ЗАМАН ТАЛАБЫ-КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУ

ЗАМАН ТАЛАБЫ-КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУ

«Білімді болу деген сөздің мағынасы-белгісіз нәрсені ашуға қабілетті деген ұғым»
Әбу Насыр Әл-Фараби Жаһандық білім беру үдерістеріне сай мұғалімнің біліктілігін артты- руға бағытталған казіргі білім беру жүйесінде көптеген жаңалықтар, өз-
герістер енгізілуде.
Астана қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында екі апта- лық курс бағдарламасының ең басты мақсаты-еліміздің болашақ педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының және колледждердің оқытушыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойын- ша курс талапқа сай қойылған.
Осы курс аясында алған білімімді өзімнің тәжірибеме пайдалануға тиімді екенін байқадым. Мысалы: «Саралау түрлері», «Қалыптастырушы бағалау» тәсілдері, «Сын тұрғысынан ойлау», «Дескриптор құру» осы- ның бәрі болашақ маман дарярлауда тиімді септігін тигізеді деп ойлай- мын. Атап айтар болсам: «Диалогтық оқыту» арқылы студенттердің өз ойын еркін, ашық жеткізе алуға, сұрақты дұрыс қоя білуге, сөздік қорла- рын жетілдіруге нақты сөйлеуге дағдыланады деп ойлаймын, себебі курс барысында жеке, жұппен, топппен жұмыс жүргізілгенде байқағаным әрі- пестер берілген тапсырмаларды бір-біріне сұрақ қоя отырып, ұсыныстар айтып, ортақ шешімге келіп, жұмысымызды қорғай білдік. Курсты оқу барысында Қазақстанның түкпір-түпкірінен келген әріптестеріммен топ- ты ұйымдастырып, оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін үйретіп, жаңалық- тарды ортаға салып шығармашылықпен жұмыстарды ұйымдартырған тренеріміз Т. М. Көпжасароваға алғысымды білдірем.

Үйренгеніміз де үйренеріміз де өте көп. Студенттердің бойындағы қа- білетті жетілдіру, студенттерді болашаққа жетелеу ол біздің қолымызда. Жаңартылған білім заман талабы – болашақтың негізі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *