Менің курста үйренгенім…

Менің курста үйренгенім…

Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет.
Шоқан Уәлиханов Курста қызық мәліметтер мен қажетті ақпараттар берілді. Күн сайын жаңа, тың дүниелерді біліп, білімімді кеңейте түсуге талпындым. Бола- шақта өз қажеттілігіме жарататынымды түсініп, толық меңгердім. Маған әр түрлі әдістәсілдерді теориялық тұрғыдан қарағанда, тәжірибе жұмысын жасап курс барысында бірлесе жасағанымыз тиімді болды. Себебі, біз тек біліп қана қоймай, ойымызда сақтап, нәтиже шығара алдық. Курс бары- сында білім алушылар жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылы- мын, мазмұнын және мақсаттарын біліп түсінумен қатар, жаңартылған бі- лім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдердерге талдау жүр- гізілді. Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Курсқа алғаш келген күннен бастап, көп сауалдардың жауабын алдық, жал- пы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Біз курс барысында жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсатта- рына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік. Тәжірибе барысында орындап үйрендік, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар әзірле- дік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен – оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен танысып, жұмыс жасадық. Білім мазмұнының өзіндік ерекшеліктері – үштілділік білім беруді ұйымдастыру, өмірлік бағ- дар беру, жаңа пәндерді енгізу, жобалау, зерттеу қызметі үшін жағдайлар жасау. Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында оқушы бойында қажетті 4

дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыру, жаңар- тылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері: пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі, оқу үдерісін ҰМЖ, ҚМЖ, ОМЖ арқылы ұйымдастыру, оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру туралы ақпарат алдым. Жаңартыл- ған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыс- тарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым- қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылық- ты, шығармашылықпен қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарла- масының ерекшелігі: спиральді қағидатпен берілуі. Әрине, жаңашылдық болғаннан кейін қиындықсыз болмайды. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
Қорыта келе, мен ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында ала- мыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні
– қараң, келешегі – тұман» деген сөздерімен аяқтағым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *