Оқытудың жаңа форматының тиімділігі мен маңыздылығы

Оқытудың жаңа форматының тиімділігі мен маңыздылығы

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман да- йындау.
Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, сыни, логикалық ойлау дағдылары қалыптасқан, алған білімін тиімді қодана алатын ұрпақ тәрбиелеу мұғалімнің құзіреттілігінде. Осыған байланысты
«Мұғалім кез келген мәселеге бүгілмей суырып салғандай мағлұмытты, комплекс тақырыбын табиғат таңдауға үйлестіруге, байластыруға, икем- ді, тапқыш, көпті көрген көне, жырынды тәжірибелі ойдан шығарғыш, зерек, іс бастағыш көсем, түбірлегіш, талантты болу керек» деген шартты 1929 жылы Жүсіпбек Аймауытұлы «Комплекспен оқыту жолдары» атты еңбегінде атап кеткен.
Мұғалімдердің ағымға сай жүзуі, өзара тәжірибе алмасып, педаго- гикалық шеберлігін шыңдау үшін ұйыдастырылып отырған «Педагог кадрларды даярлайтын оқытушы-профессор құрамы мен колледж оқы- тушыларының біліктілігін арттыру курсының» берері мол екендігі сөзсіз. Енгізілген жаңартылған білім берудің ерекшеліктері, тиімділігі мен ал- ғышарттары жайлы алынған білім мұғалім тәжірибесінде міндетті түрде орын алады.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы оқушы тұлғасының үй- лесімді қолайлы білім беру ортасын құрудан басталып, функционалды сауаттылық пен шығармашылықты қолдана білу, сын тұрғысынан ойлау, жеке, жұппен, топтық жұмыс жасау арқылы бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге тәрбиелеу, коммуникативті қарым-қатынас- қа түсу, зерттеу жұмыстарын жүргізу, алған білімін тиімді жүзеге асыру және де қазіргі таңда балаларға қажетті дағдылардың бірі АКТ-мен жұ-

мыс кезінде өзіне керекті ақпаратты таңдай білу деген сияқты маңызды- лықтарын ауыз толтырып айта беруге болады.
Білім берумен қатар жүргізілетін басты жұмыс – тәрбие беру. Осы орайда Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзінің маңыздылығын түсінеміз. Тәрбиелеу, құндылықтарды да- рытуда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары назарға алы- нады. Құндылықтарға қазақстандық патриотизм және азаматтық жауап- кершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу дегендер жатады. Сабақ барысында оқушыларға жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу, саналы да ерікті еңбек адамды бақытқа кеңелтеді деген ойды санасына сіңіру сияқты мақсаттар алға қойылады.
Алынған білім мен жаңа тәжірибені алдағы уақытта мұғалім оқытуда қолданамын. Жас ұрпақты тәрбиелейтін маман дайындауда қажетті, баға- лы білім алған курсқа қатысқаныма қуаныштымын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *