Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында:
«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейі- мен айқындалады» деп атап көрсеткен болатын. Тәуелсіз егеменді еліміз- дің әлемдік өркениетке жетудегі сара да дара жолы – оның білім жүйесі.

Бүкіл әлемдегі елдермен терезесі тең, керегесі кең болу үшін артымыздан ерген келешек ұрпағымыз білімді болу керек. Ал, білім негізі – мектепте қаланатыны анық.
Қазақтың кемел, талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген болатын. Қазір- гі күнде білім беру саласында тың өзгерістер мен соны жаңалықтар өте көп. Бұлай болу себебі, заман талабына да байланысты болса керек. Қо- ғамның өзі біліммен толыққанды сусындаған тұлға тәрбиелеу керектігін көрсетіп отыр.
Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер еліміздің бі- лім беру жүйесін қайта қарау қажет екенін көрсетеді. Білім беру саласына өзгеріс енгізу – болашақ ұрпағымыздың терең де жан-жақты білім алып, өмір көшінен қалмауы болып саналады.
Білімнің сапалы берілуі – ұстаздың біліміне, тәжірибесіне, ізденісі- не, оқытудағы жаңа технологияларды сабақ барысында мол шеберлікпен, шығармашылықпен жеткізуіне байланысты болып тұр.
Оқыту ісінде жаңа тәсілдердермен сабақ берудің мақсаты –пәнді оқушылардың жан-жақты түсіну қабілетін дамыту болып саналады. Со- нымен бірге білімдерін тек мектеп ішінде ғана емес, кез-келген ортада қолдана алуы, іске жаратуы деп ойлаймын. Сабақты сәтті ұйымдастыру оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Сабақ үрдісінде оқушылардың білімі мен белсенділігін, функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғанда оқушы- лар еркін, өзіндік пікірін айта алатын, өзіне сенімді, ынталы тұлға ретінде қалыптасады. Ал, ол үшін үнемі сабақта оқыту әдістерін түрлендіріп отыру қажет. Оқыту ісінде алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа техно- логияларды пайдалану, олардың ең тиімділерін сұрыптап қолдану. Сабақта студенттердің өзінің ізденуіне қолайлы жағдай туғыздым. Мұндайда мұға- лім мен білімалушы арасында жылы қарым-қатынас орнайды. Әр жұмыс түрін оқу мақсатына сай сабақта тиімді пайдаланса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Ол дегеніміз – сапалы да мәнді білім алады деген сөз. Сабақты топтық жұмыс түрінде өткізу барысында оқушының бар ын- та-жігерімен сабаққа ден қоятындықтарын көреміз. Сабақта қатыспай қалыс қалып қоятын оқушының кездеспейтіндігін атап кетуге болады.
Қазіргі таңдағы білім беру ісінде білімалушының қажеттілігі мен қы- зығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, жеке тұлғаның барлық дағды- ларын дамытып, оның толық ашылуына мүмкіндік жасалады. Еліміздің

білім беру жүйесінде жаңартылған білім мазмұнын қолданып берілген, нақты оқу мақсатына және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын басшы- лыққа алған оқу ісінде білімді де саналы, тәрбиелі, өз елін сүйетін, руха- ни құндылықтарды бойына сіңірген жастар өсіп шығатыны анық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *