Жаңашыл ұстаз – болашақтың тірегі

Жаңашыл ұстаз – болашақтың тірегі

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында: Білім және кә- сіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдарында берілген.
Осы орайда, педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындары- ның оқытушы-профессор құрамының біліктілігін арттыру курсының оқу материалдары орта білім беру мазмұнын жаңарту материалдарына негіз- делген.
Бағдарламаның мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу шеңберінде ОПҚ-ның педагогика- лық шеберлігін жетілдіру.
Мұнда жаңартылған оқу бағдарламаларының мақсат-міндеттерімен, құрылымы және мазмұнымен таныстым, жаңартылған оқу бағдарламала- рына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын түсіну мен қолдануды игердім, критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуді меңгердім, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламаларының мақсат-міндеттерімен, құрылымы және мазмұнымен таныстым, жаңар- тылған орта білім беру мазмұнын оқу процесіне енгізуге байланысты бі- лік, дағдыларын қалыптастыруды меңгердім.
Әр оқушы жеке тұлғалық және іс-әрекеттік ерекшеліктерге, яғни, тума қабілеттердің, интеллектуалдық іс-әрекеттің, когнитивті стильдің, талап қою деңгейінің, өзін-өзі бағалаудың, жұмысқа қабілеттілік ерекше- ліктеріне; іс-әрекетті орындау ерекшеліктеріне (жоспарлау, ұйымдастыру, дәлдік және т.б.) ие. Әр оқушы өз іс-әрекетінің, соның ішінде оқу іс-әре- кетінің өзара әрекеттестік стилімен, оған деген қатынасымен, оқытылуға жарамдылығымен сипатталады.

Сонымен, нақты оқу үрдісінде білімнің белгілі бір «түйіндерін»,
«жинағын» – пәнаралық байланыс негізіндегі оқыту тақырыптарын оқу арқылы ғылымның жетекші идеялары мен жетекші идеяға айналған оқу пәндерін игеруге болады. Оқу пәнінің жетекші идеяларын анықтайтын ғылым идеялары қоғамның түрлі идеяларына ие болған себепті, оларды пәнаралық байланыстың пәнішілікпен және курсішілікпен үйлесімі есе- керіліп оқу материалы жан-жақты ашылады. Оқу материалдарын түсінді- руде сергіту сәтті мен әзіл-сықақ айтуға болады, бірақ шамадан аспаған жөн; өзара (диалогтік) оқытуды кең қолданумен, оны бағыттау игерілді. Өзара оқыту педагог қалыптастыра алмайтын сапаларды қалыптастыра- ды, оқушыларды оқу материалын есте сақтай білуге және өз тәжірибесін- де қолдануды үйретеді. Қарым-қатынаста ең маңыздысы – кімдікі дұрыс (қарсыластық қарым-қатынас негізінде) деп, түсіну емес, өзара көмек көрсету, мәселені шешуде өзара бағыттау, білімді, мәліметті, пікірді бе- кіту және байыту болып табылады. Қарым-қатынастың нәтижелілігі кері байланыс құра білу іскерлігіне байланысты. Кері байланыс көрсеткіште- ріне оқушылардың қабылдаған ақпараттарға реакцияларын, яғни жауап- тарын, көңіл-күйлерін, сезімдерін, эмоцияларын жатқызуға болады. Кері байланыс оқытушының әрекетін ынталандырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *