Жаңашыл ұстаз – қоғам талабы

Жаңашыл ұстаз – қоғам талабы
«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізде озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс… »
Н.Ә. Назарбаев Бүгінде тек жеке адам ғана емес, сонымен қатар ұлт өзінің бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, табысқа жетуге мүмкіндігі бар. Ертеңгі күннің ерекшелігі – адамның бәсекеге қабілеттілігі ұлт табысының фак- торы болып табылатынында. Сондықтан кез келген қазақстандық, әрине зиялы қауым, ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы қажет. Міне, білім әлемді өзгертті. Білім адамға үлкен қашықтықтарға саяхат жасауға, өлім ауруларынан емделуге, үлкен ауыр заттарды жылжытуға, мұхиттар-
ды түптеуге, ауада ұшуға мүмкіндік берді.
Ежелгі грек философы, логиканың негізін қалаушы Аристотель:
«Шынайы білім адамның қуанышымен бірге жүреді. Білімді меңгеру процесі және оларды практикада қолдану қабілеті адамды біртұтас және бақытты етеді. Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды. Мен шын мәнінде бақытты, үйлесімді дамыған адам басқаларға саналы түрде зиян келтіре алатынына сенбеймін» деді.
Мен, болашақтың жас буынын ілгері жетелейтін жас мамандарға бі- лім және тәрбие беріп отырған мұғалім ретінде, қазіргі заманғы иннова- циялық тәсілдердің кең спектріне бағдарлану қажеттігін терең түсінемін. Егер мұңалім тез өзгеретін әлем жағдайларына өзі дайын болмаса, бұл міндетке қол жеткізу мүмкін емес.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың дәстүрлі реп- родуктивті стилін еңсеру және студенттердің танымдық белсенділігі мен ойлау дербестігін қамтамасыз ететін білім берудің жаңа дамытушылық,

конструктивтік моделіне көшу, сондай-ақ АКТ-ны пайдалану, зерттеу әдістері, топта және жеке жұмыс істей білу сияқты кең ауқымды дағды- ларды қалау және жастардың қажеттіліктеріне дер кезінде ден қою мін- деттері күн тәртібінен түспеуі тиіс.
Курс барысында мен көп нәрсені білдім. Дәріс беруші Оспанов Ербо- лат Тұрсынтайұлына үлкен ризашылығымды білдіремін. Білім беру маз- мұнын жаңартуды нақты мысалдармен түсінікті жеткізе білуі – бүгінгі жастардың заман талабына сай шыңдалғанының, біліктілігінің сенімді көрінісі. Мен де ұжымдағы әріптестеріме, үзеңгілес еңбек етуді бастаған жас мамандарға жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері, оқытудың жаңа әдістері туралы түсініктерін кеңетуде осы үйренгенімді және тәжі- рибемді бөлісуге тырысамын. Біз бірге одан әрі дамудың ең дұрыс, жаңа- шыл жолын таңдай аламыз және қабілеттіміз.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Инемен құдық қазғандай, қиын да күр- делі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл»-дегендей болашақ ұрпақты білім нәрімен сусындатып тәрбиелеу ұс- таздың қолында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *