Кемел келешекке бағдарлы біліммен

Кемел келешекке бағдарлы біліммен

«Әлем өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол»
Махатма Ганди Бүгінде уақыт талабына сай Қазақстандағы білім берудің өзіндік ұлт- тық үдерісіне оң өзгерістер еніп, әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген оқыту әдістемелері арасында анағұрлым кең тараған сындарлы оқытуға

негізделген тәсіл де енгізілуде. Мезгіл межесінің белгілеген жаңашылды- ғына ілесе отырып, ілкімді істің даңғыл жолына қадам басқан ұстаздар ұрпақ санасына ұлықты ұғым қалыптастырады.
Оқу ешқашан тоқталмақ емес. Теориялық білімімізді тәжірибе сабақ- тарында жүзеге асыру – біз үшін үлкен өзгеріс болды. Болашақ мамандар- ды өмірдің тұтқасы болар тұлға ретінде көріп, оның пікірімен санасқанда ғана біз болашақта еркін сөйлейтін, озық ойлы, дарынды мамандарды өмірге дайындай алады екенбіз.
Жаңартылған білім мазмұны тақырыбындағы курста білім алғалы, негізінде оқытушы басқарушы емес, бағыт-бағдар беруші екенін түсін- гендеймін. Бұл шығыстың «Аш адамға балық берме, қармақ бер» мақал сөзіне үндеседі. Осыдан түйгенім, жас ұрпаққа білім беру үшін оқытушы алдымен өз білімін шыңдап, адамгершілік қарым – қатынасқа өзін бейім- деу керектігін түсіндім.
Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауал- дардың жауаптарын алдық. Оқу барысында дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндет- терін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағ- дарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критералды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік. Белсенді оқыту, саралап оқыту стратегияларымен, оқытудың тәсілдерімен таныстық. Тек танысып қоймай, тәжірибе бары- сында іске асырдық, түрлі тамсырмалар әзірледік. Сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен.
Оқу бағдарламасы, оқу жоспсры және қалыптастырушы бағалауға ар- налған тапсырмалар жинағымен танысып, жұмыс жасадық. Курстан көп жаңалық, білім алдық. Біздің білімге деген құштарлығымызды арттырып дәріс берген тренеріміз Тлеуов Қайрат Қыпшақбайұлына айтар алғысы- мыз мол. Курс аясында білімімізді шыңдай түстік, әр сабақ тартымды, қызықты өтті.
Нәтижесінде білім әрқашан жетіліп отырады, өзгермелі қоғамда біз жаңаға ұмтылғанда ғана, бізден тәлім алатын мамандардың мақсаты ай- қын болмақ. Біздің мақсатымыз сыни ойлауға, дербес пікір айтуға, уақыт тезіндегі қандай кезеңде біліммен қаруланған мамандар дайындау. Сыни ойлау арқылы білім алушы жастардың ой еркіндігін, ізденісі арқылы жан-жақты түсініктің болатынын байқадым.
Еркін елдің шаңырағы жаңа қаланса да, ертеңгі күнге сеніммен қа- райтын жастардың мүмкіндігі зор. Ендеше, осы көштің керуенін кемел-

денген келешекке ұштастырып, жаңа білім беру бағдарламаның бағыты бағдарлы болатынына сенемін. Бұл-біздің еншімізе тиген ардақты іс. Сондықтан уақыт ағымына сай біз де керуенді білім көшінен қалыспай, ілгері ұмтылғанымыз абзал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *