Жаңашылдыққа бейім ұстаз

Жаңашылдыққа бейім ұстаз

Талабы ерекше, талғамы жоғары ұрпақты тәрбиелеу тек ата-ананың мақсаты емес, сонымен қатар білім дарытатын әрбір мұғалімніңде өмір- лік ұстанымы. Осы ұстанымды мақсат еткен мұғалім қоғаммен бірге да- мып, зымырап жатқан уақытқа ілесіп, жаңашылдыққа бейім болу керек. Әр мұғалім уақыт өте шеберлігін шыңдап, аянбай жұмыс атқарса жас ұр- паққа берген білімі нәтижелі болары анық.

Жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушыларын біліктілі- гін арттыру курсының заманауи педагог даярлаудығы рөлі ерекше. Мен курстан өту барысында жаңартылған білім бағдарламасының мақсат- міндерттері, құрылымы, мазмұнымен толық танысу арқылы жақсы тү- сінік қалыптастыра алдым. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша педагогикалық әдіс-тәсілдерді үйреніп және өз іс-тәжірибиемде жүзеге асырудың жолдарын ұғындым. Тиімді оқыту, белсенді оқыту әдістері, са- ралап оқыту тәсілдерді қолданып, сын тұрғысынан ойлауды үйрету оқу- шының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыруына, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда үлесі зор. Сонымен қатар, бұл тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы мұғалім өз тәжірибесін одан әрі жетілдіре түс- пек. Сабақ өткізу барысында инновациялық технологияларды сабақпен байланыстырып, тиімді пайдалану оқу үдерісінің негізгі әдіс-тәсілдері болып табылады және де мұғалімнің кәсіби шеберлігінің көрінісі деуге болады. Мектеп мұғалімдерінің басшылыққа алатын оқу жоспары, онда- ғы сабақ мақсаттарын дұрыс түсіну, сол мақсаттар бойынша бағалау кри- терийін жазу, критерийлерге лайықты тапсырма жасап оған дескриптер құру және қалыптастырушы, жиынтық бағалау үдерісі жайлы алынған білімді өз дәрежесінде пайдаланамын деген ойдамын.
Педагог мамандарды даярлайтың әдіскер ретінде, жаңартылған оқу бағдарламасына көшкен мектептердің ішкі жағдайларымен толық таныс болып, оқытқан шәкірттеріміз педагогикалық іс-тәжірибеден сүрінбей өткізу біздің міндетіміз. Сол үшінде, мектеп мұғалімдерімен қатар ЖОО оқытушылары жаңартылған оқу бағдарламасын толық танысып, меңгер- ген болу керек.
Жаңартылған оқу бағдарламасы әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, шығармашылығын шыңдауына, ізденушілігін дамытып, өздеріне деген сенімін, білім мен ғылымға ынтасын арттырады. Білім саласында- ғы бұл жаңашылдық – еліміздің дамуында, алдынғы қатарлы мемлекет- тер арасында болуының бірден-бір сатысы боларына сенімдімін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *