МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ДАМЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ  

Каюмова Шохсанам Махмудовна

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мазмұнында – білім берудің жалпы мақсаты – оқушының үйлесімді дамуы мен қалыптасуына, өз өмірін адамгершілік тұрғысынан сараптай алуға мүмкіндігі бар, әлеуметтік ортаға бейімді жеке тұлғаны бала болмысын сомдау мен тәрбиені толық беруді қамтамасыз етуін іске асырумен негізделеді. Сондықтан тәрбиешілердің аса маңызды міндеті – талабы таудай жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару. Осы талаптарды негізге ала отырып, мұғалімдер мен тәрбиешілер білімді игерту жолында бар мүмкіндікті тиімді пайдалануы керек. Мектепке дейін білім беру орталықтарында қызмет ететін мамандар өткізілетін әр сабақты қызықты өткізе отырып, жас ұрпақтың бойына білім нәрін сіндіре білуі тиіс. Осы мақсаттарды жүзеге асыра білетін дамудың негізгі кілті – сабақта ойын түрлерін пайдалану болып табылады.  Қазіргі кезде еліміздегі білім берудің мазмұнын жаңарту мәселесіне көңіл бөлініп, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыруға бастау алатын жаңа мазмұндағы тұжырымдамалар мен заңдар, халықтың рухани, әлеуметтік дамуына, тілі мен тарихы, мәдениетінің өркендеуіне қолайлы мүмкіндіктер туындап отырғаны белгілі. Қоғамның ақпарат көлемінің барған сайын өсуі – білім беру мазмұнын жаңартуды, оқытудың оңтайлы тәсілдері мен жаңаша оқыту технологиясын енгізуді дәстүрлі оқыту үрдісін жаңа жағдайға бейімдеп жинақталған тәжірибенің негізінде білім беру сапасын көтеруді талап етеді. Мұндай маңызыды міндетті шешу оқу үрдісіндегі оқушылардың оқу–танымдық іс–әрекетін жетілдіруге, оқытуды тиімді ұйымдастыруға, шығармашылық пен жұмыс істеу бағытына, жаңашылдыққа байланысты. Демек, қазіргі қоғамға жан–жақты білімді, жоғары мәдениетті, өзгермелі жағдайда өз іс–әрекетін шығармашылықпен ұйымдастыра алатын жеке тұлға дайындау қажет [1]. М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты кітабында «Баланың қиялы ойнау нәтижесі арқылы жарыққа шығады. Тұрмыста нені көрсе соны істейді. Ойынның баланың жан-жақты дамып жетілуі үшін маңызы да, рөлі де зор» — деген болатын [2]. М.В. Потоцкий: «Оқу процесінде әдістерді қолдану білігі мен түсінуге қарағанда деректерлі жаттау басым. Өз бетімен ойлау мүлдем жеткіліксіз дамытылады. Алынған білім тез ұмытылады» — деп осыдан 30 жыл бұрын айтқан. Содан бері мектепке дейінгі ұйымдарда математиканы  оқыту деңгейі жетілдіруді талап етуде [3]. Мария Монтессори адамзаттың ақыл ойын «математикалық» деп, ал логикалық қабілеттері мен деңгейлері жоғары адамдарды «интеллектуалды адамдар» деп атайды. Математикалық тәрбие мен білімсіз дүниені танып білу мүмкін емес, барлығы осы математикадан бастау алады деп есептеген. Математика аса дарынды адамдар ғана игеретін ауыр құбылыс емес. Оны үйрену кімнің де болса қолынан келеді, әрине, баланың да, өйткені математика өмірмен тікелей байланысты. 2 — 3 жастағы бала күнделікті өмірде дағдылану барысында санай білу үдерсін белгілі дәрежеде игереді. Мәселен, «көшеде кетіп бара жатып, бір машина кетіп бара жатыр, әне екіншісіде кетті» — деп анасы мен кетіп бара жатқан бала айта алады немесе, қарапайым бағдаршамға қарап тұрып, оның үш көзі бар екенін айта алады. Бала сұрақ қойғанда және оған міндетті түрде жауап алғанды жақсы көреді, үнемі сұрақтар қою арқылы баланың ой –өрісі дамиды.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру балаларды мектепке дайындаудың бір бөлігі болып табылады. Бұл процесс мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл ойын дамыту міндеттерін шешуде тәрбиелеу мен білім беруді жүзеге асыруға бағытталады. Оның негізгі айырмашылығы дамытушы бағыт ұстауы, күнделікті тұрмыста, ойында, еңбек әрекетінде баланың тілін, ақыл ойын дамытуды көздейді. Ақыл ойды тәрбиелеуде және ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады. Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттеріне арналған ойын әдістеріне үлкен мән беріледі. Оқытудың әдістері мен тәсілдері ережеге сәйкес қолданылады, әр түрлі үйлестіруде оқытудың көп бейнелі әдістері мен тәсілдерін пайдалану, оларды шебер үйлестіру керек, сонда сабақтар балаларға пайдалы әрі қызықты болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет, өйткені ұйымдастырылған оқу іс–әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз бола алады. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш ігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (талдау, құрастыру, ой салу, бөліп шығару) ықпал етеді. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде баланың танымдық қызығушылығымен бірге жалпы даму қамтамасыз етіледі, яғни оқытудың дамытушылық қызметі жүзеге асырылып, баланың тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік ашылады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда әрбір ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің тақырыбына сәйкес ойын әдіс–тәсіліне үлкен мән беріледі, сонда ғана оқуіс–әрекеті балаларға пайдалы, қызықты бола түседі. Соның ішінде дидактикалық ойындардың оқуіс–әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтіп, тереңдетіп, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан–жақты, бағыт – бағдар беріп отырады. Яғни балалардың ой өрісін дамытуға маңызды рөл атқарады. Дидактикалық ойындар балалардың ойын әрекетіне тән құрылымы элементтерінің бірі: ой–ниет, мазмұн, ойын әрекеттері, ереже, нәтиже бар. Дидактикалық міндеттін болуы ойынның оқыту сипатын, оның мазмұны балалардың танымдылық әрекетін дамытуға бағытталғанын атап көрсетеді. Дидактикалық ойындардың зор маңызы балалардың дербестігін және ойлау мен сөйлеу белсендігін дамытады.Дидактикалық ойындар мен сабақтардың сипаты балаларға қажетті мәліметтердің белгілі бір бағдарламасының, сондай-ақ оларда қалыптасуға тиіс дағдылар мен қасиеттердің қажеттілігін көрсетеді. Дидактикалық ойындар–оқу жүйесінде ұйымдастырылатын, баланың танымдық, шығармашылық, зейінін көтеру,

ойлау көкжиегін көтеру мақсатында қолданатын ойындар топтарын айтамыз. Дидактикалық ойындар – білім беру мен тәрбиелеудің маңызды құрылымды бөлшегі болғандықтан, балалар сабақ барысында алған білімдерін бекітіп немесе үйрету үшін емес, сол алған білімдерін өмірлік жағдайда қолдануға үйрететін ойындар жүйесін айтамыз.  Педагогтар мен психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, дидактикалық ойындар төмендегідей бағыттардан тұрады. Олар:

  1. Ұлттық бағыттағы ойындар;
  2. сөздік бағыттағы ойындар;
  3. логикалық ойындар;
  4. ұжымдық бағыттағы ойындар;
  5. рөлді–сюжеттік бағыттағы ойындар;
  6. заттық бағыттағы ойындар;
  7. қимыл–қозғалыс бағыттағы ойындар;
  8. шығармашылық бағыттағы ойындар;
  9. құрылыс бағыттағы ойындар.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда қолданылатын дидактикалық ойындардың бағыттарына өз талдауымызды жасадық. 

 Бағыт Ойын түрлері Ойын барысы 1. Ұлттық бағыт «Қазақ халқының ұлттық киіз үйінің құрылысын ата және орналастыр»   

«Егінішілік-ауыл шаруашылыққа қажетті құрал–саймандарды ата»

Ойын барысы: балаларға киіз үй құрылысын ретімен атауға, киіз үй шаттық шеңберін орындауға үйрету, тоқпақ жолдарын іc–қимыл келтіріп орындау. Киіз үйді құрастыру, карточкаларды топтастыру. Ойын барысы: балаларға құрал– саймандардың атауын айтуғ олардың пайдасы, қолдану әдісі, іс- қимылмен олармен жұмыс істеу шараларын келтіру не ітсеп жатқандарын баяндап айту. Егіншілікке, шөп шабуға арналған құралдарды жеке топтастыру  1. Ағаш кесуге, шабуға, шегелеуге, шеге жұлуға арналған құралдарды топтастыру; 2. жер қазуға, шөп оруға арналған құралдарды бір бөлек топтастыру

  1. Сөздік бағыт «Қай қолымда көп?»

Ойын барысы: Топ екi топқа бөлiнедi, оның әрқайсысы алма- кезек тәрбиешiнiң столына өз топ басшысын жiбiредi. Стол басына келген бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешi, одан соң балалардың бiрi оның қолына кубик, түйме, шарик секiлдi          

«Екі шеңбер»

әртүрлi ұсақ нәрселердi ұстатады, бiрақ олар бiр қолда көп, екiншiсiнде аз болуы тиiс. Бала алдымен көз мөлшерiмен нәрсенiң қай қолында көп екенiн анықтауы, одан кейiн нәрселердi бiрiнiң артына бiрiн қойып, қайсысының қатарында көп, қай қатарда аз екенiн салыстыруы тиiс. Ойын барысы: балалар екі шеңберге тұрады. Сыртқы (үлкен) және ішкі (3–4 адамнан). Үлкен шеңбердегі балалар тұрады, ал ішкісіндегілер көшбасшы тәрбиешімен бірге жүріп, былай дейді: « Біз шеңбер бойымен жүреміз, өзімізбен бірге аламыз – тәтті…». Үлкен шеңбердегі балалар тез арада қандай да бір тәтті затты ойлау қажет. Мысалы, қант. Қай бала бірінші атаса ішкі шеңберге кіреді. Ойын жалғасын табу үшін жұмсақ, сұйық, ащы, қатты сынды сөздерді де пайдалануға болады. Үлкен шеңберде қалып қойған соңғы бала кез-келген тапсырма орындайды(жаза ретінде)

  1. Логикалық бағыт

«Бет орамалға лайық жамауларды табу»   

«Кім зейінді?»

Ойын барысы: балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып береді. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсынады. Ойын барысы: белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру. Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады

  1. Рөлді- сюжеттік бағыт

«Қонақжай» 

Ойын барысы: Тәрбиеші: Балалар сендер өз қалауларың бойынша бөлінесіңдер? Санжар – ата, Даяна – әже, Мирас – әке, Анель–ана, Диас, Алина Тілеужан– балалары.  Балалар өздері киініп әркім өз жұмысына кіріседі. Атасы киініп теледидар қарайды. Әкесі газет қиды. Ал әжесі жіп иіріп отыр.

Анасы тамақ дайындап жатыр. Балалары бірі сабақ оқып отыр, бірі ойнап, бірі анасына көмектесіп жатыр. Диас атасымен әңгімелесіп: — Ата теледидардан не көрсетіп жатыр екен. — Балам, теледидардан бұдан былай ертелі кеш «Балапан» бағдарламасы болады екен. Онда тек балаларға арналған керекті хабарларды береді екен,кинолар, жарнамалар, ертегілер, өлеңдер, сайыстар көрсетіледі.  Әжесіне көмек көрсетіп отырған Анель: — Әже мына жүнді қайдан алдың? Неге иіріп жатырсың? – деп сұрайды.  — Жүнді қойды қырқып аламыз, жүнді жуып тазалап, былай түтеміз, — деп өзі көрсетеді. — Түткен жүнді иіріп сендерге қолғап, шұлық тоқып беремін.  Алина бала анасына көмектесіп, картоп тазаласып жатыр. Анасы екеуі турайды, ыдысқа салып қуырады. Одан кейін ыдыстарды үстел басына қоя бастайды. Бәрі жиналып үстел басына тамақ ішеді. Үстел басында әңгімедерін жалғастырады. Тамақ ішіп болған соң «рахмет» айтып балалар ойындарын әрі қарай жалғастырады. Рөлдерді де бөлісіп алады. Ойын соңында кімнің қалай ойнағандары жайлы қорытындылайды

  1. Заттық бағыт «Не істеу керек, табамыз»

Ойын барысы:баланың қолында екі жалауша бар, егер тәрбиеші сылдырмақты қатты сылдырлатса, онда бала жалаушаларды жоғары көтереді және бұлғайды. Егер сылдырмақ ақырын слдырласа, онда жалаушаларды төмен түсіреді. Мұнда баланың дұрыс тұруын және қозғалыстарының дәл орынлалуын қадағалау маңызды. Бала жаттығуды жеңіл орындау үшін, сылдырмақтың қатты және  

ақырын дыбысталуын кемінде 4 рет алмастыру қажет.

  1. Қимыл– қозғалыс бағыты

«Доп лақтыру»    

Ойын барысы: Тәрбиешi допты жоғары лақтырып, немесе еденге ұрып балаларға санату, сонша немесе бiреуi (екеуi) артық (кем) ойын барысында неше болса сонша, содан (артық), “кем” деген … өзiнiң допты еденге ұруының балалар шапалағымен сәйкес келуiн қадағалау, қол шапалақтатуы, әлде қарындашпен тықылдату керек

  1. Шығармашы лық бағыт

«Ауа, су және жарық »  

Ойын барысы: берілген суреттегі сурет пен сөздерді байланыстыра отырып, сөйлем құрастыру. Балалардың ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту. Ертеде, осыдан көп жыл бұрын құстар шөлдеп, қаталапты, ағаштар қурап қалыпты, гүлдер солады. Шөлдеген құстар желден көмек сұрайды. Көмектесуге уәде беруге жел күнде келеді. Күн көлдердің, көлшіктердің суын қыздыра бастады.су ташылары уға айналып, аспанға көтеріледі. Ол жерде тамшылар бір–бірімен қосылып, бұлтқа айналады. Жерге жаңбыр жауды. Жер рақаттана демалды. Жаңбыр суына шөлі қанған өсімдіктер мен құстар қуанды 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *