Жаңа білім кемел келешек кепілі

Жаңа білім кемел келешек кепілі

«Егер адам білімге жүгінбесе, ол өмірінің
соңына дейін ақсап жүреді»
Платон Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет» деп атап өт- кендей еліміздегі орта білім саласындағы жаңартылған мазмұнға көшу қазіргі заман талабына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Осыған байла- нысты педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының оқы- тушыларын орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті же- тілдіру курстарынан өткізу қазіргі қоғамның сұранысы болып табылады. Жоғары оқу орнының оқытушы ретінде бұл курстың бізге берері мол деп ойлаймын. Бірінші күннен бастап курстың бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен танысып, курстың біз үшін маңыздылығын түсіндім. Курс басталған күннен бастап тренеріміз Абай Батырұлы алдымызға нақты мақсаттар қойып, қазіргі кезеңдегі орта білім жүйесінде болып жатқан өзгерістер қалай жүзеге асып жатқандығын баяндаудан бастап, осы жол-
дағы өзінің тәжірбесімен бөлісті.

Бұл курстың аясында біз, орта білім жүйесіндегі қазіргі кезеңдегі маңызды құжаттармен таныстық. Оқу бағдарламасындағы оқу пәнінің жүктемесімен, бөлімдермен, әр сыныпқа берілген оқу мақсаттарының жүйесімен танысып, осының негізінде орта және қысқа мерзімді жоспар- лардың құрылымын қарастырдық. Мектеп мұғалімі үшін сапалы сабақ өткізуде дұрыс қойылған мақсат пен қысқа мерзімді жоспардың рөлі өте зор. Студенттерімізге осы құжаттардың орта білім беру саласындағы ма- ңыздылығын жеткізе білуіміз қажет деп ойлаймын. Сонымен қатар қа- зіргі кездегі орта білім жүйесіндегі бағалау түрлерін қарастырып, курс барысында ой елегінен өткіздік. Бұнымен қоса, қазіргі таңдағы сапалы, оқушыларды шығармашылыққа, функционалдық сауаттылыққа жетелей- тін белсенді әрі тиімді әдіс-тәсілдермен курстың аясында бір-бірімізбен бөлістік. Қысқа мерзімді жоспар құру жолдарын, оқушыларға берілетін тапсырмаларға дескриптор құру, тиімді кері байланысты қамтамасыз ету, саралау, жаңа технологияларды қолдану жолдарын игердім. Осы алған білімдерімізді түрлі әдістер арқылы күнделікті ортаға салып, талқылап, тұжырым жасап отырдық.
Жалпы, қорыта айтатын болсам, болашақ тарих пәнінің мұғалімін даярлауда, оларды өз ісінің шебері етуде курстың менің тәжірибеме пай- дасы өте зор болады деп айта аламын. Жаңартылған білім беру бағдар- ламасы туралы толық, теориялық, практикалық жағынан нақты ақпарат алдым. Кемел келешек жастардың қолында болғандықтан біздер оқыту- шылар қауымы білім және ғылым жолында үнемі ізденісте болып, заман талабына сай білім алудан жалықпауымыз қажет. Сонда ғана біздер жар- қын болашаққа жете аламыз. Осы курстың барысында алған білімімді өз шәкірттеріммен міндетті түрде бөлісемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *