Мектептер сабақтастығы

Мектептер сабақтастығы

«Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»
М. Жұмабаев

Қоғамымыз жоғары оқу орнына заманға сай білімді де білікті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман дайындау талабын қойып отыр. Пе- дагогикалық бағыттағы жоғары мектеп еліміздегі орта мектептерге ма-

ман дайындап беруші фабрика іспеттес. Сондықтан да орта білім беру мазмұнына еніп жатқан өзгерістер жоғары оқу орнын айналып өтпейді. Еліміздің білім беру процесіндегі жаңалықты орта мектеп ұстазын да- йындаушы оқытушыларға да жан-жақты үйрету маңызды. Осы орайда, өткізіліп отырған курстың алар орны ерекше.
Курс барысында жаңартылған білім беру мазмұнына көшудің ма- ңызына, оқушыларға топта, ұжымда ынтымақтастықпен жұмыс жасату, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, оқушы мен мұғалім арасын- да тығыз байланыс орнату қажеттілігіне көз жеткіздік. Кері байланыс орнату, дескриптор құру, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтау, сабақ жоспарын жасау сияқты мұғалім үшін аса қажет жұмыс түрлері үйретілді. Сонымен қатар критериалды бағалау түрлерін меңгер- туге ерекше мән берілді. Қалыптастырушы бағалауға күмәнмен қарайтын ата-анадан тренердің тыңғылықты түсіндіруінен кейін осы бағалау түрін жақтаушыға айналдық. Оның сабақ барысында фильмдерден келтірген үзінділері айрықша әсер етті. Кейін сол фильмдерді көргенде, ұстаз тұл- ғасы турасында қалыптасқан стереотиптерімнен бас тартып, ұстаздыққа жаңа қырынан үңіле бастадым.
Қорыта айтқанда, «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ ұйымдас- тырып отырған аталмыш курстың берері мол болды. Болашақ маман, қа- зіргі студенттерімізді, кәсіби педагог, шығармашыл тұлға ретінде дайын- дауға, әдістемелік тұрғыдан жеткілікті дәрежеде қаруландыруға қажетті білімді ала білдік. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша меңгерген білік-дағдымды жоғары мектепте студенттерді педагогикалық сараманға, ұстаздық қызметке даярлауда, сондай-ақ әріптестеріме ақпарат беруде ке- ңінен пайдаланамын деген ойдамын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *