімізде орта білім беру саласында іргелі өзгерістер орын алып, жа- ңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңімен көшуде. Осы ретте педагог мамандарды дайындайтын жоғары оқу орны мамандарына да зор жауап- кершілік жүктеліп отыр. Еңбек нарығына сай сапалы мамандарды оқы-

тып шығару үшін жоо орны оқытушысы да осы жаңартылған білім маз- мұнын игеруі қажет.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шенберлік орталығында ұйымдастырылған педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орны профессор-оқытушы құрамының біліктілігін арттыру курсына қатысу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Шет тілі:екі шет тілі мамандығы бойынша педагог кадрларды дайындауда курс барысында тыңдаған дәрістердің, өткен тренинг сабақтардың алар орны ерекше. Мұ- ғалімнің басты жұмысы жоспарлаудан басталса, сабақта қолданылатын оқытудың тиімді тәсілдерін орынды қолдана білуді сол жоспарға дұрыс енгізе білудің өзі мұғалім үшін маңызды. Әр түрлі тәсілдер, дескриптор- лар құрастыру, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын дайындау тә- сілдерін үйрендім. Блум таксономиясы, 7 модуль, саралап оқыту, сыни тапсырмаларды орындауға үйрету оқушының тілдік материалды жеңіл меңгеруіне септігін тигізеді.
Сабақта кері байланысты ұйымдастыру оқушының өтілген материалды қаншалықты деңгейде меңгергенін, нені білгісі келетінін анықтауға мүмкін- дік береді. Кері байланысты графикамен, ауызша және жазбаша беруге бо- латынын білдім. Сабақ барысында қолайлы оқу ортасын ұйымдастыру және оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту үшін түрлі сергіту жаттығула- рымен таныстым. Сондай-ақ, оқытудың жаңа стратегиялары топтық, жұп- тық жұмыс түрлерімен таныстым. Оқушылар жұппен, топпен біріге отырып жұмыс жасауға және бірін бірі бағалауға дағдыланып, пәнге деген қызығу- шылықтары артады. Сөйтіп оқушы бойында ынтымақтастық, мейірімділік, шыдамдылық, ұжымдық жауапкершілік қасиеттері қалыптасады. Оқушы- ларды сыни тұрғыдан ойландыра алатындай ашық сұрақтар мен деңгейлік тапсырмалар бере отырып, оның деңгейін анықтауға болады.
Қорыта айтқанда, курстың тыңдаушыларға берері мол. Ақпараттық технологияның қарыштап дамыған шағында заман көшіне ілесіп, жаңар- тылған білім мазмұнына жаңаша көзқараспен қарауымыз қажет. Ел болам десең, ұрпағыңды түзе деп текке айтылмаса керек. Егеменді еліміздің бо- лашағы білімді ұрпақ қолында екенін, әсте, бір сәт естен шығармайық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *