Заман талабына сай маман дайындау басты міндет

Заман талабына сай маман дайындау басты міндет
Қазіргі заманда әлем Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс дәуіріне, яғни технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне жылдам қадам басып келеді. Осыған сәйкес бүгінгі күннің басты талабы – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған аза- матын қалыптастыру, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге бел- сене араласатын, бүгінгі жаһандану дәуірінде заман ағымына ілесіп оты- ратын маман дайындау. Әлемдік білім кеңістігіне кіру және халықаралық байланыс білім мазмұнына жаңа технологияларды енгізу, оқыту үрдісін озық инновациялық және ақпараттық технологиялармен жетілдіру, бәсеке- ге қабілетті мамандар даярлау сияқты мүмкіндіктерді туғызып отыр.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде «еліміздегі білім беру реформа- сы табысының басты өлшемі – білім мен білік алған еліміздің кез– келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу керек» деп айтқан болатын.
Бүгінгі күні білім беру ісінде қандай ұстанымдарды алуымыз керек?– деген сұрақтардың төңірегінде білім берудің ұстанымдары да өзгерді. Әр нәрсені білу бір басқа, түсіну бір басқа. Мені де бұл мәселелер төңірегінде үлкен ойда болдым. Неге жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу курсына бармасқа? Ұстаздық мамандықты таңдап, оның қыр сырын үйреніп жүргенімізде талай өзгерістердің куәсі болдық. Заман өзгерген сайын талапта өзгеріп отырады. Сол себептен 2018 жылдың

17-28 қыркүйек аралығында Астана қаласы Педагогикалық шеберлік орталығында Педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор құрамының біліктілігін арттыру курсына қатыстым. Курс барысында өзімнің іс-тәжірибемде білетінімнен білмейтін сұ- рақтарымның көп екенін байқадым. Түсінгенім, түсіне отырып үйренге- нім көп. Бағдарламада ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың үдерісі, одан күтілетін нәтижені үйренуден бастап, сыни тұрғыдан ойлауды дамы- тудың тәсілдері оқушылардың қалай оқу керектігін, соның нәтижесінде өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған оқушы қалыптасатынын байқадым. Жылдам өзгеріп жатқан әлемде мұғалім үнемі білімін жетілдіріп отыру керектігін ұғындым. Бұл жаңартылған білім мазмұны арқылы оқушы өзі- нің мектеп қабырғасында алған білімін өмірдің кез-келген аясында пай-
далана алатын жеке тұлға болып шығатынына көзімді жеткіздім.
Қорыта айтқанда, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп осындай курстарды ұйымдастырудың педагог кадрларды дайындауда маңызы өте жоғары деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *