Жаңа мазмұндағы білім – жаңаша талап

Жаңа мазмұндағы білім – жаңаша талап

Өзіне нақты мақсат қоймаған адам, күтпеген жерге келгенде, таң қалады»
Марк Твен Қазіргі кезде білім орындарында білім беру мәселелеріне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық сезімін, адамгершілік сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәр- биенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Жаңа білім бе- руде білім мазмұны жаңарды. Ал сол білімді беруде жаңа технология- лардың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білуіміз қажет. Жаңартылған білім беру мазмұнының басты талаптарының бірі мұғалімдердің оқушылардың оқу дәрежесіне қарай мақсаттарын дұрыс тұжырымдай алуы. Мақсат –
бұл біздің қызметімізден күтілетін нәтиже.
Курс барысында жаңартылған білім мазмұны мен мақсатына сай бі- лім алып, білік, дағды қалыптастырдық, өзара тәжірибе алмастық. Жа- ңартылған білім бағдарламасына сәйкес сабақ жоспарын құрастырып, оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсаттарын құрастыруды, сабақ мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін құрып, дискриптор құрастыруды үйрен-

дік. Сабақ барысында мақсатты ашатындай әдіс-тәсілдері таңдай алдық. Бұрынғы қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімізге жаңадан әдіс-тәсілдер- ді қосып, сабақты саралауды меңгердік. Шағын топта және үлкен топта жұмыс істедік. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасап, оны өзара шағын топта талдадық. Сабақ құрылымы бойынша өзара пікіралмасып, тәжіри- бе алмастық. Әр күні кері байланыс жүріп отырды. Кез-келген тапсырма- ны жеке, жұппен, топпен орындап, одан сон кері байланыс жүзеге асы- рылды. Келтірілген мысалдар өмірмен байланыстырылып, жаңартылған білімнің тиімділігі айқындалды.
Курстан алған білімді өз тәжірибемде қолдану барысында «Егер бір жылдығыңды ойласаң егін ек, 100 жылдығыңды ойласаң ағаш ек, ал 1000 жылдығыңды ойласаң адам тәрбиелеп, білім бер», – деген халық мақалын негіздей келе әрбір сабақты қазіргі заман талабына сай ақпарат кеңістігін пайдалана отырып сабақ жүргіземін, сабақты балалардың қызығушылы- ғы мен қолдауларына қарай ұйымдастырамын, оқушылардың өзіндік шы- ғармашылық жұмысын көбірек ұйымдастырып, жаңа әдістемелік техно- логияларды тиімді пайдалана, заманауи тұрғыда өткіземін деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *