Жаңа заман талабы жаңашыл мұғалім болу

Жаңа заман талабы жаңашыл мұғалім болу

«Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу»
Ы. Алтынсарин

Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойын- дағы іскерлік қабілетін ашу және шығармашылыққа баулу туындайды.
Ал шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін оны қалыптастыратын мұғалім де шығармашыл, дарыны мен таланты ұштасқан, рухани бай бо- луы қажет.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» – деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді.
Орта білім мазмұнын жаңарту курсы бағдарламасының мақсат – мін- деттерін, одан күтілетін нәтижелері толық мағлұмат алдық. Курс бары- сында тиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдері, белсенді оқу, бірлескен оқу, нормативті бағалау, критериалды бағалау. Білім кеністігінде болып жатқан жаңалықтарды үнемі назардан тыс қалдырмай, жаңашыл оқыту- шылардың іс-тәжірибесін мүмкіндігінше дұрыс пайдалану, ой елегінен өткізіп, тиімді әдіс тәсілдерді дұрыс таңдап оны мейлінше менгеру ас қа- жет болып табылады. Жаңартылған бағдарламаны қолдана отырып ин- форматика пәнінен қысқа мерзімді жоспар жасадым. Бұл жоспар оқушы- лардың өзіндік ой пікірінің дамуына септігін тигізеді. Жаңартылған оқу

бағдарламаларындағы оқушыларды бағалаудың түрлері: қалыптастыру- шы, бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық бағалау. Білім алушы- лардың өзіне деген сенімділігін артады.
Блум таксономиясы, Сократтық семинар, Панельдік дискуссия, Мо- дерация әдісі, SWOT– талдау «Кинометафора» әдісі, «Екі жақты күнде- лік» тағы басқа көптеген жұмыстың нәтижелігімен тиімділігін арттыра- тын әдістермен қоржынымыз толықты.
Курс барысында жүргізілген жаңаша оқытудыңәмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, білім алушыларды тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау баршамыздың да басты міндетіміз еке- нінде түсіндік.
Шығармашылыққа жетпей тұрып, шебер педагог болуы мүмкін емес. Ол мұғалім ізденісінің нәтижесі, оның ақыл – ойының көрінісі. Шығар- машылық-әр ұстаздың дара қасиеті.
Шығармашыл, рухани бай педагог өзінің педагогтік шеберлігін де ұтымды пайдалана біледі. Олай болса, рухани бай мұғалім – қай бағытта да табысты болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *