Оқу үдерісінің ұйымдастыру формасы

Оқу үдерісінің ұйымдастыру формасы
Өмір бойы білім алу-әр Қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет
Н.Ә. Назарбаев Жоғары оқу орындарының оқытушыларының кәсіби дамуына бағыт- талған және студенттердің пәнді терең меңгеруін ұйымдастыра білу, алған білімдерін өмірде қажеттілігіне орай қолдана білуін қамтамасыз ету мақса-

тын нақты қоя білуде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагоги- калық шеберлік орталығы бірлесіп әзірлеген бағдарламалары бойынша құ- растырылған педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын курстың берері мол екен. Мен ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл- Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» деген қағидасын ұстанамын. Оқу үдерісін ұйымдастыруда заманауи білім беру жүйесін басты назарда ұстағаны жөн. Алғашқы күннен бастап, бағдарламаның мақсат-міндеттерімен оқытудың ұйымдастыру формалары және жазбаша, ауызша сөйлеу арқылы жүзеге асатын түрлерімен таныстым. Мұғалімнің кәсіби дайындығы оқытудың са- пасы мен тиімділігіне жаңартылған орта білім мазмұнын іске асыру мақ- сатында пайдалы ақпарат алдым. Курс барысында жаңартылған оқу бағ- дарламалары, мемлекеттік стандарттар, оқу-әдістемелік кешендер, әртүрлі әдістемелік нұсқаулар, мультимедиялық ресурстар, тиімді оқыту әдіс-тәсіл- дерімен танысып «Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз» деген аталы сөзінің мәнін терең түсіндім. Сабақты жоспарлау барысында оның құндылықтарын дарыту, тілдік мақсаттар мен бағалау критерийін түсіне білдім. Оқу үдерісі білім алушының бойындағы құндылықтар жүйесін қа- лыптастырады. Оқытушы өз алдына мақсат қойып, соған байланысты та- лаптанса, жетістікке жетері сөзсіз. Біздің тренеріміз Ерболат Тұрсынтайұлы курс басынан өз білімін, тәжірибесін толық бізбен бөлісе білді. Екі апталық курста жаңаша оқыту жүйесі: оқу бағдарламасы, Блум таксономиясы және жиынтық бағалау тағы басқа нәтижелерін меңгердім. Сын тұрғысынан ой- лау студенттердің логикасын терең дамытады. Жаңаша әдіс-тәсілдерді қол- дана отырып, қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар құруды үйрендім, ықшам сабақтар топтамасын құрастырдым. Әр сабақта АКТ-ны, «Топқа бө- ліну», «Бас бармақ», «Смайликтер», «От шашу», «Үш шапалақ» және тағы басқаларды өз сабақтарымда жиі қолдануға тырысатын боламын. Тілдік пәндер бойынша сөйлеу әрекетінің төрт түрін меңгердім: тыңдалым; жазы- лым; оқылым; айтылым. Үш тілде оқыту білім берудің негізгі стратегиялық мақсаты – қазақстандықтардың бір уақытта үш мақсатты тілді халықара- лық стандартқа сай меңгеру жасауы жайында. Жаңашыл әдіс-тәсілдер мен стратегиялардың ұнағандарын кері байланыс кезінде алғыс сезімдерін бай- қадым. Жеке оқу-тәрбиелік мақсаттарына сәйкес, олардың арасында сабақ оқытудың негізгі түрі, оқыту тәрбиелеу міндеттері, сабақ барысында жүзе- ге асырылатынын өз ойыма түйдім. Қазіргі таңда оқытудың жаңашаланған құндылықтары келешекте баршасына қажет деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *