ҚАРАБУРАЛА | ӘҢГІМЕ

Ерте, ерте, ертеде ме? Жоқ, бұл сәл болашақтан дәм татқан ертегі болмақ, құлақ ұзыны тыңдасын, ішек қарны күлкіден тыйылмасын. Каир түбіндегі Египет шаһараның қазынасын іздеп жүрген қыз тер-тепшесі шығып, әр нәрсені шұқумен тыным таппай жүр. Оның мақсаты –  осы араның тың құпиясын зерттеп, тапқан бағалы затты мұражай шынысына тайға таңба басқандай қыстыру. Бір кезде  кішкене күрегінің аузына ауыр заттың теңбілі тигендей болмасы бар ма? Қыз баласы әуелде алтынға қызық дегендей, әлгі ауыр затты қыз дереу арада қазып алды. Қараса, ешқандай да алтын жылтырамаған, яки, алтын жалаттырмаған құр қанқасы қалған шәйнек. Қыздың әрине ит терісі басына шықты. Бірақ: «Ешнәрсені де лақтырма!» – деген анасының дауысы қыз құлағын мазалап қоймаған соң, ол шәйнек бетін үрлеп, Қожанасырдың дорбасындай сөмкесіне салды. Кенет, әлгі шәйнектің оны белгісіз елге апармасы бар ма? Қыз жан-жанжағына қарап еді, манағы құмырсқаша тері шыққан жолдас серіктерінің біреуі де жоқ. Қыз мән жайды білу мақсатында, жақын маңдағы қаланы іздеді. Түсі ме? Өңі ме? Әлде көзіне елестеді ме? Оның алдында әлемннің жеті керемітінің біріне айналған – Бағдат. Сұлу қаланы тамашалап үлгірмеген қыздың басын біреу ауыр затпен бір перді. Қыз  жерге етбетімен құлады. Есін әрен жинаған қыз орынынан әзер дегенде тұрды. Қыз көзімен айналаны бір шолып шықты да, бір жігіттің шай құйып отырғаның көрді. Бойжеткен  әдейі баяу жүріспен әлгі жігітке жақындады да:

  • Бұныңызға жол болсын! Неге басымнан бір пересіз?!  Әйел затына қолыңызды көтеруге қалай дәтіңіз барды? Сізді де жігіт дейді ғой!  –  деп шап беріп айқалай жөнелді. Сонда жігіт ашуы жанына сыймай бара жатқан қызға:
  • Нағыз жігіт өзің әйел дейме екен? – деп әлгі жігіт ішек сілесі қатқанша күлді. Қыз оның не айтқанын түсінбей, шеттегі жатқан айнадан өзін көріп шошыды. Ол осы сәтте бар дауысымен жерді жарғандай айғалады. Сонда жігіт баяғы сабырлы үнмен:
  • Айғаламаңыз! Сіз жақын маңда Марғаулан патшаның жиыны болып жатқанын білмейсіз бе? – деді. Сонда қыз әлі де мән-жайды түсінбей:
  • Не дедіңіз? Марғаулан деген кім тағы? Қазір қай уақыт? –  деп әлгі жігітке түрлі сауал қоюмен болды. Ақыры жігіт сансыз сұрақтан шаршап:
  • Менің ныспым Қарабурала, ал сіздің есіміңіз кім жігіт-әйел? –  деді. Сонда қыз ауызына құм құйылып, не дерін білмей:
  • Менің де есімім Қарабурала демесі бар ма? Жауабына күмәнмен қараған жігіт:
  • Қызық екен, Бағдат қаласында дүйім жұртты айласымен тәнті қылған жалғыз Қарабурала бар, ол –  мен. Ал сіздің Қарабурала болуыңыз шынымен де күдік тудырар жайт. Сонда қыз:
  • Менің шәйнегімді көрген жоқсыз ба? – деді. Өз жауабын алып үлгермеген жігіт қызға таңқала қарап:
  • Әжемнің қара шәугісін айтасыз ба? – деп қыз іздеген шәйнекті көрсетті. Қыз: «иә», – деп әлгі шәйнекті алуға талпынып еді, жігіт шәйнекті қызға бермей, ашу шақырды.

         Екеуі жан-жалдасып отырған сәтте Марғаулан патшаның ұзын құлақтылары келіп, қақтығысқан екі жігітті «қала тынышын бұзасыңдар» деп бір-бірінен ажыратып, арбаға салып әкетті. Екі жігітті абақтыға тастады да, дым болмағандай өз жөндерімен кетті. Сонда екі жігіттің дауы одан сайын өрбіді. Қыз (екінші Қарабурала) жігітке ашулы жүзбен қарап:

  • Осының бәріне сіз кінәлісіз! Қарабақа! Ұрысқақ әтеш! – деді. Қыздың «Қарабақа» деп айтқан сөзіне ашуы келген жігіт қызға сұм жүзбен қарап:
  • Менің есімім қарабақа емес, Қарабурала! Өзіңіздің есіміңіз де Қарабурала екенін ұмытпаңыз! –  деді.

         Сонда екі жігіттің қақтығысына сүйсініп отырған күзетші жігіт «Қарабурала» деген есімді естей сала, қамау бөлмесінен есікті тарс жауып шығып кетті. Қыз бен жігіт бір-біріне: «Не болды ?» –   деген сауалмен қарады. Ұзақ үнсіздіктен кейін патша сақшысы келіп, қыз бен жігіт қамалған торға кірді де, қызға қарап:(ұл кейпінде):

  • Патша ағзам Қарабураланы алып келіңдер деп бұйырды. Сендердің қайсысың Қарабураласыңдар? – деп су  аққан мұрнын сүртті де қыз бен жігітке алма-кезек қарады.

 –  Ол! –  деп шын Қарабурала жігіт кейпіндегі қызға сұқ саусағын  нұсқады.          «Жақсы», – деп сақшы қыздың қолына кісен салып, алып кетпекші болды. Ал қолына кісеннің ауыр темірі тиген қыз жігітке жиіркенген түрмен қарады. Жігіт бұл сұм жүзді байқағанмен, сыртқа білдіртпей көкке әдейі қарап отырды. Қолына кісен іліккен қызды (жігіт кейпіндегі)  сақшы барынша тез сарайға апаруға тырысты. Себебі, хан жарлығы бойынша Қарабураланы алып келген жанға жүз сом ақша берілетін еді. Жүз сомның исін аңсаған сақшы қызға: «Жүр тез» – деп жекірумен болды. Міне, олар ханның жұмақтай бал-бұл жайнаған сарайына да келіп жетті. Бағдадтың кәусар аққан сарайына кіруге мүмкіндік алған қыз ойында: «өлемін-ау!» – деген жантүршіктірерлік наз орын алмады. (Ұл кейпіндегі қыз) Қарабурала келді дегенді естіген  патша өзінің зүбәржатқа оралған бөлмесінен кеудесін көкке көтере шықты. Осы тұста: «Ол шынымен келді ме?» – деген өсек-аяңдардың патша сарайында дән сепкендей тарағанын да атап өту қажет. Әсіресе, өсек дегенде жанын шүберекке тиетін ханшайымның күтушісі Кеукелектің қалай қуанғанын білсеңіздер ғой. Кеукелек –  оның лақап аты. Шын есімі  Кержусан. Неге есімін оң атамай, бүркенші атты жабыстырып алған  дейсіздер ме? Себебі, осындай бүркенші есімді жабылуына оның мінезі негіз болып отыр. Кержусан табиғатынан сөзуар, аңғалдау, безгек қаққыш, тынымсыз жан. Сондықтан, оның осы мінезінен шаршаған сарай тұрғындары оны «Кеукелек» деп атайды. Кеукелек ханшайымның күтушісі деп бағана айттып кеттік.  Ханшайым деп отырғанымыз Ұлы мәртебелі патшаның жалғыз мандайға біткен қызы әрі мұрагері –  Жаншырай. Жаншырай әлбетте басқа ертегінің ханшайымдары іспетті сұлу. Бірақ оны басқа ханшайымдардан ажырататын бір ерекшелігі бар. Ол – адамға мұздай суық. Көпшілкпен араласқанды ұнатпайды. Тіпті Кеукелекпен де жиі араласа бермейді. Ханшайым өзінің уақытын тиімді және өнімді өткізгенді жөн көреді. Сол себептен, әр сағатын, әр уақытын кітап оқуға немесе білім алуға арнайды. Сонда бос уақытында не істейді дейсіздер ме? Жә, мен көп әңгімелеп кеттім ғой. Әрі қарай ертегі өзі баяндасын.

         Марғаулан патша Қарабураланы көріп оны тұншықтырып алатындай қатты құшақтап алды. Сосын, оған төргі бөлмеге жол ұсынды. Қарабурала (қыз) Марғаулан патшаның жомартық танытқанына қатты таңқалды. Әдетте, патшалар өте сараң келеді емес пе? Олар әңгімелесіп, тәтті тағамдар мен жеміс сусындары қойылған  ұзын үстелге барып жайғасты. Қарабурала тамақ ішпесе аштан өлетінін сезіп дастархан үстіндегі жемістерден ауыз тие бастады. Марғаулан патша қызметшілерге бөлмеден шығуларын бұйырды. Олар патшаның сөзін екі етпей бірден бөлмеден шығып кетті. Марғаулан Қарабуралаға  жымия қарап:

  • Қарабуралажан, мен саған қызымды берсем, маған не бересін? – деді.

         Қарабурала оның сөзін естіп қатты қақалып қалды. Ол өз кеудесін қағып, қолына су құйылған ыдысты алып,  жалма- жан сіңіре бастады. Бұл қол жууға арнап қойылған ыдыс еді. Бірақ қорықпаңыздар. Оның ішіндегі су тап-таза. Сондықтан, Қарабуралаға ештеңе бола қоймады деп есептеңіздер. Марғаулан патша: «Тағам пісіруде аспаздар оғаштық жіберіп қойды ма?» – деген оймен бас аспазды шақырып алды. Қарабурала суды сіміре берді. Марғаулан патша аспазға суық жүзбен қарап:

  • Неге менің қонағым ықылықтап жатыр? Сендер тағамға не қостыңдар? –деді.
  • Ұлы мәртебелі патшам, біз тағамға арттық ешнәрсе қосқан жоқпыз, – деп бас иді бас аспаз.

Қарабурала беті қолын ормалмен сүрттіп, патша мен аспазға қарап:

  • Патша ағзам, ықылық деген табиғи құбылыс емес пе? – деді.

        Бас азпаздың жүзіңде күлкінің нышаны байқалды. Марғаулан патша бас аспазды бөлмеден қуып шығып, өзі Қарабуралаға қарап былай деді:

  • Сонымен, сен менің сұрағыма жауап бересің бе? Жоқ па? Маған не бересің деймін!

Қарабурала (қыз) патша қарап сәл ойланып тұрды да:

  • Ұлы патшам, маған сіз қызыңызды бермей-ақ қойыңыз. Ал мен өз жөнімен кете берейін. Асыңыз дәмді болсын! – деп орнынан жаймен тұрып есікке қарай беттеді.

         Ол есікті ашып еді, оған қарап күзетшілер семсерді сермеді. Қыз оңай патшадан құтылмасын біліп, әдейі есінен танып қалды. Марғаулан патша дереу дәрігерлерді шақыртты. Қыз тәтті ұйқыда жатты. Ол түсінде ең бағалы алтынды тауып алғанын және сол үшін бастықтан мәртебелі сөздер естіп жатқанын көрді. Кенет ол бастықтың шыңғырып жатқанын көрді. Қарабурала (қыз ) көзін ашса, ханшайымның сырғасын тартып жатыр екен. Ол дереу қолын алып, патша мен ханшайымға қарады.  

  • Оянды! Ә, біліп едім! – деді Марғаулан патша қызы Жаншырайға және басқаларға өтірік күлкімен қарап.
  • А. Кешіріңіз, түсімде алтын көріп жатқан едім… – деді Қарабурала(қыз) орнынан әрең тұрғандай болып, баяу қозғалыспен.
  • Алтын? – деді Марғаулан патша ұл кейпіндегі қызға жақындап.
  • Ол тірі. Мен енді бөлмеме кеттім, – деді патша қызы Жаншырай бөлменің есігін тарс жаба шығып.Оның артынан сарай қызметкерлері бірге шықты.

         Марғаулан патша Қарабурала (қызбен) оңаша қалған сәтті пайдаланып, бағанағы алтын туралы әңгіменің жайын білмек болды. Ол Қарабуралаға жылы су құйылған шыны стақанды ұстатып:

  • Ә, балам, мана, алтын туралы бірдеңе дедің бе? – деді Марғаулан оған өтірік күлкісін барынша жасыруға тырыса.
  • Ә, ә.. жай… – деді Қарабурала (қыз) одан су құйылған стақанды алмақ болып ала алмай.
  • Аааа…Жақсы, – деді Марғаулан басын изеп, су құйылған ыдысты Қарабуралаға бермей, үстелдің үстіне жаймен қойып.
  • Марғаулан патша? – деді Қарабурала(қыз) үстелдің үстінде тұрған су құйылған стақанды алмақ болып.

         Қыз әдейі патшаны сөзге тартпақ болып, алтын жайлы өтірік әңгіме құрмақшы болды. Қыздың ойынша, барлық патша сарайы алтын іздеп әлек болғанда, ол сарайдан шаң сияқты жоғалып кетеді. Жоғалайын деген жері өзінің отанына қайту әрине. Бірақ қалай бұл әлемнен  кететіні өзге түгіл өзіне белгісіз…Бар ойы патшаны сөзге тарту…

  • Иә, Қарабулажан. Сені мұқият тыңдап отырмын, – деді Марғаулан патша су құйылған стақанды қайта Қарабуралаға (қыз) ұстатып.
  • Мен алтынның қайда жасырылғанын білемін, – деді Қарабурала (қыз) стақанды суды барынша сіміріп алуға тырысып.
  • А. Қайда? – деді Марғаулан патша оның әр су ішкен түріне тамсана қарап.
  • Тек бір шарттым бар, – деді Қарабурала (қыз) стақандағы соңғы тамшы суды ішіп болып.
  • Қандай? – деді Марғаулан патша барынша нәзік дауыспен оған өтірік жымия.
  • Шартымды кейін айтамын. Бар айтарым, жолға дайындалыңыздар, – деп Қарабурала керуеттен сергек тұрып, кітапхана залы орналасқан аймақты іздеуге кетті.

         Қарабураның сөзіне не қуанарын, не қайғырарын білмеген Марғаулан сәл керуетте кідіріп отырып қалды. Оның ойын сансыз қара ойлар биледі. Бір ойлар оған Қарабураладан сақ бол десе, енді бірлері оны тыңда деумен маза бермеді.Ол біраз ойланып, ақыры орнынан тұрды.

Ескерту! Материалды көшіруге тыйым салынады! Авторлық құқықты сақтаңыз! Материалды тек автор келісімімен жариялауға болады! 

Алтыншаш КУРМАНАЕВА,

Ш.Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетінің

филология бөлімінің 1 курс студенті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *