Жаңа заманда– жаңа білім

Жаңа заманда– жаңа білім

Мұғалім – ең қажетті, ең маңызды мамандықтың бірі. Ұстаз-жас ұр- пақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тап- сырытын сенімді өкілі. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы баты-

ры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.
Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген. Сондықтан қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ой- лауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзыр- лы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс. Ал ұстаздың алдында «Білім беру ммазмұнын жаңарту үшін не істеуім қажет?» деген сұрақ туындайды. Осы сұрақтарға жауап беруде педагогикалық шеберлік орталығы мен Назарбаев зияткерлік мектебі өткізіп жатқан «Педагог кадрларды даяр- лайтын колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру курсының» ма- ңызы өте зор. Курс барысында ұстаздар жаңа сападағы мамандарды дай- ындау мемлекеттік білім беру стандартымен, бағалау жүйесімен және оқу бағдарламаларымен, оқыту жүйесімен, кәсіби даму және оқу ортасымен тығыз байланысты екендігіне көз жеткізді. Тиімді оқыту және оқу тәсіл- дері, Белсенді оқу әдістерін қолдану, Саралап оқыту тәсілдерін қолдану, Критериалды бағалау жүйесі туралы жан-жақты ақпарат беріліп, ұстаз-
дар көптен шешімін таба алмай жүрген сұрақтарына жауап алды.
Өз басым ВУКА, ЖАДА, скаффолдинг, Блум таксономиясы, крите- риалды бағалаудың принциптері, қалыптастырушы және жиынтық баға- лау терминдерімен жақын таныстым. Бұл терминдерді бұрын да талай ес- тігенмін, бірақ осы курста олардың ерекшеліктерін, қолдану аясын алғаш рет нақтылап, саралап түсіндіріп берді.
Қазіргі таңда ұстазға да, ата-анаға да қиындық, түсінбеушілік туды- рып жүрген – қалыптастырушы және жиынтық бағалау мәселесі. Бұл сұ- рақты да жан – жақты қарастырып, тәжірибемізден өткізіп, өзімізге қа- жетті ақпаратты ала алдық.
Қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бой- ынша менің түсінгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа

жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу ше- берлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шық- пақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *