Заманауи әлемдегі педагог

Заманауи әлемдегі педагог

«Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса»
Махатма Ганди Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икем- ділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ете- тін мамандық ‒ ұстаздық мамандық. Заман талабына сай колледж оқы- тушыларының кәсіби дамуына бағытталған білім алушы жастарға пәнді терең меңгеруіне, алған білімдерін өмірде қолдана білуіне, мақсаттарын
нақты қоя білуіне берері мол курсқа келгеніме өте қуаныштымын.
Курска Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған әріптестерімізді өзінің сабырлығымен, білімділігімен баурай алған тренер Абай Батырұ- лының дәрісі жалықтырмайтындай әсерлі болды. Қазақтың қаһарманы, әскери қолбасшы, ғалым Бауыржан Момышұлы жайлы қызықты есте- ліктеріменде бөлісіп, оқытушыларды жігерлендіріп отырды. Жаңа білім беру мазмұнын игеру білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл, кәсіби шебер мұғалімдерді қажет ететіні белгілі. Заманауи қоғам жаңашыл мұғалім- дерден оқушылармен бірлескен іс-әрекеттер ұйымдастыруда кездесетін әртүрлі жағдаяттарда ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қа- зіргі заманның мұғалімі жаңашыл, өзгерісті тез қабылдай алатын, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Жаңа бағдарламаның мәні баланың функционалдық сауаттылығын қа- лыптастырады. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәсе- лелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті оқы-

тушылар жаңа білім беру мазмұнын меңгерудің алғашқы қадамдарын осы курста жасай бастадық. Курсқа жиналған оқытушылар жаңа білім беру мазмұнының қыр-сырын үйреніп, оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары, ұзақ мерзімді жоспар, орта мерзімді жоспар, критериалды бағалау жүйе- сі: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау жайлы мағлұматтар алып, қысқа мерзімді жоспарларды топпен біріге және жекелей жасады. Бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғы- лыммен айналысуына ықыласын туғызады.
Ойымды қорытындылай келе, жаңашыл ұстаз ‒ бұл халық өзінің ұр- пағын тапсыратын сенімді өкіл, рухани сәулеткер. Жаңашыл ұстаз сол сенімді ақтай отырып, зерделі, парасатты, ұлттық және адамзаттық құн- дылықтарды бойына дарытқан тұлғаны тәрбиелейді. Ол оқушы бойын- дағы қабілетті жетілдіріп, жарқын болашаққа жетелеп, жақсы істі бас- таушы. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұрпағымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымызбен жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткізейік дегім келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *