Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы»

Ғалым да, шахтер де бас иетін, Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген, Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …

Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұға- лім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жан- дар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал ба- ғып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі
– бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы – жауапкершілігі жо- ғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл маман- дық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иеле- рінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
2015 жылы Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Биология-география» факультетінен «Биология» мамандығын игеріп, жоғарғы білімді маман атандым. 2017 жылы Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ мамандығым бо-

йынша жұмысқа орналастым. Университет ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзімнің ұс- таздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *