Уақыт талабына сай білім беру – заңдылық

Уақыт талабына сай білім беру – заңдылық

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»
К.Д. Ушинский

Білім алу үдерісі – бұл өмір бойы жүргізілетін үздіксіз процесс болып табылады деп қарастырар болсақ, бүгінгі XXI ғасырда бұл үдеріс, тілі шыққан сәбиден бастап, бастарын «қырау» шалған қарттарға дейін қам- тып жатқаны белгілі. Бұл бүгінгі өмір сүріп отырған уақыттың, қоғамның талабы екені сөзсіз. Елбасының 2018 ж. Қазақстан халқына Жолдауында
«Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» де- ген сөзі де осыған дәлел. Осы орайда, қоғамның тәрбиеші жандары – пе- дагогтардың иығына жауапты да, ауыр жүк артылып отырғаны белгілі. Себебі, бүгінгі педагогтардың алдына қойған міндет – қоғамның даму

деңгейіне сәйкес, ойлау қабілеті ұшқыр, дүниетанымы кең, жан-жақты, өзгерістерге тез бейімделе алатын, шығармашылық қабілеттері дамыған, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қа- лыптастыру болып табылады. Ал мұндай талапқа сай маман дайындау үшін, білім беруші және тәрбиелеуші педагогтың өзіне де үздіксіз ізденіс пен кәсіби біліктілік қажет екені айдан анық. Сондықтан да бүгінгі таң- да Қазақстан Республикасының аумағында жүріп жатқан білім беру маз- мұнындағы жаңалықтарды түсіндіріп, бағыт-бағдар беруде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйым- дастырып отырған педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының мәні мен мазмұны «өте жоғары» деп есептеймін.
Курс барысында біз бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан білім беру үдерісінің жаңалықтардың қыр-сырымен жан-жақты танысып, оларды практикада қолдану шарт- тарын тәжірибеде жүзеге асырып көрдік. Теориялық білімді практикада қолдану мұғалімдердің өздерінің шығармашылық ізденістеріне толы бол- ды деп айтсақ болады. Себебі, әр пән мұғалімі, оқытушысы өзінің пәндік ерекшеліктеріне сай білім беру мазмұнын түсіндіріп, оны қолдануда түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданды. Мұндай түрлі пікірлер мен тә- жірибелердің тоғысуы, өз кезегінде педагогикалық шеберлікті шыңдауға өзіндік үлес қосады деп білемін. Және тәжірибе алмасу арқылы педагог ізденісінің жаңа бір бағытын ашуға, жаңашылдықты меңгерудің дағдыла- рын шыңдауға өзіндік әсерін тигізетіні айқын.
Ойымды қорытындылай келгенде, мен өзімнің осы курс барысында алған білімім, тәжірибем болашақ педагог-тарихшы мамандарды дайын- дау ісінде тиімді қолдану жолдарын меңгеруіме өзіндік ықпал етті деп айта аламын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *