Жаңашыл мұғалім болу-жаңа заман талабы

Жаңашыл мұғалім болу-жаңа заман талабы
«Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу»
Ы. Алтынсарин Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім

беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісінде. Ал жаңа формация мұғалімінің ең басты талабы оның адами-рухани құндылығы. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлай- ды, ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды», демекші ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетіл- дірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Ал жас тұлғаға білім беріп, тәрбиелейтін, дамытатын, әрине – ұстаздар қауымы. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есей- ген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білік- ті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Мұғалімнің кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің дамуының алғышарты болып табылады. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педа- гогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагности- ка қоя білетін іскер мұғалім қажет.
Осы мақсатқа жету барысында курс барысында алған біліміміз көп көмегін береді деп ойлаймын. Оқытушы өзінің алдына нақты белгілі бір мақсатты қойып, соған жету жолында барынша талаптанса, жетістікке жетері сөзсіз. Білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтарды үнемі на- зардан тыс қалдырмай, жаңашыл оқытушылардың іс-тәжірибесін мүм- кіндігінше дұрыс пайдаланып, ой елегінен өткізіп, тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, оны мейлінше меңгеру аса қажет болып табылады. Эко- номикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқу- шылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғыр- лық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.
Курс барысында жаңартылған білім беру мазмұнының негізінде жасалған оқу бағдарламаларын меңгере отырып оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі арқылы: білімді функционалдық және шығарма- шылық қолдана алатын, сын тұрғысынан ойлайтын, зерттеу жұмыста- рын жүргізіп, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдала-

на алатын, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолданып, топпен және жеке дара жұмыс істей алатын, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдай алатын кең ауқымды дағдыларын дамыған ТҰЛҒА даярлауға негіз болатындығымызға сенімдімін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *