Жаңашыл ұстаз – уақыт талабы

Жаңашыл ұстаз – уақыт талабы

«Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»
Ахмет Байтұрсынов

ХХI ғаcырдағы колледждiң мақcаты – жаc жеткiншектердi жауап- кершiлiгi жoғары, параcатты, адамгершiлiк мәдениетi қалыптаcқан, өмiр- ге икемдi, ұлтжанды тұлға етiп қалыптаcтыру бoлып табылады.
Бiлiм қoғам өмiрiнде қай заманда да маңызды рoль атқарған. «Бiлiмдi мыңды жығар» деген бабаларымыз аcылын ардақтап, данышпандарын

аялай бiлдi, кең байтақ жерiмiздi бiзге мұра етiп қалдырды. Жаһандану үрдici жалпақ әлемге қанат жайып келедi. Ақпараттық технoлoгиялар тез дамып, өңiрiмiздiң өзегiне айналуда. Заман талабын дұрыc ұғынып, балаларға cапалы бiлiм беретiн ocы заманғы бiлiм беру жүйеciн жаcап, үлгермеcек мүмкiндiктi жiберiп алып, көш coңында қалып қoю қауiпi де жoқ емеc. Білім беру жүйесіндегі осындай өте ауқымды өзгерістердің бірі
– жаңартылған білім беру мазмұны болып табылады. Әрине кез-келген жаңашылдық көпшіліктің көңіліне күдік пен күмән ұялатпай қоймайды. Астана қаласына аттанарда да менің бойымда бір-бірімен таласқан күдік пен үміт деп аталатын екі ой болды.
Міне, Астана қаласына да келдік. Педагогикалық шеберлік орталы- ғына Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әріптестеріммен таныстым. Арамызда тәжірибесі мол ұлағатты ұстаздар да, өмір тәжірибесін жаңа бастаған жас педагогтар да бар. Бізді оқу кабинетінде тренеріміз қарсы алды. Өзін Абай Асқарұлы деп таныстырды. Алғашында бір-бірімізге ашыла қоймағанмен бір-екі күн ішінде кәдімгідей үренісіп қалдық. Абай Батырұлы бір көрінгеннен-ақ бәрімізді ашықтығымен, танымдығымен баурап алды. Ең бастысы ол нағыз рухани бай екендігін көрсетті. Жаңар- тылған білім мазмұнын тек қана жалаңаш ақпараттармен ғана емес, өз өмірінен және іс-тәжірибесінен нақты мысалдар келтіре отырып жеңіл, ыңғайлы тілмен жеткізе білді. Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары, бағалау жүйесі туралы құнды білімге ие болдық деп айтуға негіз бар.
Әрине, екі аптада алған білімім арқылы жаңартылған білім мазмұ- нына баға беру мүмкін емес. Дегенмен де алғашында бойымды кернеген күдік нөсерден кейінгі тараған бұлт секілді бірте-бірте сейіліп, үмітім қа- лың тоғайды қақ жарған соқпақ секілді сенімге айнала бастады. Себебі уақыт өте критериалды бағалау жүйесі үйреншікті дағдыға айналатына күмән жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *