Жаңашыл мұғалім болу – заман талабы

Жаңашыл мұғалім болу – заман талабы

«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Н.Ә. Назарбаев ХХІ ғасырда біздің елімізде ғаламдану және жаһандану үрдісі қар- қынды жүріп жатыр. Осы үрдісті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор рөл атқаратыны сөзсіз. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Халықты халықпен теңестіретін нәрсе – білім», – деп атап көрсеткендей, қай елдің болсын өркендеп өсіп-өнуі сол елдің білім деңгейі мен даму жүйесіне байланысты. Іргесі нық қаланған мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақтың бойына білім нәрін себуші – ұстаздар. Мұғалім мен оқушының арасындағы негізгі бас- тамалардың барлығы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Жаңа техноло- гияны меңгеру мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру мұғалімнің кәсіптік шеберлігіне байланысты. Заман талабына сай білім беру үшін мұғалім өзі үздіксіз ізденісте болуы қажет. Абай Құнанбайұлы «Сен де бір кірпіш дү- ниеге кетігін тап та, бар қалан» деп бекер айтпаған. Ұстаздық жолды таң- дауымда, болашақ ұрпақты білім нәрімен сусындатып, өз өмірінде жолын тауып, кірпіш болып қалануына көмегім тисе дедім. «Ұстаз – кеме, білім – теңіз» демекші әр ұстаз атына сай, білімді де жан-жақты, білген-түйгенін шәкірттеріне түсіндіріп, ақылын айтып отыру керек. Сондықтан да, ұс- таздар қауымы білімін жетілдіріп, жаңа инновациялық технологияларды
меңгеріп, біліктілікті арттыру курстарына барып тұруы қажет.
Бүгінде ұстаздар қауымы жаңа заман талабына сай білімін жетілді- руді қолға ала бастады. Менің осы курсқа келу мақсатым: білмегенімді

үйреніп, жоғары оқу орнына барғанымда студенттер қауымына элективті пәндерді оқытуда, Тарихты оқыту әдістемесі сабағында, Бағалаудың өл- шемдік технологиялары сияқты пәндерден дәрістер оқығанымда қазіргі кездегі оқу үрдісінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді меңгеріп, жан-жақты түсініп, белсенді оқыту, кері байланыс, сыни тұрғысынан ойлау, топтық жұмысты өз тәжірибеме қолдану. Жас мамандарға көмектесіп, оқу – әдіс- темелік кешен жасау барысында осы аталған элементтерін пайдаланып, дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізуде көмегін тигізеді. Бұрынғы дәстүрлі әдістер мен қазіргі оқыту жүйесіндегі заманауи технологиялық әдіс-тәсілдерді салыстырып, жүйелеп, зерттеп, талдап, өз сабағыма, пәні- ме керекті материалдарды қолданамын. Сондай-ақ, өзіммен бірге қызмет жасайтын әріптестеріме жан-жақты талқылап, түсіндіріп, семинар-тре- нинг, коучингтер өткізіп, олардың қойған сұрақтарына жауап беремін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *